Психология және арнайы білім беру кафедрасы



бет28/52
Дата17.01.2022
өлшемі0.64 Mb.
#454615
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52
Салыстырмалы педагогика және психология

5. Тәжірибе. Сол вольерге төбеге банан ілінеді. Оның биіктігі маймыл секірсе де ала алмайтын дәрежеде болады. Басқа әдістер арқылы да бананды ала алмайды. Басқа затты бірінің үстіне бірін қойып шығатындай да құралдар жоқ. Вольерде маймылдан басқа адам ғана бар. Сәтсіз қозғалыстардан соң маймыл аяқ асты адам қасына келіп, оны қолынан тартып, банан тұған жерге жетектейді. Адам оның қимыл-қозғалысын орындаған соң маймыл адам иығына секіріп шығып, өзінің сүйікті асы бананды алады.

6 Жануарлардың интеллектік мінез-құлықтары

1. Жануар интеллектісінің негізгі критерийлері

2. Күрделі дағдылар және оларды жаңа жағдайларда қолдану.

3. Жануарлар интеллектісінің биологиялық шектеулері

4. Н.Н.Ладыгина-Котс эксперименттері. Адам тәріздес маймылдар ойлауының екі формасы

Психиканың жоғарғы сатысы - интеллект сатысы. Бұларға антропоидтар немесе адам тәріздес маймылдар жатады. Олардың миы мейлінше дамыған, өзінің құрылысы жағынан адам миына өте ұқсас, әрі басқа жануарларға қарағанда, олардың психикалық қимыл-қозғалысы анағұрлым бай және күрделі. Маймылдар тек қана заттың белгілі бір қасиеттерін, не бүтіндей өзін, синтездеу арқылы бейнелеп қоймайды, сонымен қатар заттардың арасындағы байланысты да бейнелей алады. Павловтың атап көрсеткеніндей, маймылдардың ойлау қабілеті бар. Олардың ой түюі нақтылы, бірден іс жүзіне асады. Бірақ, маймылдар сөйлей алмайды, сондықтан танып білген нәрсесін жадында сақтау, болмыстан бір ауық алшақтап, абстракты түрде ойлау арқылы қайта қалпына келтіру мүмкіндіктері жоқ.

Ғалымдар соңғы ондаған жылдардан бері дельфиндер тіршілігіне назар аударып келеді, дельфиндерді де психикалық-нервтік жаратылысы жағынан жоғары дамыған жануарлар қатарына жатқызуға болады. Арнайы эксперименттік зерттеулер дельфиндерде шапшаң қабылдау және «ойлау» қабілетінің бар екендігін дәлелдеп отыр. Неміс физиологі М.Тидеман адамның миы орта есеппен 1,4 кг. болса, дельфиннің миы-1,7 кг. Ал ми қыртысындағы иірімдер адамның миындағыдан екі есе көп деп таңданғанын айтқан болатын. Швейцария профессоры А.Портман адам мен жануарларды интеллектілік сынау әдісімен зерттей келіп, мынадай деректерді жариялады: адам 215 балл алған (бірінші орын), дельфин-190 балл (екінші орын), піл үшінші, ал маймыл төртінші орынды иеленген.

Дельфиндер жүріс-тұрыстың, дағдының кез келген түріне өте тез және оңай үйренеді. Олардың бір-біріне үйірлігі мен дыбыстық белгілерінің сан қырлылығы таң қалдырады. Дельфиндер бір-біріне ұдайы көмектеседі және суға батқан адамдарға көмекке келуі де маңызды. Жануарлардың мұндай интеллектілік жүріс-тұрыс әрекеті адам санасы қалыптасуының алғы шарты болып табылады.

Сүт қоректілердің көпшілігінің психикасы перцептивті даму сатысында болады, жоғары дәрежеде дамығаны бір сатыға жоғары болады. Жоғары сатыдағы жануарлардан «ақылды» деп айтуға тұрарлықтай жүріс-тұрыс көріністерін байқауға болады.

Жануарлардың интеллектісі - бұл адамның ақыл-ой дәрежесіндей даму емес, олардың арасында үлкен сапалық айырмашылық бар. Интеллектілік саты күрделі әрекет және шындықты бейнелеудегі күрделі процесс.

Интеллектілік-«интеллектус» деген латын сөзі, қазақша «ақыл» деген мағынаны білдіреді.

Интеллектілік сатысына өтуде, осы сатыдағы жануарларды сыртқы ортамен байланысты қарау қажет.

Жануарлардың интеллектісін анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдер қолданылады: 1. «Проблемалық жәшік» әдісі; 2.Өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, әр түрлі құралдарды (пирамида құрастыру) қолдану; 3.Мақсатқа жетуде «айналма жол» әдісін, лабиринтті қолдану.

Жоғары дәрежеде дамыған-адам тәріздес маймылдарды эксперимент түрінде зерттеген неміс психологі В.Келер. Эксперименттік зерттеулер (Тәжірибе 1). Шимпанзені үлкен тордың ішіне орналастырып, сыртына тамағын қояды. Жануар оны қолымен ала алмайды. Тор ішінде екі кішкене таяқ бар. Жануар екі таяқты кезектестіріп созып, тамағын алғысы келеді, бірақ нәтижесіз. Ол отырып «ойланады». Бір кезде таяқшаларды қолына алып, бір-біріне жалғастырып, ұзын таяқ жасайды. Сөйтіп, ұзын таяқ арқылы тордың сыртындағы тамағын өзіне жақындатады. Бұл зерттеулерді былайша түсіндіреміз: Адам тәріздес маймыл (шимпанзе) алдымен тамағын қолымен алуға ұмтылады. Бірақ бұл нәтиже бермейді. Шимпанзенің әрекеті бір мезгіл тоқтап, тамағына назар аудармайды. Кейін қайтадан оралып, енді басқа жолды іздей бастайды. Ол таяқты алып, тамағына қарай созып, өзіне қарай жақындатады. Сөйтіп, қолы жеткен бойда тамағын алады.

Осындай принциптер негізінде басқа да маймылдар арасында эксперимент жүргізілді. Оның шешілуі үшін жаңа бір әрекетті қажет етеді. (Тәжірибе 2) Тордың ішіне жоғары жағына банан іледі. Оған маймыл секіріп жете алмайды. Айналасында қажетті құралдар жоқ. Торда тек адам ғана бар. Бір кезде маймыл адамның қолынан ұстап, банан ілініп тұрған жерге алып келіп, адамның үстіне секіріп шығып бананды алады. Бұдан көптеген әрекеттері өз іс-әрекетін қанағаттандыра алмай, кездейсоқ әрекеті жеңіс әкеледі. Бұл ең бірінші жануардың интеллектілік әрекетіндегі өзіндік ерекшелігі (Кездейсоқ әрекетінің табысқа жетуі).

Екінші өзіндік ерекшелігі, егер де тәжірибені тағы да қайталаса, ол бір рет жүргізілгеніне қарамастан, алдын ала дайындықсыз, еске түсіреді (тану) процесі жүреді. Бұл әрекеттің үшінші ерекшелігі, осы тәрізді тәжірибелер басқа да жағдайларда жүргізілгенде, осындай нәтиже береді. Интеллектілік сатының 4-ші ерекшелігі екі фазалы жұмысты орындай алуы.

Мысалы, маймыл өз жемін таяқ арқылы жақындатып алса, егерде таяқты алып тастасақ оның орнына басқа затты пайдалануға талпынады. Сондай-ақ, тамағының орналасу жағдайын өзгерткен кезде де, ол қажетті шешімді табады. Ол жаңа ситуациялық жағдайға байланысты, операциясын не шешім қабылдауды өзгертіп отырады.

Жануарлардың эволюциялық дамуында тұқым қуалау арқылы беріліп отыратын соқыр сезім әрекеттеріне, олардың жеке тіршілігінде сыртқы дүниеге бейімделудің және үйренудің нәтижесінен дағдыланулар пайда болып, қосылып отырады. Соқыр сезімдермен салыстырғанда, дағды - жануарлар қылығының күрделі формасы, психикалық әрекеттерінің жоғарғы сатысы. Ол инстинктер сияқты нәсіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа көшіп отырмай, жануарлардың тіршілігі үшін күресуінде жүре-бара пайда болады. Жануарларда дағдылану болмаса, олар жалғыз соқыр сезім әрекеттерімен күн көре алмайды, айналасындағы қоршауға бейімделіп, өзінің тіршілігі үшін күресе алмас еді.

3.Күрделі дағдылар және оларды жаңа жағдайларда қолдану



Дағды дегеніміз-жануарларда өз бетінше әдеттену және жаттығу арқылы қалыптасқан құлық-әрекет тәсілдері.

