Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 маусымдағы №81-vі қРЗ


-бап. Прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне шағым жасау



бет14/21
Дата15.09.2022
өлшемі46.1 Kb.
#460786
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Прокуратура туралы заң

34-бап. Прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне шағым жасау
1. Прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне жоғары тұрған прокурорға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың әрекеттеріне немесе актілеріне арыз (шағым) бойынша шешім шығарылғанға дейін олардың орындалуын тоқтата тұра алады.
3. Жоғары тұрған прокурор мүдделі адамдардың өтініштері бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актілерінің күшін жоя алады, оларды кері қайтара алады, тоқтата тұра алады немесе өзгерте алады.
Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
6-тарау. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
35-бап. Прокуратура органдарының жүйесі
1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының бiрыңғай жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар (республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары), аудандық және оларға теңестірілген қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған прокуратуралар (әскери, табиғат қорғау, көлік, арнайы объектілер прокуратуралары) құрайды.
2. Прокуратура жанынан прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін ведомстволар, мекемелер, білім беру ұйымдары құрылуы мүмкін.
3. Прокуратура органдарының өз нышандары болады, олардың сипаттамасын Бас Прокурор бекітеді.
4. Прокуратура органдарын, мекемелерін, ведомстволарын, білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың мәртебесі мен құзыретін айқындау заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
36-бап. Бас Прокурор және оның орынбасарлары
1. Бас Прокурорды:
1) Парламент Сенатының келiсуiмен Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге лауазымға тағайындайды;
2) Қазақстан Республикасының Президентi лауазымнан босатады;
3) ол Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi;
4) қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, өз өкiлеттiктерi мерзiмi iшiнде Парламент Сенатының келiсімінсіз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларына, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
2. Бас Прокурордың бiрiншi орынбасары мен орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет