Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Невроз профилактикасы мен сараптамасы



Pdf көрінісі
бет124/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Невроз профилактикасы мен сараптамасы 
Біріншілік профилактика - психикалық жарақатты жою, екінші және 
ҥшінші дер кезінде емдеу, еңбектік ҧсынымдар, тҧлға аралық қатынастарды 
жайластыру, психотерапия. 
Невроздың біріншілік психопрофилактикасы индивидуум ӛмірінен 
жедел немесе созылмалы эмоциональды стресс туғызатын ситуацияларды 
жою. Ол жағдайлар жанҧядағы ӛзара қатынастан, жақын адамдар арасында, 


~ 199 ~ 
жҧмыста және т.б. кездерде пайда болуы мҥмкін. Мҧндай жағдайларда 
алдын-ала болжау әрине қиын. Бірақ олардың дамуын жиі тоқтатуға болады 
және қиын ситуацияға тап болған адамның жҥйкелік дертке шалдығуының 
алдын алуға болады. Егер эмоциональды стресс жоғары психикалық 
кернелісті талап ететін жҧмыс және қызмет жағдайымен байланысты болса, 
онда еңбек пен демалыс тәртібі, кернеліс кҥйін тӛмендететін шаралар 
ҧсынылады. 
Невроздардың екінші және ҥшінші ретті профилактикасы - неврозды 
ерте анықтау және оны тиімді емдеу, терапияға резистентті жағдайда – 
невроздың созылмалы формасымен науқастарды ӛмірге бейімдеу. 
Неврозбен науқастар қабілетті болып табылады. Невроздың созылмалы 
ағымында науқастар ҧзақ уақыт еңбекке қабілетін жоғалтуы мҥмкін, мҧндай 
жағдайда мҥгедектік тағайындалуы керек. Мҥгедектік жиі жабысқақтық 
неврозында беріледі. 
13 Тарау 
РЕАКТИВТІ ПСИХОЗДАР 
 
Реактивті психоздар - психогенді негізді, ӛмірге қауіп тӛндіретін, 
индивидуум сәттілігіне зиян келтіретін факторлар әсерінен дамитын, басым 
психотикалық сипаттағы бҧзылыстар. 
Мҧндай психикалық бҧзылыстар ауыр эмоциональды стресс 
нәтижесінде пайда болады. Психикалық жарақаттың мазмҧны психикалық 
бҧзылыстардың клиникалық кӛрінісінде бейнеленеді (Ясперс триадасы). 
Психикалық жарақат әсері аяқталғанда олар жоғалады. Дегенмен, Ясперс 
триадасының әмбебап мәні жоқ. Ауыр эмоциональді жарақаттан кейін едәуір 
уақыт ӛткен соң психикалық бҧзылыстардың пайда болғаны бақыланған 
(кешіккен теакциялар) және эмоциональды жарақат әсері аяқталғаннан кейін 
де ҧзақ сақталған. 
Клиникалық кӛріністеріне байланысты реактивті жағдайлар жедел және 
созылмалы болып бӛлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет