Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі



Pdf көрінісі
бет108/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі 
Психотропты препараттардың кӛп тҥрлілігіне қарамастан олар 5 топқа 
топтастырылады: нейролептиктер, антидепрессантар, транквилизаторлар
психостимуляторлар 
мен 
психодизлептиктер. 
Сонымен 
қатар, 
нормотимиктер мен ноотроптарды жеке топқа бӛледі. Аталған топ 
препараттарын ажырату 1969 жылы Дҥниежҥзілік денсаулық сақтау 
ҧйымының ғылыми тобы ҧсынған жҥйеге сәйкес келеді.
Нейролептиктер. 
Нейролептиктік 
препараттар 
психотропты 
заттардың негізгі тобын қҧрайды. Оған фенотиазин туындылары, раувольфин 
(резерпин және т.б.) препараттары, бутирофенон туындылары (галоперидол, 
триседил), тиоксантендер (хлорпротиксен) тағы да басқа қосылыстар жатады. 


~ 176 ~ 
Фенотиазин қатарындағы препараттарды оның алифатикалық туындылары 
(аминазин, тизерцин, терален), фенотиазиннің пиперазиндік туындылары 
(этаперазин, френолон), пиперидиндік туындылары (неулептил т.б.) 
біріктіреді.
Нейролептиктер әсерінің ең маңызды нәтижесі антипсихотикалық 
эффект болып табылады. Бҧл эффект қозу, мазасыздық жағдайын, 
эмоциональды кҥйзелісті басу және таңдамалы тҥрде - сандырақ, 
галлюцинация, кататониялық және психоздың т.б. кӛріністерін әсерімен 
кӛрінетін препараттың жалпы седативті әсері арқылы қол жеткізіледі. 
Фенотиазиннің алифатикалық туындыларының седативті әсері ӛте кҥшті, 
сондықтан олар орталықтық-босаңсытушы нейролептиктер деген атау алды.
Аминазин мен тизерцин қабылдаған науқастарға әлсіреу, тежелу, кейде 
аффективті блокада дәрежесіне дейін жететін талпыныстардың тӛмендеуі, 
ҧйқышылдық тән. Фенотиазиннің алифатикалық туындыларының бҧл 
қасиеттері психикалық науқастар қозуын басуда жоғары эффект береді. 
Тизерцин депрессивті науқастардың қозуын тежеуде артықшылық кӛрсетеді, 
ӛйткені препараттың ӛзі депрессия шақырмайды және оны кҥшейтпейді. 
Қорқыныш сезімін басуда тизерцин сияқты, бірақ жҧмсағырақ терален 
препараты әсер етеді. Бҧл препараттар ҧйқысыздық, абстиненция 
жағдайында алкогольді мотивацияны басу ҥшін және қҧсуға қарсы, ауру 
сезіміне қарсы қолданылады.
Бҧл аталған әсерлер эффектін басқа да нейролептиктік препараттардан 
табуға болады. Олар алифатикалық туындылармен салыстырғанда ҥнемі 
әртҥрлі дәрежедегі белсендендіруші әсер кӛрсетеді. Бҧл әсер әсіресе 
терапияның бастапқы сатысында және аз мӛлшермен қолданылса айқынырақ 
кӛрініс береді. Галоперидол, стелазин, триседил, мажептил қабылдаған 
науқастарда бастапқы кезеңде кейде жағдайдың ӛткірленуі байқалады, ол 
мазасыздық пен ҥрейдің кҥшеюімен кӛрінеді, бҧл кезде препараттың 
антипсихотикалық әсері кӛрініп ҥлгермей, ынталандырушы әсері басым 
болады. Мажептил мен триседил сияқты препараттарды қабылдағанда 
науқастар белсенділігі тітіркенгіштікпен және эксплозивті реакциямен 
кӛрінеді. Жағдай емге аминазинді қосқанда тҧрақтанады.
Нейролептиктермен курстық емдеу олардың негізгі қасиеттерін ескере 
отырып жҥргізіледі. Фенотиазиннің алифатикалық туындыларының 
орталықтық-босаңсыту 
әсері 
болғандықтан, 
оларды 
кҥшті 
қозу 
жағдайындағы науқастарға тағайындаған дҧрыс; ступор, апато-абулиялық 
жағдайдағы науқастарға оның әсері жоқ. Шизофренияның қарапайым 
формасымен науқастарға аминазинді тек уақытша, симптоматикалық ем 
ретінде ғана тағайындайды. Кейін басқа препараттарға кӛшу қажет. Егер 
нейролептиктерді антипсихотикалық әсерлерінің кҥші бойынша салыстырса, 
онда препараттар қатары былай орналасар еді: аминазин – трифтазин – 
галоперидол – триседил – мажептил. Антипсихотикалық әсері бойынша 
аталған аминазиннен мажептилге дейінгі препараттар жалпы және таңдамалы 
белсенділіктері бойынша ӛсе тҥседі.


~ 177 ~ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет