Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет111/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Психостимуляторлар. Ынталандырушы әсері бар препараттар ӛзінің 
химиялық қҧрылымы бойынша әртекті. Психиатриялық тәжірибеде оларды 
қолдану шектеулі, ӛйткені психикалық бҧзылыстардың негізінде жҥйке 
жасушалары қызметінің кҥшеюі емес, керісінше, олардың әлсіреуі жатыр. 
Психостимуляторларды 
қабылдау 
астенизациямен 
бірге 
жҥретін 
қҧбылыстарын аластатады: шаршау сезімі, әлсіздік, гиподинамия, ҧйқы және 
демалыс кезіндегі тершілдік. Психостимуляторлар әсері нәтижесінде кҥш 
ағыны, моторлы белсенділіктің кӛтерілуі, интеллектуальды ҥрдістердің 
жеңілдеуі, кейде эйфория кӛрінеді. Психикалық науқастарда бҧл 
препараттарды қолданудан біраз уақыттан соң, кейде бірден продуктивті 
психопатологиялық симптоматика (сандырақ, галлюцинация) ӛршуі 
байқалады, ҥрей, мазасыздық, тітіркенгіштік, ҧйқы бҧзылысының ауырлауы 
бақыланады. Ең жиі қолданылатын тҥрі ретінде ноотропил (пирацетам), 
сиднокарб, энцефабол, кофеин, женьшень, лимонникті атауға болады. 
Психостимуляторларды нарколепсия, энурез, жиі нейролептиктермен ҧзақ 
емдеу нәтижесіндегі адинамияға қарсы, соматикалық, церебральды-
органикалық және басқа да себептерден туындаған невроз және невроз 
тәрізді жағдаймен науқастардағы гипостения қҧбылыстарын жоюда, 
шизофрениямен науқастарда апатиялық постпроцессуальды жағдайларда 
және терапияға резистенттілікпен монотонды ағымдағы симптоматиканы 
ыдыратуға қолданылады. Бҧл препараттар интеллектуалды-мнестикалық 
тӛмендеуі бар егде жастағы адамдардар реабилитациясы ҥшін тиімді.
Психофармакологиялық терапияның жанама әсері мен асқынулары 
әрқашан кездеседі. Жанама әсер препарат әсерінің негізгі механизмінің 
кӛрінісі, ал асқынулары – жанама әсерлердің жайсыз салдары. Мысалы, 
аминазиннің адренолитикалық әсері бар. Егер осы әсері мида ретикулярлы 
формация деңгейінде ӛтсе, онда импульсацияның бір бӛлігі тежеліп, науқас 
тыныштанады (негізгі психофармакологиялық эффекті, егер ол қантамыр 
деңгейінде 
болса 

ортостатикалық 
қҧбылыс 
дамиды 
(жанама 
фамакологиялық әсері). Бҧл кезде науқас қҧлап, бас-ми жарақатын алуы 
мҥмкін (асқынуы). Жанама әсерлер мен асқынулар соматикалық, 
неврологиялық және психикалық болуы мҥмкін.
Соматикалық жанама әсер ретінде ауыз қуысы мен мҧрындағы 
қҧрғауды, әсіресе нейролептиктермен емдеудің бастапқы сатысында 
мҥшелердің қанмен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігіне компенсаторлы 


~ 180 ~ 
реакция ретіндегі ортостатикалық коллапс, артериальды гипотония, 
тахикардия және т.б. атауға болады (бҧлар аминазин және тизерцинмен 
емдегенде айқын кӛрініс береді). Аталған қҧбылыстардың барлығы дәрі 
мӛлшерін азайтқан кезде тӛмендейді. Жиі сҧйықтық қабылдау (бір-екі 
жҧтым), ауызды және мҧрын кілегей қабықтарын шабдалы не зәйтҥн 
майымен жалату, ауызды сумен шаю ҧсынылады. Ортостатикалық 
қҧбылыстар кезінде кофеин, кордиаминді енгізіп, тӛсектен тҧрғызбайды. 
МАО ингибиторлары немесе басқа антидепрессантарды мӛлшерден кӛп 
қабылдаған кезде артериальды қысым кӛтеріліп, жҥректің жиі соғуы, бас 
айналу байқалады. Антидепресантарды қабылдауды тоқтатып, 2-3 кҥн 
тӛсектік тәртіп, тәулігіне 25-50 мг аминазин инъекциясы, витаминді терапия 
жҥргізілуі керек. Психотропты дәрілер асқазан-ішек жҥйесіне де кері әсер 
етіп, гастрит, энтерит, колит, тәбеттің бҧзылуы, гингивит, стоматит 
байқалады. Бҧл аталғандар аллергиялық негізде дамуы мҥмкін. Егер 
аллергиялық 
немесе 
токсико-аллергиялық 
гепатит 
байқалса, 
психофармакологиялық терапияны тоқтату керек. Аллергиялық реакциялар 
терідегі бӛртпелер (есекжем, дерматит, экзема және т.б.), ісінулер, артриттер 
тҥрінде кӛрініс береді. Барлық аллергиялық реакциялар дәрігердің қатаң 
бақылауын талап етеді. Фенотиазиннің алифатикалық туындыларын 
тағайындағанда тромбоздарға бейімділік байқалады, ал нейролептиктермен, 
антидепрессанттармен ҧзақ уақыт емдеу қандағы ӛзгерістерге әкеледі: 
анемия, лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения. Мҧндай патология 
емге салыстырмалы немесе абсолютті қарсы кӛрсеткіш болып табылады. 
Эндокринді ӛзгерістер (менструальды цикл, либидо ӛзгерісі, аменорея, 
гинекомастия, лакторея), кӛру мҥшелері тарапынан ӛзгерістер (аминазин 
немесе тизерцинді ҧзақ қолданғанда миоз, мидриаз, аккомодация бҧзылысы, 
мҥйізді қабат пигментациясы, тиоризадинмен емдегенде ретинопатия) болуы 
мҥмкін. 
Неврологиялық жанама әсерлер экстрапирамидалық қҧбылыстарға 
байланысты. 
Бҧл 
гипокинетикалық, 
гиперкинетикалық 
немесе 
дискинетикалық бҧзылыстар болуы мҥмкін. Гипокинетикалық бҧзылыстар 
паркинсонизм қҧбылыстарымен байланысты және бҧлшық ет ригидтілігімен, 
сіресумен, қимылдың баяулауымен кӛрінеді. Науқастардың бет-бейнесі 
маска тәріздес, кӛз жыпылықтауы сирек, кӛзі кеңінен ашылған, қарашықтары 
тарылған, саливация жоғары, беті майланған,; тремор, қуыршақ жҥрісі 
бақыланады. Гиперкинез бҥкіл дененің бҧлшық еттерін немесе жеке бҧлшық 
ет топтарын, мысалы, тіл, мойын, кӛз айналысындағы және т.б. қамтуы 
мҥмкін. Акатизиялар – бір орында отыра алмау жиі байқалады. Дискинезия 
моторлы криздермен жҥреді (экситомоторлы криздер, торсионды спазм және 
т.б.). экстрапирамидалық бҧзылыстар кезінде негізгі емді корректорларды –
антипаркинсондық заттарды, ноотроптарды бірге тағайындаумен жҥргізеді; 
криздер кезінде кофеин, В тобы витаминдері, седуксен инъекциясы 
тағайындалады.


~ 181 ~ 
Психикалық жанама әсерлер психотропты дәрі-дәрімектердің кӛп 
мӛлшерін қолданғанда пайда болады. Нейролептиктермен емдеу барысында 
нейролептикалық депрессия жиі байқалады. Дәрінің мӛлшерін азайту, 
ноотроптар мен антидепресанттарды тағайындау науқас жағдайын 
жеңілдетеді. 
Ынталандырушы 
антидепрессанттарды, 
әсіресе 
МАО 
ингибиторларын қолдану кезінде депрессия жағдайынан маниакальды кҥйге 
ауысу орын алады, сондықтан нейролептиктер немесе литий препараттарын 
тағайындау қажет болады. Нейролептиктерді антидепрессанттармен, 
стимуляторлармен және антипаркинсондық дәрілермен (барлығын ҥлкен 
дозада) біріктіруде дәрілік делирий дамиды. Емдеуді тоқтатып
дезинтоксикациялық терапия ӛткізу қажет; транквилизаторлар тағайындау 
кӛрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет