~ 149 ~
Интеллект жеке, ӛз бетінше психикалық сфера болып табылмайды.
Оны ақыл-ой, танымдық және шығармашылық қызметіне қабілет, білім,
дағды игеріп, тәжірибеде қолдана білу қабілеті ретінде қарастырады.
Интеллект бҧзылуында материалды анализдеуге, жинақтауға, тапқырлыққа,
синтез, абстракцияның ойлық ҥрдісін іске асыруға, тҥсініктер тҥзуге, ой
тҥйіндеуге, қорытынды жасауға қабілеі тӛмендейді.
Алған білім, дағды,
бҧрынғы тәжірибесін жетілдіру және оларды қызметте қолдану мҥмкіндігінің
жеткіліксіздігі байқалады. Интеллект бҧзылуының негізгі синдромдары –
ақыл әлсіздігі мен кемақылдық.
Ақыл кемдігі (деменция) – патологиялық ҥрдіс ықпалымен
шақырылған тҧрақты, орнына келуі қиын интеллектуальды қабілеттілік
жоғалуы, бҧл кезде әрқашан психикалық қызметтің жалпы нашарлауы
белгілері болады. Интеллект деңгейі адам ӛмірінде жҥре келе жинақталған
ретінен кері дамиды, кӛмескіленеді,
танымдық қабілет әлсіреп, сезім
кедейленеді және жҥріс-тҧрыс ӛзгереді. Жҥре пайда болған ақыл әлсіздігі
кезінде кейде басым ес, зейін бҧзылады, ал пікір жасауға қабілет бірден
жоғалмайды, тҧлға ядросы, критика және жҥріс-тҧрысы кӛпке дейін
сақталып қалады. Мҧндай деменцияны
бөліктік, немесе
лакунарлы деп
атайды (парциальды, ошақтық дисмнестикалық).
Кейбір жағдайларда ақыл
әлсіздігі бірден пікір жасау қабілетінің тӛмендеуімен, критика, жҥріс-тҧрыс
бҧзылыстарымен,
науқастың
характерологиялық
ерекшеліктерінің
нивелировкасымен кӛрінеді. Мҧндай деменция
толық немесе
тотальды деп
аталады. Әртҥрлі нозологиялық формаларға тән деменция тҥрлерін
ажыратамыз.
Органикалық деменция лакунарлы және тотальды да болады.
Лакунарлы деменция церебральды атересклерозбен, ми мерезімен
науқастарда байқалса, тотальды – ҥдемелі салдануда, сенильді психозда, Пик
және Альцгеймер ауруларында кездеседі.
Эпилепсиялық
деменция
(концентриялық)
характерологиялық
ерекшеліктердің аса ӛткірлігімен сипатталады, ригидтілік,
барлық
психикалық ҥрдістер ағымының баяулығы, ойлау баяулығы, байымдылығы,
зейін ауыспалылығының қиындығы, сӛз қорының азаюы, штампталған
қайталанатын сӛздерді қолдануға бейімділік. Мінезде бҧлар
қатаңдық,
кекшілдік, ҧсақшыл пунктуальдылық, педантизм және т.б. кӛрінеді.
Патологиялық ҥрдіс аса ҥдемелі болғанда, ригидтілік пен байымдылық ӛсе
тҥскенде адамның тҥрлі әлеуметтік қызметтерге қабілеті азаяды, ҧсақ-
тҥйекте тҧрып қалады, қызығушылықтары мен әрекеттерінің шеңбері тарыла
тҥседі (осыдан «концентриялы» - ақыл әлсіздігі атауы алынған).
Шизофрениялық деменция энергетикалық потенциал тӛмендеуімен,
эмоциональды топастық дәрежесіне дейін жететін эмоциональды
кедейленумен сипатталады. Интеллектуальды ҥрдістердің
біртекті емес
бҧзылысы бақыланады: айқын ес бҧзылыстарынсыз, формальды білім
деңгейінің жеткілікті болуымен қатар науқас толықтай әлеуметтік
~ 150 ~
дезадаптацияланған, тәжірибелік істе қауқарсыз болады. Аутизм,
әрекетсіздікпен және ӛнімсіздікпен психикалық ҥрдістер бірлігінің
бҧзылыстары (психика ыдырауы белгілері) бақыланады.
Психоорганикалық синдром (энцефалопатия) салыстырмалы тҥрде
жеңіл, бірақ айқын ақыл әлсіздігі дәрежесіне дейін жетпейтін, тҧрақты
интеллектуальды-мнестикалық
тӛмендеумен
сипатталады.
Психоорганикалық синдромда ес әлсірейді,
ойлау қызметі баяулайды, жаңа
білім мен дағдыларды игеру қиындайды, пікір және критика деңгейі
тӛмендейді, эмоциональды жеткіліксіздік дамиды. Кейбір науқастарда
характерологиялық ерекшеліктері ӛткірленеді, ал кейбіреулерінде тҧлға
нивелировкасы бақыланады. Характерологиялық ӛзгерістер ерекшеліктеріне
оны шақырған церебральды органикалық ҥрдістер ықпал етеді –
қантамырлық, атрофиялық және т.б. Симтоматиканың жартылай кері дамуы
немесе біртіндеп ауырлауы болуы мҥмкін. Бас-ми жарақатынант кейін, ОЖЖ
токсикалық, инфекциялық, қантамырлық зақымданулары кезінде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: