Психология және арнайы білім беру кафедрасы



бет46/52
Дата17.01.2022
өлшемі0.64 Mb.
#454615
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52
Салыстырмалы педагогика және психология

Басқарудың құрылымы. Халықаралық тәжірбиеде білім беру жүйесін басқарудың негізгі екі жолы бөліп көрсетіледі: орталықтан басқару және жергілікті мекемелерге басқаруда кейбір жеңілдіктер беру. Білім беруді орталықтан басқарудың жарқын үлгілері Франция, Жапония, Қазақстан және басқалары болып табылады.

Білім беруді басқаруда жергілікті органдарға ерік беру үлгісі Англияда, Америкада, Германияда, Ресейде орын алып отыр. Англияда графтықтар, Америкада штаттар, Германияда «жерлер» білім беруде белгілі дәрежеде автономия болып есептеледі. Педагогикалық ұжаттарды өздері дайындайды, оқу материалдарының көлемін белгілейді және т.б. Жергілікті органдарға билік беру белгілі дәрежеде, олардың бастамшылығын арттыруға, педагогтік эксперимент жүргізуін ынталандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұндай жағдай елдің әр аймағында мектептегі оқу мазмұнының тым алшақтауына әкеліп соқтырады, білім беру саласында жалпы ұлттық қалып ұстауға қиындық келтіреді.

Өз кезегінде бұл елдерде білім беруді басқару және қаржыландыруда бір орталықтан басқару жүйесіне ұмтылу тенденциясы айқын байқалады.

Іс жүргізу – ұйымның, кәсіпорынның, фирманың құжаттарын жүргізу, оларды қабылдау, толтыру, дайындау, құжаттарды жіберу және олардыңт қозғалысы мен орындалуын қадағалау, жаңарту.



Білім беру саясатының принциптері

Салыстырмалы педагогикалық талдау арқылы әр елде, аймақыта және дүниежүзінде білім беру саясатының жалпы негізгі принциптерін анықтау міндеті алға қойылған.

Практикалық бағыттылық принципі – оқыту мен тәрбиеленудің өмірмен, тәжірбиемен, қоғамдық пайдалы өнімді еңбекпен байлансы.

Демократияландыру принципі. Әлуметтік саясаттың дүниежүзінің көп елдеріндегі негізгі принципінің бірі білім беруді демократияландыру деп жарияланған. Бірақ бұл ұғымның мазмұны өзгермей тұрмайды. Бұрынырақ мемлекеттік өкіметтер білім беруді демократияландыруды көбінесе құқықтық жағынан қарастырып, толық орта жіне жоғары білімге жастарды көбірек тартуды лның басты көрсеткіші деп есептеп келді. Қазір демократияландыру кең ауқымда түсіндіреді. Білім беру жөніндегі жаңа заңдар және педагогикалық құжаттар білім берудің әртүрлі барлық сатыларының қатаң сабақтастығы орнатылуын, оқуға мүмкіндік болуын көздейді. Оқу орындарының барлық түрлерінде оқу сапасын көтерудің, білім берудің мазмұнын өмірмен байланыстырудың, оқушыларды жоғары азаматтық, моральдық және эстетикалық мұрағаттарға тәрбиелеудің аса маңыздылығы атап көрсетіледі. Бұл міндеттерді орындау ең дамыған елдердің өзінде де толық жүзеге асырылмай жатыр. Барлық елдерде шешілмеген мәселелер орын алуда.

Мемлекеттік принцип – білім беру жүйесінде мемлекеттік мақсат пен міндеттер бірінші орында болуы қажет. Мемлекеттік оқу орындарында міндетті тегін білім беру, студенттер мен оқушыларға стипендия және жеңілдіктер берілуі керек.

Еркін таңдау принципі – оқушылардың қай тілде, қай оқу орында (мемлекеттік, жеке меншік) оқуына ерік беру. Оқулық, оқу нысанымен әдістерінің әртүрлі болуы ескеріледі.

Сабақтастық принципі – оқу орындарының барлық түрінде оқуға, оқудың төменгі басқыншынан жоғары басқыншына өтуге еркіндік болуы.

Қоғамда орнын табуға көмектесу принципі – оқу мен тәрбиеленудің бірлігі, оқу-тәрбие мекемелері мен отбасы, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдарының балалар мен жастарды тәрбиелеуде ынтымақтасуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет