Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет113/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Инсулинді шокты терапия. Бҧл емдеу әдісі инсулинді кома шақыру 
арқылы жҥргізіледі. Әдісті 1935 жылы австриялық психиатр М. Закель 
ҧсынған болатын. Емдік әсерін психикаға инсулиннің тікелей әсері емес, ол 
арқылы туындайтын жағдайлармен (гипогликемия, кома) байланыстырады. 
Бейспецификалық стрессті әсер ету эффекті елеулі рӛль атқарады деп 
есептеледі. Науқастарды соматикалық тексеру тырысулық терапия 
жҥргізгендегідей мҧқият жҥргізіледі, ӛйткені гипогликемия жағдайында жиі 
эпилептиформды ҧстамалар болады. Емдеу әрбір науқасқа сәйкес инсулиннің 
коматозды дозасы негізінде жҥргізіледі. Бірінші кома ҧзақтығы – 5-10 мин 
дейін, кейін – 30-40 мин дейін. Бір ем курсына коматозды жағдай саны – 15-
40. Терапияға кӛрсеткіштер ҧзаққа созылмаған және продуктивті 
психопатологиялық симптоматикамен, ҧстама тәрізді ағымға бейім 
шизофрения жағдайлары болып табылады. Соматикалық және инфекциялық 
аурулар, артық дене массасы терапияға қарсы кӛрсеткіш болып табылады. 
Атропиндік комалармен терапия. Бҧл ем ЭТЖ және инсулиндік 
коматозды терапия сияқты кең қолданыс тапқан жоқ, ӛйткені ол тәжірибеге 
кеш енгізілді (психотропты препараттардың кеңінен қолданысқа енуінен 
бірнеше жыл ғана бҧрын), сонымен бірге бҧл емді жҥргізудің техникалық 
қиындықтары бар. Атропинді сеанстан сеансқа жоғарылай тҥсетін дозаларда 
50-300 мг мӛлшерлерде инъекция тҥрінде енгізеді. Команы физостигмин 
немесе галантаминмен қайтарады. Емдеу курсы 5-15 комадан тҧрады. 
Кӛрсеткіші инсулиндік коматозды терапиядағыдай. Шизофрениялық ҥрдіс 
шеңберіндегі тҧрақты жабысқақтықтар және ритуалдар кезінде тиімді әсер 
кӛрсеткені бақыланған. 
Пиротерапия
 
Жасанды гипертермиямен емдеу әдісі психоздарды инфекциялық емдеу 
талпыныстарынан бастау алады. Психикалық науқастарға емдік мақсатта 
инфекциялық безгек жҧқтыру идеясы ХІХ ғасырдың орыс психиатрлары 
В.Ф. Саблер (40-жылдар) мен А.С. Розенблюмге (1876 ж.) тиесілі. А. С. 


~ 183 ~ 
Розенблюм қайталамалы сҥзек қоздырғышын 22 науқасқа еккен; нәтижесінде 
11 адам жазылып, 3-нің жағдайы жақсарған, 8-нің жағдайы ӛзгермеген. 
Австриялық психиатр Ю. Вагнер-Яурегг 1917 жылы бҧл мақсатта малярия 
екпелерін қолдануды ҧсынады. Ол ҥдемелі салдану ауруы кезінде 
қолданылатын негізгі әдіс ретінде тәжірибеге енді. Маляриотерапия әсер ету 
механизмін 
иммунитетті 
және 
ағзаның 
жалпы 
реактивтілігін 
белсендендірумен, температураның дерт қоздырғышына - бозғылт 
спирохетаға жайсыз әсерімен, микробтық антогонизммен байланыстырды. 
Әдіс сәттілігін оны қолданудың қарапайымдылығы арттыра тҥсті: науқас 
терісінің астына, бҧлшық ет ішіне немесе кӛктамырға ҥш кҥндік маляриямен 
ауырған науқастан алынған 3-5 мл қан енгізіледі. Малярияның 8-10 
ҧстамасынан кейін ҧстама хинин немесе басқа малярияға қарсы 
препараттармен қайтарылды.
Кейін маляриотерапия асқынуларына кҥдіктенгенде гипертермиялық 
реакция тудыру мақсатында сульфозин мен пирогенал тәрізді пирогенді 
препараттар қолданыла бастады. Сульфозин кҥкірттің майдағы қоймалжыңы 
(0,33-3%) болып табылады, бір ретте бҧлшық етке 1-ден 6-8 мл дейін 
енгізіледі. Енгізу жиілігі – 3 кҥн сайын. Бҧл уақыт аралығында науқастың 
температурасы кӛтеріліп (38 градус С және одан жоғары), қайта қалыпқа 
келуі тиіс. Бір ем курсына 6-15 температура ҧстамасы. Сульфозинотерапияға 
кӛрсеткіш тек ҥдемелі салдану емес, шизофрениямен науқастардағы 
психофармакологиялық терапияға резистентілік те бар. Сульфозинотерапия 
стереотипті жабысқақтықтармен, кҥрделі ритуалдармен баяу ағымды 
шизофрения кезінде жақсы нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет