Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет114/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Психотерапия
 
Психотерапия науқасқа емдік мақсатта психикалық әсер ету әдісі. 
Психотерапия 
әсіресе 
шекаралық 
психопатологиялық 
жағдайларда 
қолданылады. Ол жеке де және басқа да әдістермен (медикаментозды, 
физиотерапия) қатар қолданылады. Мҧндай әсер тура немесе жанама болуы 
мҥмкін.
Науқасқа емдік мекеменің жағдайы, медициналық қызметкерлердің 
жҥріс-тҧрысы, олардың сыртқы бейнесі, бір-бірімен сӛйлесу әдеті және 
науқастарға қарым-қатынасы, кӛңіл бӛлуі, науқасты мазалайтын сҧрақтарға 
қатысты эрудициясы жанама психотерапиялық әсер етеді. Бӛлімше тәртібі, 
ығыстыру шараларын қолданбау, қарапайым комфорттың болуы, 
науқастарды бос отырғызбау (диагностикалық және емдік шаралар, 
гимнастика, серуендеулер, еңбек терапиясы, ойын-сауықтар) барлығы да 
маңызды болып табылады. Осының бәрі тек науқастарды тыныштандырып, 
сақтық пен кҥдікшілдікті бәсеңсетіп ғана қоймай, сонымен бірге науқастың 
белсенділігін ынталандырады. Диагностикалық және емдік шаралар 
сипатының белгілі бір психотерапиялық маңызы бар, себебі науқастың 
дертке деген дҧрыс қатынасын қалыптастырады. 


~ 184 ~ 
Тура психотерапия сӛзбен әсер ету жолымен іске асады және науқасқа 
тікелей бағытталады. Тура психотерапияны жҥргізу кезінде науқас ояу 
жағдайда немесе гипноздық ҧйқыда болуы мҥмкін. Тура психотерапия 
әдістерінің ішінде рациональды психотерапия, функциональды жаттығу 
әдісін, сергектік, гипноздық ҧйқы жағдайында сендіру, аутогенді жаттығу 
және аналитикалық психотерапияны атауға болады. 
Рациональды психотерапияайқындап, тҥсінікті ету психотерапия 
әдісі. Оның негізгі мақсаты науқастың ӛз дерті жӛнінде қалыптасқан қате 
кӛзқарасын ӛзгерту. Әдістің негізін салушы П. Дюбуа (1913) пікірінше, бҧл 
психотерапия сендіру элементтерінен толық еркін жҧмыс істейді, тек 
науқастың интьеллектіне, оның ақыл-ой жҥйесіне әсер етеді деген. Дюбуа 
науқас пен оның туыстары дәрігерге келіп, дертті жағдайдың ерекшеліктері 
мен оны емдеудің жоспары туралы арнайы оқудан ӛтуі керек деп есептеген. 
Бҧл әдістің жетілуіне В.М. Бехтерев, С.И. Консторум, В.Е. Рожнов сияқты 
ғалымдар да ҥлкен ҥлес қосты. Әрбір дәрігер науқаспен сӛйлескенде оған 
дерт сипаты, пайда болу себептері, жҥргізілетін терапия ерекшеліктері және 
болашаққа болжамы жӛнінде тҥсінікті тілде жеткізуі керек. Осының барлығы 
тек орын алған дертті кҥйді зейінмен зерттегенде ғана емес, науқастың мінез-
қҧлқын, тҧлғалық ҧстанымдарын, ситуацияны тҥсіну дәрежесін дҧрыс 
ескергенде тиімді болады. Бҧл әдіс ипохондриялық жағдайлар, кҥдіктенулер, 
фобиялар - канцерофобия, кардиофобия, сифилофобия, жҥйкелік 
соматовегетативті бҧзылыстар кезінде, жҥйкелік-психикалық бҧзылыстармен 
жҥретін соматикалық аурулар кезінде ӛте тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет