Концепция (тұжырымдама) – негізгі идеяға топтастырылған зерттеу объектісіне қатысты көзқарастардың жүйесі.
Жетекші идея – алынған мәліметтерді, фактілерді түсіндіреді, зерттеу қызметінің нақты мазұнын, нысанын және әдістерін белгілейді.
Зерттеу әдістері – құбылыстарды зерттеуге және алуан түрлі ғылыми мәселелерді шешуге арналған әдіс, тәсілдердің жиынтығы.
Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері:
А.М.Столяренко салыстырмалы педагогиканың бірнеше методологиялық принциптерін ұсынды: шындық, жинақтылық, жүйкелік, нақты тарихи талап, педагогикалық тәжірбиенің қайшылығы. Біздіңше, алғашқы үшеуі – негізгі принциптер де, төртіншісі салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің тәсілі болып табылады, ал соңғысының дүниежүзілік педагогикалық тәжірбиенің негізі екендігінде талас жоқ.
Шындық. Шындық принциптерінің талаптары:
Әр фактіні бірнеше әдіспен тексеру;
Эксперименттің немесе тәжірбиелік жұмыстың барысында алынған әрбір материалды, фактіні анықтап, қайта тексеріп отыру;
Эксперименттің қорытындысында жағымды нәтижелерді анықтап қоймай, жағымсыз нәтижелерді де анықтап отыру (ғылым үшін оның екеуі де маңызды)
Өз зерттеуінің мәліметтерін басқа зертеушілердің нәтижелерімен салыстыру, зерттеліп отырған құбылыс немесе сападағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтау;
Салыстыру арқылы ғылыми мәліметтерді анықтау (зерттеліп отырған құбылысқа, процеске, сапаға салыстырмалы сипаттама беру);
Алынған ғылыми мәліметке субъективтік әсер ететін зерттеушінің көңіл күйі, сезімі, ұнату немесе ұнатпауы үнемі бақылауда болуы қажет...
Жинақтылық. Мәселені зерттеудегі жинақтылық принципінің талаптары:
Зерттеуде бірнеше міндет қойылуына орай педагогикалық ұбылысты зерттеуге мақсатты талап қойылуы (құбылыстың мәні, қозғаушы күштер, ішкі факторлар, сыртқы жағдайлар, осыған байланысты құбылысқа педагогикалық басшылық жасау);
Зерттелетін құбылыс пен процестің басқалармен байланысын мүмкіндігінше кеңірек қамту және соның негізгілерін анықтау;
Зерттеу жұмысын жүргізуде сырттан болатын барлық әсерлерді ескеру, педагогикалық процеске жағымсыз әсер беретін кездейсоқ жағдайларды болдырмау;
Әрбір педагогикалық фактіні әртүрлі зерттеу әдістері арқылы сан рет тексеру, алынған мәліметті үнемі тексеру және анықтау;
Зерттеуде алынған нәтижені философиялық, қисындық және психологиялық-педагогикалық талдау.
Жүйелік – «Зерттелген организмді (мәселені) оның жекелеген бөліктерімен және оны қоршаған ортамен өзара байланысын қоса тұтас қарастыру».
Достарыңызбен бөлісу: |