~ 116 ~
Ойлау - адам санасында объективті
шынайылық бейнеленуінің ең
жоғарғы формасы. Бҧл шындықты сӛз және білімге сҥйеніп сипаттайтын
қҧбылыс.
Ойлау әлемді сезімдік тану және адамдардың тәжірибелік қызметімен тығыз
байланысты. Қабылдау актында заттың жеке қасиеті мен бҥтін затты, қҧбылыстарды
бейнелейтін сезімдік тҥсінуден ойлау ҥрдісінің айырмашылығы, ол
табиғат
заңдылықтарына сәйкес тҥрде заттар мен қҧбылыстар арасындағы ішкі байланысты
бейнелейді. Ойлау ҥрдісінде адам заттың мәнін тҥсінеді, тікелей қабылдаудан тыс
орналасқан сыртқы ортаның ӛзге тарапын ашады. Адам ой арқылы қоршаған ортаға
белсенді әсер етеді. Адамдар тәжірибелік қызмет нәтижесінде жаңа білім қорын игереді,
жаңа тҥсініктер, ескі тҥсініктерді ӛзгертеді. Осылайша танымдық ортақ ҥрдіс
жалпы
заңдылыққа бағынады: сезімдік таным арқылы адам рационалды ойлауғ кӛшеді, ал одан
тәжірибеге және шындыққа қол жеткізеді.
Ойлау негізі - тҥсінік болып табылады. Тҥсінік – заттардың ӛзіне тән қасиеттері
туралы жалпылама білім. Ойлау ҥрдісі кезінде біз материалды анализдейміз, синтездейміз,
салыстырамыз, табамыз, қорытынды жасаймыз. Тҥсінік пікірден туып, тіл, сӛз арқылы
кӛрінісін табады.
Көркемдік-әрекетікт,
нақты-бейнелі,
абстрактылы-логикалық
ойлау
ажыратылады. Адамның -ӛніп-ӛсуі және оның психикалық ҥрдістерінің
дамуына
байланысты сӛз формасында емес, басым сыртқы әрекеттермен іске асатын кӛркемдік-
әрекеттік /қимылдық/ ойлау нақты-бейнелік ойлауға орын береді. Абстрактылы -
логикалық немесе тҥсініктік ойлау ересек адамға тән. Ол білім мен дағдылардың толық
дамуын, сонымен қатар сӛйлеу қабілетін игеруді білдіреді. Ойлаудың бҧл тҥрі ӛте тиімді
және терең болып саналады. Оның сферасына тҥсінік, пікір,
символика, ой тҥйіндеу
кіреді.
Ойлау сау адамдарда ойлар арасында байланыс тҥзілуімен жҥреді. Қалыпты
жағдайда да бір ассоциация шекараластығы, ҧқсастығы, контрастылығына байланысты
екінші бір ассоциацияны туындатады. Шекараластық бойынша ассоциация: нақты затпен
(ситуациямен) кездескенде адам осы бір затпен немесе
жағдаймен орын және уақыты
бойынша байланысты басқа заттар немесе жағдайлар жӛнінде ойға кетеді. Одан да кҥрделі
ҧқсастық бойынша ассоциация сӛздік ойлау негізі болып табылады. Бҧл кезде әр тҥрлі
қҧбылыстарға тән ортақ белгілерді табу, олардың арасындағы ҧқсастықтарды анықтау,
осы белгілер бойынша қабылданған және сақталған мәліметтерді біріктіру болып
табылады. Контрасты бойынша ассоциация: ақ – қара, жақсы – жаман, ақылды – ақылсыз,
т.б.
Ассоциативті ҥрдіс ассоциациялардың ретпен пайда болуымен, мақсаттылығы
және белгілі бір жылдамдықта жҥруімен сипатталады.
Патологиялық жағдайда ассоциативті ҥрдіс бҧзылуы мҥмкін немесе ой
арасындағы байланыстар бҧзылады немесе
жоғалады, бҧл ойлаудың формасы
бойынша бҧзылуы. Кейбір ауруларда ой тҧжырымдау ҥрдісі бҧзылады,
логика зардап шегеді, осыған байланысты ойлау мазмҧны бойынша
бҧзылады.
Достарыңызбен бөлісу: