Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет313/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Anamnesis morbi (ауру анамнезі). Аурудың алғашқы белгілері қашан 
пайда болды, немен кӛрініс берді (соматикалық, неврологиялық, психикалық 
бҧзылыстар). Психикалық ӛзгерістерге не себеп болды немесе қандай 
жағдаймен 
бірге 
жҥрді. 
Соматикалық 
аурулары, 
бас-сҥйегінің 
зақымданулары, инфекциялар, интоксикациялар, психикалық жарақаттар. 
Олар қалай кӛрініс берді. 
Аурудың дамуы: пайда болу реттілігі және симптомдарының ӛзгеруі: 
соматикалық, неврологиялық, психикалық. 
Ауру ағымы: жедел, жеделдеу, созылмалы, ҥдемелі, стационарлық, 
регредиентті, интермитирлеуші, ремиссиялар, декомпенсация, ауру барысына 
не әсер етті. Терапевтке, невропатологқа, психиатрға қаралулары, олардың 
диагностикасы, емделу нәтижелері. Психиатриялық ауруханада болуы: 
қашан, қандай ем қабылдады, нәтижесі.
Психикалық аурудың әрі қарай психикалық дамуына, жҧмысына, 
оқуына, адамдармен қарым-қатынасына әсері. Қазіргі ауруханаға тҥсуінің 
себептері.
Ескерту. Анамнездің әрбір тҥрі науқас адамның, туыстарының
жақындарының сӛзі арқылы анықталады. Әрбір адамнан алынған мәліметтер 
бӛлек жазылады және мәліметтің кімнен алынғаны кӛрсетіледі.
Соматикалық жағдайды және жҥйке жҥйесінің жағдайын зерттеудің 
психиатрияда маңызы зор. Бҧл келесі себептермен анықталады. 
1. Соматикалық және неврологиялық ӛзгерістер психикалық 
аурулар симптомы болуы мҥмкін. 


~ 435 ~ 
2. Соматикалық және неврологиялық аурулар психикалық аурудың 
себебі болуы мҥмкін. 
3. Соматикалық және неврологиялық ӛзгерістер психикалық 
аурудың дамуына бейімдейтін фактор болуы мҥмкін. 
4. Соматикалық және неврологиялық бҧзылыстар психикалық 
аурудың қолайсыз барысын және нәтижесін анықтауы мҥмкін. 
5. Соматикалық және неврологиялық аурулар кейбір терапиялық 
емдеу әдістеріне қарсы кӛрсеткіш болуы мҥмкін. 
6. Соматикалық және неврологиялық қолайсыз жағдайлар кейбір 
дәрі-дәрмектерді қолданғанда болатын асқынуларды шақыруы 
мҥмкін. 
7. Кӛптеген соматикалық және неврологиялық аурулар психикалық 
аурулар кезінде жасырын немесе атипті тҥрде кӛрініс беруі 
мҥмкін және оларды анықтау ҥшін тҥпкілікті зерттеулер жҥргізу 
қажет. Сонымен қатар психикалық науқастар ӛздерін 
мазасыздандыратын жағдайларды айтпауы мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет