Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 маусымдағы №81-vі қРЗ


-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі заңдылықтың сақталуын қадағалау



бет6/21
Дата15.09.2022
өлшемі46.1 Kb.
#460786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Прокуратура туралы заң

11-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі заңдылықтың сақталуын қадағалау
Прокуратура қылмыстық-процестік заңнамада айқындалған өкілеттіктерге сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады.
12-бап. Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі және жасырын тергеу әрекеттері заңдылығының сақталуын қадағалау
1. Жедел-іздестіру қызметі және жасырын тергеу әрекеттері заңдылығының сақталуын қадағалау қылмыстық-процестік заңнамада, осы Заңда, "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Бас Прокурордың актілерінде және онымен келісілген құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қарсы барлау қызметі заңдылығының сақталуын қадағалау "Қарсы барлау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Бас Прокурор мен қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор:
1) заңнамада белгіленген жағдайларда жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының жүргізілуін санкциялайды, оларды жүргізудің заңдылығын, сондай-ақ жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудің заңдылығын тексереді;
2) жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуіне бастамашылық жасайды;
3) заңдылықты, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтар анықталған кезде, жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтатады;
4) заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
13-бап. Қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын қадағалау
Заңды күшіне енген сот актілерін қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор заңда белгіленген тәртіппен және шекте:
1) соттан сот актілері заңды күшіне енген қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, сондай-ақ үкімнің орындалу мәселелері бойынша материалдарды сұратады, қабылданған актілердің заңдылығын зерделейді және негіздер болған кезде оларға наразылық білдіреді;
2) заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтінішхаттарды қарайды;
3) заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет