Жануарға эксперименттік жұмыс жүргізу.
Жануарға жүргізілетін эксперимент ең алдымен медицина саласына тиімді. Зерттеу жұмысын психология саласынан да жүргізіледі. Яғни зерттеу көбінесе маймылдарға жүргізілген. Өйткені зерттеулердің айтулары бойынша адам мен маймыл психикалары бір біріне ұқсас.
ІІ модуль бойынша дәрістер
8Тақырып: Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде
1.Салыстырмалы педагогиканың объектісі мен пәні
2.Салыстырмалы педагогиканың функциялары (қызметі) мен міндеттері
Салыстырмалы педагогиканың пәні, мақсаты мен міндеттері туралы пікірталас педагогикалық білімнің осы саласы пайда болған кезден басталды және күні бүгінге дейін жалғасып келе жатыр. «Салыстырылғанда білім беру жүйесі салыстырылады, ал салыстыру әдісі әрқашанда ғылыми талдау болғандықтан «салыстырмалы педагогика» термині болғаны заңды деп есептейді ғалым А.Векслиар».
«Қазіргі қоғамның ғылыми және практикалық талабына сай теориялық, методологиялық және кадрлық сенімді негізі болатындай дәрежеде СП жалпы педагогиканың саласы болып әлі қалыптаса қойған жоқ. Қазіргі салыстырмалы педагогиканың міндеттері туралы және оның қоғамдағы қызметі жөнінде жалпы түсінік алу үшін жас мамандарды педагогтік қызметке даярлауға алда тұрған практикалық мақсат жете ескерілу керек. Ол мақсат шетелдердегі қоғамдық даму мен білім беру саласындағы әртүрлі процестерді зерттеуді қажет етеді. Олардың жағымды, жағымсыз жақтарын анықтау және даму тенденцияларын белгілеу, осылардың нәтижесінде қажетті білімдерді игеру отандық педагогиканың теориясы мен практикасының дамуы мақсатында жаңа жоғары ұлттық дәрежеде тәжірбиелік жұмыстар жүргізуге негіз болады...»
Қазіргі заманғы салыстырмалы педагогиканың міндеті мектепке дейінгі, мектептегі және мектептен кейінгі жүргізілетін үздіксіз білім беру жүйесінің барлық буындарының жайы мен даму келешегін талдау болып табылады. Атап айтқанда, мектепке дейінгі тәрбие берудің қойылу жайын салыстыра талдау белгілі бір елдің білім беру жүйесіне баға беруде маңызды материал бере алады. Қоғамдық қызметі үлкен өзгеріске ұшырап отырған жоғары білім беру мәселелерін салыстыра зерттеудің зәрулігі барған сайын артып отыр.
Салыстырмалы педагогиканың пәнін анықтағанда жалпы мен жалқының диалектикасы, білім беру мен педагогика ғылымының дүниежүзілік байланыстылығы ескерілуі керек. Дүниежүзілік қауымдастықтың (мәдениет) және жеке тұлғалардың жаан-жақты даму талабына сай білім беруді жетілдірудің ұтымды жолдарын болжау мақсатымен білім берудің жүйелерін тарихи-салыстырмалы типологиялық тұрғыдан зерттеп, соның нәтижесінде оның даму заңдылықтарын, жалпы және аймақтық тенденциялары мен арнайы ерекшеліктерін анықтау салыстырмалы педагогиканың пәні болып табылады.
Салыстырмалы педагогиканың міндеттерінің ауқымы өте кең, өйткені ол педагогиканың және оның салаларының барлық мәселелерін қамти алады.
Ғылыми-педагогикалық білімдердің дербес саласы болып табылатын салыстырмалы педагогиканың оқу пәні ретіндегі міндеттері мынадай:
-басқа елдердің білім беруді реформалау тәжірбиесін зерттеу;
-білім берудің шетелдік тәжірбиесін өз еліндегі тәжірбиесімен салыстырып, айырмашылықтарына педагогикалық баға беру;
-Қазақстан Республикасында білім берудің тәжірбиесін зерттеген шетелдік зерттеушілердің материалдарын талдау;
-шетел тәжірбиесінің элементтерін еліміздің білім беру жүйесіне тасымалдаудың мүмкіндіктері мен жолдарын анықтау;
-қазақстандық білім беру жүйесін дүниежүзілік және еуро-азиялық білім беру жүйелерімен ұштастыру шараларын қарастыру;
-білім беру проблемалары жөнінде халықаралық зерттеулерге қатынасу.
Достарыңызбен бөлісу: |