Көпшілікке мәлім жануарларды жаттықтыру ісі нақ осындай дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Санитар, сапар, аңшы, күзетші, клоун және иісшіл ит ретінде пайдаланып жүрген иттердің бәрі осыған дағдыланған. Дағдылар инстинктерге орайласады. Біз жануарлардың инстинктерін неғұрлым жақсы білсек, осыған орай дағдыларды үйрету соғұрлым оңайға түседі.

Егер жаңа құлық-әрекет инстинкт тұрғысынан қолдау тапса, ол тез қалыптасады әрі берік дағдыға айналады. Мәселен, иттің бағдар табу рефлекстері жақсы дамыған: ол бәрін де иіскей, жан-жағына қарай және құлақ түре тыңдай жүреді. Өте жоғары дамыған иіс және есту қабілеттерін ескере отырып, итті іздеу немесе аңшылық дағдыға баулу тіпті де жеңіл. Иттің иіс арқылы заттарды таба алатындығы, адамның, жануарлардың ізімен қателеспей жүретіндігі белгілі.

Кейбір жүргізілген зерттеулерге қарағанда, даму процесінің төменгі сатысында тұрған жәндіктерде де дағдыланулар пайда болатын көрінеді. Турненнің тәжірибелерінде қоңыз тақтайдағы белгілі бір түске боялған орыннан айналып өтуге үйренген. Су құйылған ыдысты сұйық қағаздың үстіне қойып, араны жалғыз сол ыдыстан ғана су ішетін етіп үйреткен. Бірнеше тәжірибелерден кейін, ара үйренген ыдыстан ғана су ішіп, басқа түсті қағаздардың үстіндегі ыдыстарда да тәтті су болғанымен оларға тимейтін болған.

Жоғарғы сатыда тұрған жануарларда дағды тезірек пайда болады және олардың дағдылары күрделі болып келеді. Олардың әрекеттерін, олардағы дағды пайда болу процестерін білу үшін кейбір ғалымдар әдейілеп зерттеулер жасаған. Жануарларда дағды пайда болу мәселелерімен көп шұғылданғандардың бірі - Американың атақты психологы Эдуард Торндайк көп тәжірибелер жүргізген. Ол атжалман тышқандарға, мысықтарға, иттерге, адам тәрізді шимпанзе атты маймылдарға тәжірибелер жасап, жануарларда ақыл-ойдың бар-жоғын бақыламақшы болған. Тәжірибелер көбінесе проблемалы клеткалар арқылы жүргізілген:екі бөлмелі клетканың бірінде-жануар, екіншісінде - көрнекті жерде-жем, екі бөлменің арасындағы есік ілмекпен жабылып қойылған. Жануар есікті ашып, екінші бөлмеге кіріп, жемге жету үшін ілмекті ағыту керек болған. Жануар бірінші бөлмеге кіргеннен соң, екінші бөлменің есігін бірден аша алатын дәрежеге жеткенше ол осы тәжірибені қайта-қайта жүргізе берген. Өзінің осындай тәжірибелерінің нәтижесінен Торндайк, жануарларда дағдылану пайда болудың мына төмендегі заңдарын, яғни принциптерін белгіледі: 1.Байқап қарау, қалыптасу жолы. Жануарлардың заңдылықтарды шешуі-кездейсоқ әрекеттердің нәтижесі, оларда түсініп әрекет ету деген болмайды. Олар жағдайлардың қандай екенін біліп, өзгергенін ескермейді, алдына міндет қоймайды, өздерінің бірнеше рет тікелей байқап қарау, қалыптасу әрекеттері арқылы дағдылануға үйренеді; 2.Жаттығу заңы. Дағдының қай түріне болса да ешбір жануар бірден үйреніп, дағдылана алмайды, дағды пайда болу үшін олар бір түрлі әрекеттерді бірнеше рет қайталап, жаттығуы қажет; 3.Нәтиже шығу, әсер алу (эффект) заңы. Дағдылану процесінде бірнеше жағымды, не жағымсыз сезімдер пайда болады. Жануарлар жағымсыз сезімдерден тітіркеніп, жағымды сезімдерге икемдеседі, дағдылануға үйрену процесінде қандай әрекеттер болмасын жағымды сезімдер туса, жануар бұл әрекеттерге көбірек ұмтылады, сондықтан дағдылануға да тез үйренеді. Сонымен бірге кейбір жануарлардан қаншама дағдыланса да, еш нәтиже шықпауы да әбден мүмкін; 4.Жануарлардың дағдылануға дайындығы олардың тәні сау, құрсағы аш, тұтқында ұсталып бостандыққа ұмтылып тұруы, дағдының тезірек пайда болуына керекті негізгі шарттардың бірі болып табылады. Егер бұл шарттар орындалмаса, дағдының тезірек пайда болмауы, тіпті мүлдем пайда болмауы да мүмкін.

Жануарларда дағдыланудың пайда болуы олардың биологиялық мұқтаждығына негізделіп отырады. Сондықтан оларға жем беру, тәнін ауырту, шағылысу инстинкттерін пайдалану арқылы дағдыны қалыптастыруға болады. Жоғарыда айтылған Торндайктың заңдары негізінен жануарларға қолданып тәжірибе жасауы дұрыс. Бірақ Торндайктың теориясының орасан зор қателері де көп. Ол механикалық түрде жануарларға жүргізген тәжірибелерінің қорытындысын адамға да көрсетіп, оқу-тәрбие процестерінде қолданбақшы болды. Оның пікірінше, адам мен жануардың арасында ешбір сапалық айырмашылық жоқ, жалғыз сандық айырмашылықтар ғана бар. «Алғашқы 12 ай ішінде баланың үйренуі жануарлардың үйрену жолынан ешбір ажыратылмайды. Егер екі жыл бала мен мысық бір жағдайда тәрбиеленсе, бала мысықтан сөздерді 50 есе көп білген болар еді»,- дейді Торндайк («Адамның үйрену процесі»,1935ж.). Торндайк дағдының пайда болуының физиологиялық негіздерін көрсете алмады. Бұл міндетті атақты орыс оқымыстысы академик И.П. Павлов атқарды.

Жануарлардың қылығында дағдыланумен бірге шартты рефлекстер де үлкен орын алады. Бірақ егер дағдылану төменгі сатыда тұрған жәндіктерде де пайда болатын болса, шартты рефлекстер жоғарғы сатыға шыққан, миының жарты шарлар қыртысы дамып, тиісті дәрежеге жеткен жануарларда ғана болады. Мәселен, дағдылар антропоидтар мен дельфиндерде бәрінен жеңіл қалыптасады және олардың бойында мінез-құлықтың мүлдем күрделі формаларын қалыптастыруға болады. Олардың дағдылануларымен шартты рефлекстері бір-бірімен өте тығыз байланысып, шиеленісіп отырады, бірінсіз-бірі болмауы да мүмкін.

4. Шимпанземен жүргізілген зерттеулерде өзіндік сапалық ерекшелігі анықталынды, олар 2 түрлі операцияны бір іс-әрекетке біріктіре алады.

Мысалы, жануары бар тордың сыртына қолы жетпейтін жерге тамағы қойылады. Торға жақын жерге ұзын таяқ қояды. Ал тордың ішіне тамағына жетпейтін, бірақ ұзын таяққа жететіндей қысқа таяқ қойылады. Ол үшін маймыл әуелі қысқа таяқты алып, онымен ұзын таяқты өзіне тартып алып, сол арқылы тамағына жетеді. Бұл екі фазалы жұмысты олар ешбір қиындықсыз орындайды.

Келесі күрделі зерттеулерді қарастырайық (Н.Н.Ладыгина-Котс,Исследование познавательных способностей шимпанзе. М.,1928).

Маймылы бар тордың ішіне бір жағынан кішкентай саңылауы бар, торлы жәшік қойылады. Жәшіктің артына тамағы қойылады, ол тордан да саңылаудан да көрінеді. Бірақ ол қолымен тордан да, саңылаудан да тамағын ала алмайды.

Тордың артқы жағында бір шеті жерге бекіген шынжырдың екінші жағында ағаш бекіген. Тәжірибенің мақсаты, жәшіктің саңылауы арқылы таяқты кіргізіп, тамағын алға қарай итеру, тордың алғы жағына жақындағанда қолымен алады. Бұл жағдайда жануар өзін қалай ұстайды. Жануар жәшікке жақындап, тамағын байқап, оны тордан алуға ұмтылады. Ол жәшікті айналып, тамағын артқы саңылаудан таяқ арқылы алғысы келеді. Бірақ мүмкін емес. Жануар саңылауға таяқты тығып, тамағын итеріп, тор жағынан алуға ұмтылады.

Осы күрделі операциялар қалай орындалады. Бұл әрекеттері алдын ала дайындықсыз, кездейсоқ жағдайда бола ма, әлде қимыл-қозғалыстарының бірте-бірте қалыптасуынан бола ма. Бұл зерттеуді В.Келер (Исследование интеллекта человекоподобных обезьян. М., 1930) былайша түсіндіреді. Адам тәрізді маймылдарды тордың ішіне орналастырады. Тордың ішіне кішкене жәшік қояды. Апельсинді алу үшін жануар жәшікті өзінен итеріп жібереді. Бұл әрекеті кездейсоқ болады. Зерттеушілер жәшіктің үстін торлы сеткамен жабады, оған маймылдың бір саусағы сияды. Ол саусағымен тамағын итере отырып, қолы сиятын жерден алады. Келер маймылдың бұл әрекетін басқа жануарлардан бөліп алып, оны адамның іс-әрекетімен жақындатып операциялық процесті байқап көру, қателесу арқылы емес, алдыңғы тәжірибеге қарағанда болжам түрінде болады деп түсіндіреді.

Интеллектілік әрекеті көрген, бір шешімге келген нәрсесін ұмытпай, есте сақтап, басқа да осыған ұқсас ситуацияларды сол арқылы шешеді. 2-ші фазалық жұмысты Келер «догадки» жануардың байқауы және алдыңғы шешімді пайдалануы-дейді.

Маймылдың интеллектілік әрекетін түсінуде, негізгі факт-алғашқы тапсырманы орындауда тосыннан шешім қабылдауы. Келер бұл фактіні, маймылдарда-заттардың жеке белгілерін тұтастай қабылдай алу тән, яғни «тұтас ситуация» ретінде қабылдайды – деп қарастырады.Жануарлардың қабылдауындағы құрылымдық қасиетті, Келер адамның және жануардың психикасының негізінде ғана емес, өмір тіршілігінде маңызды деп қарайды.

К. Бюлер тәжірибедегі таяқ арқылы тамағын алумен ағаштағы жемісті алудың арасындағы ұқсастықты табады. Ағаштан ағашқа секіріп, ондағы тамағын алып жеу үшін, эксперимент негізінде қолданған лабиринттен шығу және айналма жолды қолдануда, туа біткен қабілетін пайдаланады.

Маймылдардың интеллектілік әрекетін табиғи ортамен байланыстыруды психологтар мен физиологтар еңбектерінде көрініс берді.

Адам тәріздес маймылдардың төменгі сатыдағы сүт қоректілерден сапалық ерекшелігі құралдарды ұстай алуы және түрлі операцияларды орындауы. Келер жануарлардың интеллектілік әрекеті 2 фазалы тапсырманы орындауынан көрінетіндігін зерттеді.

2 фазалы әрекетте, жануарлардың интеллектілік іс-әрекетінің қос фазалы екендігі анықталынды. Алдымен таяқты алу, сосын тамағын алады. Таяқты алу әрекеті, тамақты алу емес алдымен таяқты қажет етуі.

1-ші фаза дайындық ол келесі фазамен байланысты болмаса, биологиялық мәнін жояды. ІІ-ші фаза таяқты қолдану, іс-әрекетті орындау биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет. Келердің бұл зерттеуінен, маймыл өз іс-әрекетін жүзеге асыруда қос фазалы әрекеттен тұратындығын дәлелдеді: таяқты алып, тамағын өзіне жақындату немесе жәшікті пайдаланып тамағын алу т.б.

Осы қос фазалы әрекеттің мазмұны қандай. І-ші дайындық фазасы. Зат арқылы, яғни таяқтың өзінен қозу болмайды. Егерде оған тамақты алу кезінде айналма әдіс жасау керек болса, таяқты көрсе де оны алмайды. Олай болса, бұл әрекет фазасы таяқпен байланысты емес, таяқтың тамаққа объективті қатысынан туындайды. Осы қатыс, оның ІІ-ші іс-әрекет фазасы- орындау фазасын тудырады. Бұл ІІ-ші фаза, тікелей затқа бағытталған, соның нәтижесінде жануарда қозу тудырады. Ол бірнеше операциялардан тұрып, тұрақты дағдыны береді. І-ші дайындық фазада интеллектілік әрекеттің белгілерін береді. Интеллект-қандай ма операцияны не дағдыны жүзеге асыруға бағытталған дайындықтан көрінеді.

Қос фазалы әрекеттің негізгі белгілері, жаңа жағдай жануар үшін байқап көру қозғалысы емес, осыған дейін қалыптасқан әдістермен операциялардың көрінісі. Мысалы, қоршаудың ішіндегі тауықты қуатын болса, ол сыртқа шығу үшін, кездейсоқ әрекеті шешім табылғанға дейін ерсілі-қарсылы жүгіреді.

Жоғарғы сатыдағы жануарларда әр түрлі әрекеттер, әдіс-тәсілдер жасап байқап көреді. Мысалы, маймыл жәшіктің ішіндегі рычагты басып қарайды, одан нәтиже бермесе, жәшіктің бұрышын кеміреді, кейін жәшіктің саңылауына қолын салады, ол нәтиже бермесе, рычагты тістелейді, нағыз болмаса жәшікті төңкереді.

Олардың интеллектілік әрекетін айналасындағы ортамен байланысты қарастырайық. Интеллектілік әрекетіндегі І-ші негізгі фазасы ІІ-ші фазаға дайындық, ол кейінгі әрекетімен жалғасып жатыр. Осы бірінен кейін бірі жүргізілген әрекетінен ол өзінде бейнелей ала ма? Бұндай болжам дәлелденбеген. І-ші фаза заттар арасындағы объективті қатыс. Бұл заттар арасындағы қатыс жануарларда бейнеленеді. Интеллектілік әрекет кезінде жануарлардың шындық өмірді психикалық бейнелеуде, заттардың жеке белгілері емес, оларды белгілі бір ситуациялық жағдайда бейнелей алуы.

Жануар өзінің өмір сүру жағдайына байланысты кездескен кедергіні не ағаштан бананды қағып түсіріп жеуге байланысты, осы әрекеттерін алдағы іс-әрекеттерінде пайдаланады.

Жануар интеллектісінің пайда болуы және дамуы бас миының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Жоғарғы дәрежеде дамыған жануарлардың ми қабығының әсіресе алдыңғы, маңдай бөлімінің жетілуімен ерекшеленеді.

Джексобсеннің экспериментальды зерттеуінде, маймылдың маңдай бөлімін алып тастағанда, осыған дейін орындаған күрделі операцияларын, тіпті қос фазалы жұмысты орындай алмаған. Мидың басқа бөлімдерін алып тастағанда ондай әрекет байқалмаған. Жоғары сатыдағы маймыл мен адамның ойлауы арасында байланыс жоқ.

Жануарлардың интеллектілік әрекетін бақылаған Р.Йеркс, олардың мынандай ерекшеліктерін көрсетеді:

1.Жануар әрекет жасамас бұрын, ситуацияны мұқият бағдарлап, зерттеп алады.

2. «Ойлауды» туғызатын әрекеттер арасындағы үзілісті тапты.

3.Ситуацияға мақсатты, «ақылмен» әрекет етуі, себебі кездейсоқ қозғалыс не байқап көру, қателесу әрекеттерін жасамай-ақ пайда болған проблеманы тез шешеді.

4.Егерде бірінші әрекеті сәтсіз болса, екінші әрекеті тез және жылдам жүреді.

5.Мақсатқа жетудегі барлық қимыл-қозғалыстары нәтижелі және тиімді.

6.Мақсатқа жетуде жануар тосыннан тез қимылдар жасайды.

7.Жаңа жағдайда бұрыннан қалыптасқан дағдылармен әрекет етуі.

И.П. Павлов маймылдардың интеллектісі де ассоциациялардан (күрделі нерв байланыстарынан) тұратындығын, бірақ мұның бірінші сигнал жүйесінің жұмысына тәуелді екендігін атап көрсетті. Маймыл интеллектісінің өрісі тар, олардың интеллектісі көбінесе көзге көрінетін нәрселерге байланысты ғана туып отырады. Мәселен, қасында жатқан таяқты «құрал» ретінде кездейсоқ пайдаланады, оны кейіннен керек болып қалар деген «мақсатпен» сақтап қоюды білмейді.

Негізгі нерв процестері. Тежелу және оның түрлері

И.М.Сеченов пен И.П.Павлов мидың барлық рефлекстік қызметі екі нервтік процестен - қозу мен тежелуден тұратындығын анықтап берді. Бұл физиологиялық процестер ми қабығындағы шартты рефлекстердің жасалуында, сондай-ақ мидың төменгі бөліктерінде шартсыз рефлекстердің жасалу кезінде де үнемі көрініп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет