Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет198/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Емі 
 
Қазіргі кезде шизофрения ауруларын емдеуде кӛп мҥмкіндіктер бар. 
Кең әсер ету спектрі бар психотропты дәрілердің ҥлкен арсеналы ауру 
кӛріністерінің ерекшелік ерекшеліктерін ескере отырып дифференциальды 
терапия жҥргізуге мҥмкіндік береді. Сандырақ және галлюцинаторлы 
бҧзылыстар басым кӛрініс берген психотикалық бҧзылыстар кезінде, қозу 
жағдайында галоперидол, тиопроперазин және т.б. нейролепиктер 
қолданылады, кататониялық бҧзылыстар басым болғанда – этаперазин, 
френалон және т.б. нейролепиктер қолданылады. Шизофренияның жедел 
жоғары дене қызуымен, яғни фебрильді ҧстамамен ӛтетін жағдайының еміне 
тоқтап ӛтейік. Фебрильді ҧсатамалармен науқастарды емдеу ҥшін ҥлкен 
дозада аминазин, электротырысулық терапия қолданылады. Басқа 
нейролептиктер қолданылмайды. Кей науқастар аминазинді кӛтере алмайды, 
бҧл жағдайда сол препаратпен қатар кӛктамырға сибазон тағайындаған 
дҧрыс. Бҧл шаралар тиімділік кӛрсетпесе, әрі қарай қызуы кӛтеріліп, ми 
ісінуі белгілері артқан жағдайда электротырысулық терапияға кӛшу керек. 


~ 302 ~ 
Ауру кӛрінісінде негативті бҧзылыстар басым болған жағдайда 
ынталандырушы әсері бар нейролептиктерді қолдану ҧсынылады. 
Депрессивті және депрессивті-параноидты кӛріністермен науқастарға 
антидепресанттар тағайындау керек. Кҥрделі психопатологиялық синдромдар 
кезінде нейролептиктер, антидепресанттар және т.б. препараттардың 
комбинациясын қолдануға болады. Инсулинді шокты, электротырысулық 
терапия тәрізді дәстҥрлі әдістерді қолдану да жақсы нәтижелер береді. 
Инсулинді шокты терапия шизофрениялық ҥрдістің жедел кӛріністерімен 
және соматикалық әлсіз науқастарға кӛрсетілген, ал электротырысулық 
терапия басқа ем әдістеріне резистентті, және созылмалы депрессиямен 
науқастарда қолданылады. 
Шизофрениямен науқастарды толыққанды ӛмірге оралту ҥшін кеңес 
психиатрлары әлеуметтік-еңбектік реабилитацияға кӛп кӛңіл бӛлді. 
Психиатриялық кӛмекті ҧйымдастырудың жалпы жҥйесінде әртҥрлі емдік – 
еңбектік және шизофрениямен науқастарға әлеуметтік әсер етудің әртҥрлі 
формалары қарастырылған. 
Шизофрениямен науқастардың ішінде 50%-ның мҥгедектігі жоқ, және 
олар кәдімгі жҧмыс орындарында қызмет істейді. Қалғандары негізінен ІІ, 
сирек жағдайда І және ІІІ топ мҥгедектері. ІІІ топ мҥгедектері арнайы 
цехтарда жҧмыс істейді, ал ІІ топтағылар психоневрологиялық диспансер 
жанынан ашылған емдік – еңбектік шеберханаларда жҧмыс істейді. Науқасқа 
еңбек тҥрін таңдауды науқастың психикалық кҥйін және бҧрынғы 
мамандығын ескере отырып, дәрігер-психиатр жҥргізеді. Бҧл мҥмкіндік 
болмаған жағдайда науқас мамандық білім алып, жаңа жҧмысқа орналаса 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет