Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет217/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Дифференциальды диагностикасы 
 
Эпилепсияны белгілі бір нақты ауру кезінде бақыланатын 
эпилептиформды синдромнан ажырату қажет: ми iсiгi, ми мерезi, ми 
қантамырлық аурулары, энцефалиттер, истреиялық ҧстамалармен жҥретін 
невроздар және т.б.
Эпилепсияны дифференсцациялауды қажет ететін аурулар тобы ӛте кӛп 
- балалық шақтағы спазмофилиядан бастап кәрiлiк жастағы мидың 
атрофиялық және қантамырлық зақымдануларына дейiнгi аралықта. 
Эпилепсияны бҧл аурулардан ажырату ҥшiн клиникалық суреттемесiн 
толықтай қарастыру қажет. Ҧстамалардың шығу тегіндегі айырмашылықтар 
осы ауруды ерте анықтау мен сәйкес ем қолдану ҥшін маңызды. Әртҥрлi 
аурулар кезіндегі эпилептиформды синдромдар бiрдей емес, клиникалық 
кӛріністері, жиiлiгi, дамуы, ҧстама аралық жағдайлардың ерекшелiгiмен, 
басқа да клиникалық және параклиникалық белгiлерiмен ерекшеленеді.
Эпилепсияны бірінші кезекте ми iсiгi кезіндегі эпилептиформды 
синдромнан дифференцациялау керек. Бҧл iсiктерге Джексондық ҧстамалар 
тән (локальды, бҧлшық еттер тобының тырысуларынан басталады, мысалы, 
сол қол немесе аяқтың, дененің басқа бҧлшық ет топтарына таралмайды), 
бҧлар эпилепсия кезiнде кездеспейді. Ми iсiктерiне фокальды пароксизмдер 
тән: дәм сезу және иiс сезу галлюцинациялары, афатикалық бҧзылыстар, бiр 
жақты парестезиялар. Жалпы милық синдромдар, неврологиялық бҧзылыстар 
ми iсiгiнiң клиникалық суреттемесiнен эпилепсиядан ажыратып тҧрады.
Истериялық ҧстама кезінде эпилепсиядан айырмашылығы сана 
толығымен жойылмайды, науқас қоршаған орта тітіркенгіштеріне жауап 
береді, және жиі науқастармен контактқа тҥсу мҥмкін болады. Истериялық 


~ 330 ~ 
ҧстамалар, ереже бойынша, психикалық жарақаттан кейiн пайда болады. 
Ҧстамадан кейiн науқас санасы қалпына келедi, ал эпилепсиядан кейiн кома 
жағдайы, сопор немесе ҧйқыға ауысатын есеңгіреу жағдайы дамиды.
Эпилепсия ҧстамасы кезеңі жӛнінде естеліктер толығымен жойылады, ал 
истериялық ҧстамада олар сақталады. Эпилепсиялық ҧстама кезіндегі 
фазалар ретті болып келеді, ал истериялықта бҧл болмайды. Истериялық 
ҧстама кезiнде науқастың кӛз қарашығының жарыққа әсерi сақталған, 
эпилепсиялық ҧстама кезіндегідей патологиялық рефлекстер байқалмайды. 
Эпилепсия кезінде ЭЭГ-да эпилепсиялық белсенділік белгiлерi, ҧстама 
кезінде – барлық әкетулерде жоғары амплитудалы жиi және баяу тербелiстер, 
пик 
тәрiздi 
толқындар 
болады. 
Ҧстама 
аралық 
кезеңде 
ӛкпе 
гипервентиляциясы жағдайында жедел және баяу толқындар пайда болады.
Арахноидиттер мен энцефалиттер кезінде полиморфты белгiлермен 
кҥрделi фокальды ҧстамалар байқалады. Вегетативтi және вестибулярлы 
бҧзылыстар орын алады. Ҧстамалар жиі дене қызуының жоғарылауымен 
тыныс алу бҧзылуымен жҥреді. Ҧстамалар аса ӛзгермелі келедi. Психикалық 
бҧзылыстар астениялық симптомдармен, жады тӛмендеуiмен, зейін 
әлсiреуiмен, аффективті бҧзылыстармен кӛрініс береді.
Эпилепсияны бас миының цистицеркозынан ажырата бiлу керек, бҧл 
аурудың ҥштен бір жағдайында эпилептиформды ҧстамалар байқалады. 
Цистицеркоз кезіндегі пароксизмдердің клиникалық суреттемесi қҧрылымы 
мен ҧстама басталуына қарай әртҥрлi болып келеді, жиі фокальды ҧстамалар 
кездеседi. Мҧнымен қатар, ми цистицеркозасы кезінде эпидемиологиялық 
анализдiң, 
неврологиялық 
және 
офтальмологиялық 
зерттеулер 
мәлiметтерiнiң маңызы зор. Маңызды дифференциальды-диагностикалық 
критерий ликвордағы цистицеркоз антигенімен компелемент байанысу оң 
реакциясы, аурудың интермиттирлеуші ағымы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет