Психология және арнайы білім беру кафедрасы



бет49/52
Дата17.01.2022
өлшемі0.64 Mb.
#454615
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Салыстырмалы педагогика және психология

Білім беру құрылымы:

  • Міндетті білім беру;

  • Білім берудің деңгейлері мен сатылары;

  • Оқытудың жасы;

  • Оқу сатысына қарай оқу орындарының түрі;

  • Сабақтастық;

  • Білім алғандығы туралы құжаттар;

  • Жалпы және ерекше.

Оқу процесі:

- материалдық-техникалық жабдықтау;

- оқу орындары қызметінің мақсаттық бағыты;

- білім берудің мазмұны;

- оқыту технологиясы мен әдістері;

- білім беруді бақылау және есепке алу.

Жеке тұлғаның қоғамдағы орнын табуға көмектесу:



  • Жеке тұлғаны тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері;

  • Тәрбиелеу мен дамыту бағдарламаларының мазмұны;

  • Жеке тұлғаның қоғамдағы орнын табуға көмектесудіңи және тәрбиелеудің технологиясы мен әдістері;

  • Жеке тұлғаның дамуының диагностикасы.


Білім беру жүйесін реформалау

ЮНЕСКО-ның бағалауы бойынша, ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін дүниежүзінде білім беру жүйесінде бірінші түрлі (ретті) реформа іске асырылады. Ол негізінен білім беру мазмұнын жаңартуға, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсартып, оларды кадрмен жабдықтауға бағытталған еді.

80-жылдардан бастап дүниежүзінің көптеген елдерінде білім беру реформасының екінші түрі басталды. Ол білім беру жүйесінің өзін елеулі өзгертуге бағытталды, білім берудің мақсаты мен оған деген көзқарас өзгерді, себебі білім беру ақпарат дамып отырған қоғамда маңызды әлеуметтік-экономикалық және мәдени прогресс құралына айналды.

Білім беру жүйесін реформалаудың себептері:



  • Елдің дамуының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;

  • Ғылыми-техникалық прогресті дамытудың қажеттілігі, үнемі жаңа, аса күрделі технологияның пайда болуы;

  • Халықаралық бәсекелестік;

  • ХХІ ғасырдың басындағы дүниежүзілік және отандық ғылым мен практикадағы өзгерістер туралы болжамдар;

  • Басқа елдерінің білім берудегі тәжірбиелері, салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің нәтижелері;

  • Дүниежүзілік қауымдастықтың нығаю тенденциясы, халықаралық байланыстардың дамуы және нығаю;

  • Білім беру жүйесіндегі кемшіліктер, көпшіліктің наразылығы.

Білім беру жүйесін реформалаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Эволюциялық реформалау (ЮНЕСКО-ның жүйелеуі боцынша реформаның бірінші түрі, онда білім беру жүйесінің жекелеген жақтары жетілдіреді және жаңартылады);



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет