Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет109/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Антидепрессантар. Бҧл топқа моноаминоксидазаның ингибиторлары 
(нуредал, инджопан), әртҥрлі химиялық заттардың ҥшциклдық туындылары 
(имипрамин, тримепрамин, анафранил, фторацизин, азафен, триптизол, 
нортриптилин,, амитриптилин), тетрациклдық препараттар (лудиомил, 
пиразидол, инказан), бензепин туындылары (новерил, инсидон) жатады. 
Антидепрессанттардың психотропты белсенділік спектрі олардың негізгі 
қасиеттерінің қосылысы арқылы қҧралады: тимоаналептикалық әсері 
(антидепрессанттық әсері), ынталандырушы және седативті әсерлері. 
Тимоаналептикалық әсері депрессивті симптоматиканың редукциясымен 
кӛрініс береді: мҧңды кӛңіл-кҥй, депрессивті сандырақ, психикалық 
анестезия, және де депрессияның соматикалық кӛріністерінің – іш қату, тәбет 
тӛмендеуі. Антидепрессанттардың ынталандырушы эффекті тежелудің 
азаюы, сергектіктің пайда болуы, әрекетке талпыныстың пайда болуы 
арқылы кӛрінсе, седативті әсері – ҥрей, мазасыздық, қорқыныш азаюымен, 
ҧйқының реттелуімен кӛрінеді.
Антидепрессанттардың аталған қасиеттері сандық жағынан әр 
препаратта 
әртҥрлі 
дәрежеде 
байқалады, 
осылайша 
препараттың 
психотропты 
белсенділігінің 
индивидуальды 
профилі 
туады. 
Моноаминоксидаза ингибиторлары (МАО) деңгейі бойынша антидепрессивті 
эффектке жақын ҥлкен ынталандырушы әсер кӛрсетеді; бҧл кезде седативті 
компонент ӛте тӛмен дәрежеде болады. Нәтижесінде МАО ингибиторлары 
ҥрейлі-депрессивті бҧзылыстары бар науқастарда ҥрей және ажитацияны 
кҥшейтеді, 
депрессивті-параноидты 
синдром 
кезінде 
сандырақты 
симптоматиканы 
ауырлатады, 
маниакальды-депрессивті 
психозбен 
науқастардың депрессия фазасынан маниакальды фазаға ауысуына ықпал 
етеді, бірақ тежелген және апатиялық депрессиямен, субдепрессивті 
жағдайдағы науқастарға тиімді әсер етеді. МАО ингибиторлары асқындырған 
бҧзылыстар кезінде амитриптилин тағайындаған дҧрыс. Бҧл препараттың 
тимоаналептикалық (антипсихотикалық) әсері кҥшті, айқын седативті және 
ҥрейге қарсы әсері, әлсіз ынталандырушы әсері бар. Амитриптилинмен 
туыстас 
триптизол, 
айқынырақ 
нортриптилин 
препараттарының 
ынталандырушы қасиеттері айқынырақ. Айқын тимоаналептикалық әсердің 
жеңіл седативті және әлсіз ынталандырушы әсермен бірге жҥруі тӛтциклды 
антидепрессанттар – лудиомил және пиразидолға тән. Бҧл препараттардың 
тепе-тең әсері олардың кӛрсетілім шеңберін кеңейтеді. Пиразидолдың 
холинолитикалық әсер кӛрсетпегендіктен (ол әсер ҥшциклды препараттарға 
тән) оны қолдану шеңбері одан әрі кеңейе тҥседі, нәтижесінде ол қуық және 
ішек атониясымен, қуық асты безі гипертрофиясымен, глаукомамен, 
жҥректің ишемиялық ауруымен, гипертониялық аурумен науқастардың 
жағдайын нашарлатпайды. 
Антидепрессанттардың ынталандырушы қасиеттерінің тӛмендеу 
тәртібі мынадай: МАО ингибиторлары – дезипрамин – нортриптилин – 
имипрамин (мелипрамин, тофранил) – новерил – траусабун – амитриптилин – 
тримепрамин – хлорпротиксен – тизерцин. Ал седативті әсері осыған кері 


~ 178 ~ 
тәртіппен орналасады; седативті әсер хлорпротиксенде (тизерцин әсерімен 
қатар дерлік), тимепраминде айқынырақ, триптизолда едәуір тӛмен, 
протриптилинде, 
нортриптилинде, 
дезипраминде 
және 
МАО 
ингибиторларында анықталмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет