Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет316/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Зерттеудің қосымша әдістері: Дәрігер қарауы, яғни клиникалық 
зерттеулер аяқталған соң, науқасқа басқа да зерттеулер жҥргізіледі. Олар 
әртҥрлі атауларға ие болған: «қосымша зерттеу әдістері», «параклиникалық 
зерттеулер», «лабораторлы және инструментальды зерттеулер». Бҧл 
зерттеулерді бастамас бҧрын, тӛмендегілерді білуіңіз тиіс: 
1. 
Алдымен сіз не білгіңіз келетінін анықтап алуыңыз керек. 
Психиатриялық клиникада қосымша зерттеу әдістері мына міндеттерді шешу 
ҥшін қажет: 
Біріншіден, зерттеулер аурудың себебін анықтауға бағытталған. 
Мысалы, босанғаннан кейін пайда болатын зерттеу себебі сепсис болып 
табылады. Клиникаға жас әйел тҥсті, босанғаннан кейін психикалық кҥйі 
ӛзгерген. Босану санитарлық ережеге сай болмаған. Клиникалық кӛрінісінде 
ауыр соматикалық жағдай, температураның тербелісі, қан формуласының 
ӛзгеруі, психикалық жағдайында - аментивті синдром. Диагностикалық 


~ 440 ~ 
болжам бойынша – психикалық бҧзылыспен асқынған босанудан кейінгі 
сепсис.
Екіншіден, психикалық аурулар дамуы шарттарын зерттеуге 
бағытталған. Психикалық ауру дамуы шарттарына науқастың соматикалық, 
психикалық және церебральдық жағдайлары жатады. Психиатрияда бҧл негіз 
(«почва») деп аталады (Жислин С.Г). Психикалық, соматикалық, 
церебральдық ерекшеліктер негізінің әртҥрлі клиникалық мәні болуы мҥмкін.
Олар бейімдеуші факторлар ретінде болуы мҥмкін. Мысалы, 
алкогольдік психоз соматикалық және церебральдық жетіспеушіліктері бар 
науқастарда тезірек пайда болады.
Негіз («почва») - аурудың клиникасына, ағымына, нәтижесіне әсер етуі 
мҥмкін. Мысалы, алкогольді галлюциноздың созылмалы тҥрде ӛтуін 
науқастың ертеректе алған бас-ми жарақатымен тҥсіндіруге болады. Осыны 
зерттеу және сәйкес ем тағайындау науқасқа жылдам кӛмекті қамтамасыз ету 
мҥмкіндігін береді.
Соматикалық және церебральды жетіспеушілік терапияны таңдауда
резистенттілік пен асқынулардың алдын – алуда маңызды орын алады.
Ҥшіншіден, клиникалық әдіспен анықталмайтын соматикалық, 
неврологиялық және психикалық аурулардың симптомдарын анықтауға 
бағытталуы мҥмкін. Мысалы, аурудың бруцеллезді этиологиясына кҥмәндана 
отырып, дәрігер дене қызуының кӛтерілуі, қандағы ӛзгерістердің болуы, 
Бюрне және Хедельсон реакцияларының оң болуы сияқты қосымша белгілер 
іздей бастайды.
Психоорганикалық 
синдроммен 
науқаста 
бас–сҥйек 
рентгенограммасында, энцефалографиясында және т.б. мидың органикалық 
зақымдануы симптомдарын іздеуге болады.
Кей жағдайларда психикалық симптомдарды клиникалық әдістермен 
табу мҥмкін болмай, тек психикалық эксперимент арқылы анықтауға болады. 
Тӛртіншіден, психиатриялық клиникада лабораториялық әдістермен 
зерттеулердің алдына қойған жеке мақсаты кейбір медикаменттердің қандағы 
деңгейін анықтау болып табылады. Мысалы, литий, тырысуға қарсы 
препараттардың. 
2. Алға қойылған тапсырмаларға сәйкес қосымша зерттеу әдістері 
мыналарға бағытталған: 
Біріншіден, науқастың соматикалық жағдайын терең зерттеу. Бҧл 
аурудың себебін «соматикалық негізін», сонымен қатар соматикалық 
симптомдарын анықтауға бағытталған.


~ 441 ~ 
Екіншіден, психикалық аурулардың «милық ошақтарын», себебін, 
асқындыратын церебральды факторларын, және де аурудың неврологиялық 
симптомдарын терең зерттеуге. 
Ҥшіншіден, 
науқастың 
психикалық 
жағдайын 
терең 
зерттеу. 
Экспериментальды-психологиялық зерттеу әдісі тҧлғаның актуальды 
психожарақаттаушы кҥйзелістерін анықтауға кӛмектеседі. Тҧлғаның 
алкоголизмге, неврозға бейімділігін білдіретін тҧлғалық ерекшеліктерін 
анықтауға ықпал етеді. Сонымен қатар психикалық аурудың жасырын 
симптомдарын анықтауға кӛмектеседі.
Психиатрияда қолданылатын барлық қосымша зерттеу әдістерін 3 
негізгі топқа бөлеміз
Біріншіден, организмнің биологиялық ортасын зерттеуге негізделген 
лабораториялық зерттеу әдісі. Мысалы, қан, зәр, ликвор және т.б. 
Екіншіден, 
инструментальды 
зерттеу 
әдістері: 
рентгенография, 
электрокардиография, электроэнцефалография, реоэнцефалография. Олар 
соматикалық жағдайын және жҥйке жҥйесін зерттеуде қолданылады.
Ҥшіншіден, экспериментальды-психологиялық әдіс. Ол психикалық 
науқасты терең зерттеуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет