Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Емі, профилактикасы және сараптамасы



Pdf көрінісі
бет170/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

 
Емі, профилактикасы және сараптамасы 
 
Бас–ми жарақаты кезінде ем кешенді болуы қажет және жарақаттан 
кейінгі жағдайға, оның сипатына, жарақаттан кейін қанша мерзім ӛткеніне, 
психопатологиялық симптоматикасына, сонымен қатар неврологиялық және 
соматикалық бҧзылыстарға байланысты қатаң дифференцирленген болуы 
керек. 
Бас–ми жарақатының бастапқы және жедел кезеңдерінде ми ісінуін 
жою, қозу жағдайын тоқтату және психоздың басқа да кӛріністерін жою ҥшін 
белсенді реанимациялық шаралар жҥргізілуі тиіс. Дегидратациялық терапия 
жҥргізіледі, транквилизаторлар қолданылады. 
Бас-ми жарақатының алыс салдары кезеңіндегі психоздар емінде 
дегидратациялық, жалпы қуаттандырушы терапиядан басқа басты 
психопатологиялық 
синдромды 
ескере 
отырып 
нейролептиктер 
тағайындалады. 
Психикалық бҧзылыстардың профилактикасы бас–ми жарақатын алған 
сәттен бастап науқастарға дҧрыс кӛмек кӛрсету болып табылады: 
стационарлау, қатаң тӛсектік режим, белсенді бақылау, дегидратациялық 
терапия жҥргізу, бассҥйекішілік қысымның кӛтерілуі кезінде - жҧлын 
пункциясы, психоздың алғашқы симптомдары пайда болғанда - 
транквилизаторлар мен нейролептиктерді қолдану. 


~ 263 ~ 
Бас-ми жарақатының алыс салдарымен науқастар ҥшін жҧмыс және 
демалыс тәртібін сақтау, психикалық және физикалық зорығу жағдайын 
болдырмау, жылына 1-2 рет дегидратациялық терапия курсын ӛту, жалпы 
қуаттандырушы 
ем, 
интоксикацияның 
декомпенсациялаушы 
факторларының, жалпы аурулардың алдын-алу және болдырмау қажет. 
Психотерапия, тҧрмыста және жҧмыста қажет жағдай туғызу сияқты 
реабилитациялық шараларды кең тҥрде жҥргізу қажет. Еңбекке қабілеттілігі 
шектелген адамдарды жҧмысқа дҧрыс орналастырудың маңызы зор. 
 
Сараптама. Бас миының жарақаттық зақымдануынан кейінгі 
психикалық бҧзылыстармен науқастар жиі заң бҧзушы әрекеттер жасайды. 
Бас-ми жарақатынан кейінгі психикалық бҧзылыстары бар және заң бҧзған 
науқастар қабілетсіз деп танылады және психиатриялық ауруханаларда 
мәжбҥрлеп емдеуді қажет етеді. Психотикалық емес бҧзылыстармен 
науқастар жиі қабілетті болып танылады және ӛздерінің іс-әрекеттері ҥшін 
жауапқа тартылады. Қабілеттілік жағдайын анықтау әр нақты жағдайда сот- 
психиатриялық сараптама жағдайында жҥргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет