Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет78/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Әуестіктің әлсіреуі (гипобулия), толық жойылуы (абулия) депрессивті 
жағдаймен жҥреді: тәбеті жоғалады, осының әсерінен тамақтан бас тартады 
(анорексия), сексуальды сезім басылады. Тіпті кҥшті ӛзін-ӛзі сақтандыру 
инстикті тежеледі, нәтижесінде суицидальды қауіптілік жоғарылайды. 
Абулия шизофрениялық дефектке тән немқҧрайдылық (апато-абулиялық 
жағдай) жағдайында кӛрініс береді. 
Тамақтан бас тарту (анорексия) - психикалық аурулар кезіндегі жиі 
қҧбылыс. Тамақтан бас тарту себептері галлюциянациялар (тиым салушы, 
немесе науқас тағамнан жағымсыз иіс сезеді), уландыру, ӛзін-ӛзі кінәләу, 


~ 133 ~ 
ӛзін-ӛзі кемсіту (ӛзін кҥнахар, тамақ жеуге қҧқым жоқ деп санайды), 
ипохондриялық (науқас тамақ сіңбей, қуысқа тҥсіп жатқанына сенімді) 
сандырақ идеялары, негативизм және ступорлық қозғалыссыздық болуы 
мҥмкін. Жҥйкелік анорексия атауы мәлім, толып кету алдындағы 
қорқынышқа байланысты арықтауға ҧмтылу. Осы жағдайлардың барлығында 
тамақтану рефлексі мен ӛзін-ӛзі сақтау инстинкті әлсіреген. Осылайша, 
анорексия біріншілік, яғни тамаққа әуестік бҧзылысымен байланысты, және 
екіншілік, психикалық қызметтің басқа сферасының патологиясы әсерінен 
болады. Тамақтан бас тартқан науқастарды шҧғыл психиатриялық 
ауруханаға жеткізіп, емдеу қажет, ӛйткені бҧл жағдайлар ӛмірге қауіп 
тӛндіреді. 
Суицидальды тенденциялар (ӛзіне қол жҧмсау тақырыбындағы 
ойлар, сӛздер, әрекеттер) галлюцинациялармен (дауыстардың ӛзіне-ӛзі қол 
жҧмсауға бҧйрық беруі), соңына тҥсу сандырағымен (науқас соңына 
тҥсушілерден қорғана мерт болады), ӛзін-ӛзі кінәләу, ӛзін-ӛзі кемсіту (ӛмір 
сҥруге қҧқым жоқ), қызғаныш (сҥйген адамын, артынан ӛзіне ӛлтіреді), 
ипохондриялық сандырақпен (қауіпті, дауасы жоқ аурудан қҧтылу ҥшін), 
айнала фрагментарлы және біржақты болуымен кӛрінетін сана 
кҥңгірттенуімен байланысты болуы мҥмкін. Кең ӛрісті ӛзіне қол жҧмсау 
жағдайлары мәлім, бҧл кезде науқас ӛзін ӛлтіру алдында жақын туыстарын 
ӛлтіреді, науқас оларды алдағы қайғы-қасіреттен, жоқшылықтан қҧтқарып 
жатқандай сезімде болады. Суицидальды тенденцияның кҥшеюі науқасты 
ауруханаға шҧғыл жатқызуға кӛрсеткіш болып табылады. Ауруханаға 
жатқанға дейін науқас қатаң қадағалауды қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет