Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет112/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Психодизлептиктер (басқаша айтқанда психотомиметикалық заттар
галлюциногендер). Оған лизергин қышқылының диэтиламиді – ЛҚД (ЛСД), 
мескалин, псилоцибин және т.б. жатады. Дәрілер ғылыми мақсатта, 
психотикалық жағдайлардың моделін жасау ҥшін қолданылады, науқастарды 
емдеуге пайдаланылмайды.
Литий тұздары. Кӛбінесе литий карбонаты, кейде оксибутират және 
т.б. қолданылады. Негізгі кӛрсетілімдері – маниакальды қозуды басу, және 
маниакальды-депрессивті психозбен науқастардағы аффективті және 
шизоаффективті ҧстамалардың профилактикасында, рекуррентті немесе тон 
тәрізді шизофрениямен науқастарда қолданылады. Литий тҧздары басқа ем 
тҥрлері нәтижесіз болған кезде эффект береді. Науқас қанының 
сарысуындағы литий қҧрамына бақылау жҥргізген жағдайда тәулігіне 0,3-2 г 
болуы керек. Литий концентрациясы 1 мэкв/л жеткенде, бірақ 1,6 мэкв/л 
жоғары болмағанда ем тиімді болады. Ем ҧзақ уақыт жҥргізілуі қажет – 
айлар, жылдарға созылады. Жоғары шӛлдегіштік және тремор – препараттың 
шамадан тыс қабылданғанының алғашқы клиникалық белгілері.
Шокты емдеу әдістері 
Тырысулық терапия. Тырысулық терапияны психиатрияда 1935 
жылдан бастап қолдана бастады. Әдістің авторы венгерлік психиатр Медуна 
шизофрения 
мен 
эпилепсия 
сыйыспайды, 
эпилепсиялық 
бастама 
шизофрениялық симптоматиканы ығыстырып шығаруы керек деген пікірді 
ҧстанды. Ол уақытта сана жоғалуымен эпилептиформды ҧстамалар 
камфораны кӛп мӛлшерде бҧлшық етке енгізумен (майдағы 10-нан 40 мл-ге 
дейінгі 20% ерітіндіні) шақырылды, кейін – тамырға коразолдың 10% 3-5 мл 
ерітіндісін енгізу арқылы шақырды. Медикаментозды тырысулық терапия 
әдісінің кемшілігі конвульсант мӛлшерін анықтау қиындығы: мидың 
тырысулық дайындығы жылдам ӛзгереді,препарат мӛлшері жжеткіліксіз 
немесе шамадан тыс болып, бір немесе бірнеше ҧстамалардың немесе 
эпилепсиялық статус дамуымен улану белгілері пайда болуы мҥмкін. 1937 
жылдан бастап электро тырысулық терапия (ЭТЖ) қолданыла бастады. Бҧл 


~ 182 ~ 
әдісті Черлетти ҧсынды. Кернелісі 60-тан 130 Вт дейінгі 0.3-0.9 с 
экспозициямен ауыспалы тоқты қолданады. Электродтарды самай маңайына 
орналастырады, эпилептиформды ҧстама тоқтың әсіренен кейін бірден 
дамиды. Емдеу курсы 1-3-тен 12-15 тырысулық ҧстамаға дейін болуы 
мҥмкін.
Электро тырысулық терапияны қолдануға кӛрсеткіштер созылыңқы 
(бір жылдан артық) депрессивті жағдайлар, терапияға резистентті ступор 
жағдайлары, гипертоксикалық шизофрения ҧстамалары болып табылады. 
ЭТЖ соматикалық аурулары жоқ науқастарға тағайындалады. Емдеу 
алдында науқасты терапевт толық тексеруі керек, қажет болған жағдайда 
тірек-қозғалыс аппаратының дертін жоққа шығару ҥшін хирург тексеруінен 
де ӛтуі керек. ЭТЖ кӛмегімен депрессивті ҧстаманы тоқтатып қана қоймай, 
ауруды қолайлы бағытқа ӛзгертуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет