~ 261 ~
сипатталады. Жиі пароксизмдердің ӛзге тҥрлері бақыланады :абсанстар, кіші
ҧстамалар, қантамырлық- вегетативті ҧстамалар, дистрофиялар.
Сенестопатиялар да жиі байқалады. Тырысулық ҧстамаларынан кейін
бірден сананың қарауытқан кҥңгірттенуі орын алуы мҥмкін.
Астениялық, психопатия тәрізді, пароксизмальды синдромдардың дамуы
регредиентті ағыммен жҥреді, оның жылдамдығы баяу және суреттелген
симптоматика ҧзақ ондаған жылдар бойы бақыланады.
Алыс
кезеңде жарақаттық психоздар бақылануы мҥмкін, олар әдетте
қайталамалы бас-ми жарақаты, улану,
инфекция, психикалық жарақаттарға
байланысты туындайды. Аффективті және галлюцинарторлы-сандырақтық
психоздарды ажыратады.
Аффективті психоздар кезеңдік және бір реттік (сирек)
депрессия
немесе мания жағдайларымен кӛрінеді, бас- ми жарақатының жеңіл және
ауыр дәрежесінің нәтижесі болып табылады. Депрессивті синдром кӛңіл-
кҥйдің тӛмендеуімен, ипохондриялық және дисфориялық симптомдармен
жҥретін жабырқаулықпен кӛрінеді. Мания жағдайында кӛңіл-кҥйдің
кӛтерілуі эксплозивтілікпен, аффективті кҥйлермен, даукестік жҥріс-
тҧрыспен бірге жҥреді. Айқын емес психоорганикалық
синдром белгілері
байқалады. Алғашқы ҧстамалар кезінде сананың кҥңгірттенуі болады.
Аффективті психоздар бас-ми жарақатынан кейін, әртҥрлі мерзімнен
кейін, жиі 10-20 жылдан соң дамиды.
Психоздар әдетте кенеттен экзогениядан кейін (бастың жеңіл жарақаты,
жеңіл инфекциялар және т.б.) пайда болады. Симптоматикасы жедел дамиды.
Психикалық бҧзылыстар диэнцефальды бҧзылыстармен бірге жҥреді. Психоз
3-4 айға созылады, ҧстама ағымы регредиентті тҥрде ӛтеді.
Бас-ми жарақатының ауыр және орташа дәрежесінде
галлюцинарторлы-
сандырақтық психоздар байқалады. Психоз дебютінде
сананың қарауытқан
кҥңгірттенуі немесе вербальды галлюциноз синдромымен делириозды тип
бойынша сана кҥңгірттенуі болады. Әрі қарай клиникасында аффективті-
сандырақтық бҧзылыстар басым болады. Сандырақ әрқашан кҥйзелістердің
нақтылығымен кӛрінеді. Жарақаттық психоздар сандырақтық қызғанышпен
(аса бағалы), даукестік тенденцияларымен кӛрінеді.
Астения әлсіз дәрежеде
кӛрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: