Психология және арнайы білім беру кафедрасы


тақырып: Білім беру саясатының өзектілігі



бет43/52
Дата17.01.2022
өлшемі0.64 Mb.
#454615
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52
Салыстырмалы педагогика және психология

12тақырып: Білім беру саясатының өзектілігі

1. Білім беру саясаты салыстырмалы педагогикалық зерттеудің нысаны ретінде

2. Білім беру саласы және заң

Білім беру саясаты – білім беру жүйесін ұйымдастырудағы және білім беру ісін жүзеге асырудағы мемлекеттік өкімет органдарының әрекеті. Білім беру саясатына талдау жасамай, ешқандай салыстырмалы педагогикалық зерттеу жүргізуге болмайды. Білім беру саясаты заң шығаруды, қаржы саясатын, білім беруді басқаруды және жоспарлауды қамтиды. Білім беру саясаты белгілі принциптермен сипатталады және халықаралық тәжірбиеде қабылданған өлшемдерге сай талданады.

Білім беру саясаты мен білім беру жүйесін реформалау білім беру саясатының қайшылықтары мен заңдылықтары негізінде өте терең байланысқан. Осылардың бәрі білім беру саясаты саласындағы ғылыми-педагогикалық білімдер жүйесін игеруге бағытталған модульдің алгоритімін құрастырады.

Білім беру саясатын зерттеудің өзектілігі

Ғасырлар бойы білім беру өндіріспен байланысты болған жоқ және оған белгілі әсер де болмады. «ЮНЕСКО-ның бағалауынша, ХІХ және ХХ ғасырлар арасында дүниежүзінде халық ағарту қызметкерлері алдымен педагогикалық және мәдениет саласындағы міндеттерді шешумен шұғылданды. Білім берудің экономикалық қызметі көріне қоймды. Өйткені өткен ғасырда дамыған елдердің өзінде көбінесе дене еңбегі басым болды». Білім беру жеке адамдардың қолында болды және білім таңдаулы адамдарға берілді. Өткен ғасырдың аяғында ғана Америкада алғашқы тегін оқытатын орта мектептер пайда болды (Comprehensive High Schools).

Алайда Адам Смиттен бастап экономистер білім беру ісімен шұғылданды, ол салаға қаржы бөлудің пайдалы екенін түсінді. Кейінірек білім берудің, саясаттанудың, экономиканың, басқару мен әлеуметтанудың дамуына байланысты білім мен кәсіптік дайындық беру мәселелеріне көзқарас өзгерді.

Егер өткен ғасырдағы өнеркәсіптік төңкеріс сауатсыздықты жоюды және кең көлемде бастауыш білім беруді талап етсе, қазіргі ғылыми-техникалық төңкеріс жаппай орта білім беру жүйесін құруды күн тәртібіне қойды. Сонымен бірге ортадан жоғары білім беруге жастарды кеңірек тартуды талап етті. Сондықтан, білім беру мен мамандарды қайта даярлаудың деңгейін көтеру мәселесі өндірісті жаңарту мен жаңа тнхнологияны құру жоспарының маңызды құрамды бөлігіне айналып отыр.

Білім беру саясатының методологиясы

Әр мемлекеттің білім беру саясатының методологиялық негізі – заң ғылымы, құқық, экономикалық теория және басқару теориясы. Ғылыми білімнің осы салалары білім беру саясатын ұйымдастырудың негізін және тәсілдер жүйесін белгілейді, білім беру жүйесін реформалауды жаңа ғылыми идеялармен, практикалық міндеттерді шешу құралдарымен қамтамасыз етеді.

Білім беру саласы және заң:

Әр мемлекеттің білім беру саясатының негізі заңға сүйенеді. Заң елдегі білім беру жүйесінің даму тенденциясы мен келешегін белгілейді. Мемлекет Президенті, Үкімет, Білім беру министірлігі, білім беру мекемелері педагогтік кадрлар, студенттер мен оқушылардың құқығы мен міндеттерін нақты анықтайды.

Конституция – «мемлекеттік өкімет органдарының, әкімшілік пен соттың ұйымдастыру принциптерін және әрекетін, азаматтардың негізгі құқығын, еркіндігін және міндеттерін белгілейтін, ең жоғары заң күші бар елдің негізгі заңы (немесе ең негізгі заңдардың жиынтығы)». «Адам құқығы туралы алғашқы заң» 1776 ж. Америка штаты Вирджиния Конституциясында, кейін 1791 ж. Адам құқығы туралы Билледе қабылданды. Кейінгісі 1781 жылғы Америка Конституциясына он қосымша болып табылады.

Президенттің жарлығы – қазіргі көптеген елдерде мемлекет басшысының акті. Жарлық заңдық мазмұны бойынша нормативтік (яғни жаңа заңдық норманы белгілеу) немесе нормативтік емес болуы мүмкін (мысалы, қызметке тағайындау, орденмен марапаттау және т.б)

Заң – елдің аумағындағы барлық субъектілердің экономикалық және қоғамдық мінез-құлқының міндетті ережелері мен нормаларының мемлекет белгілеген жиынтығы. Оған шектеу мен тыйым салынатын жайлар да енеді. Конституциялық тәртіппен мемлекеттік үкіметтің заң органдары немесе елдің Президенті қабылдаған құқықтық-нормалық актілер (заңдар, жарлықтар) заң болып табылады. Олар басқа нормативтік құжаттар үшін (қаулы,ереже, нұсқау) жоғары заң күші бар құжат болып саналады.

Қаулы – 1. Есепті, әр жылғы бюджеттің орындалуы, министрлерді тағайындау, Жоғары сот мүшелерін сайлау және т.б. туралы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының (елдің парламентінің) актілері.

2. Парламенттің заңдары мен жарлықтары негізінде және оны орындау мақсатымен мемлекеттік өкіметтің жоғары атқарушы және жарлық беруші органы – Министрлер Кеңесінің өз билігі шеңберінде шығаратын басқару актілері.

Бұйрық – Министрліктердің және олардың басқарма, бөлімдерінің, мекеме, кәсіпорын мен ұйымдардың басшылары шығаратын басқару актілері. Заңдық норма бойынша бұйрық нормативтік акт бола алады. (Министрдің, басшының бұйрығы бойынша ереже, нұсқау бекітіледі). Сонымен бірге іске асыру актісі бола алады (қызметке тағайындау, жоспарлы тапсырма белгілеу)

Нормативтік актілер мен ережелер – белгілі біртекті қатынастарды реттеуге арналған заңдық нормалар (мысалы министрліктер туралы ереже, жоғары оқу орындарына қабылдау ережесі және т.б.).

Білім беруді дамытудың концепциясы – білім беру реформаларын жүзеге асыру кезіндегі іс-әрекеттің стратегиясын анықтайтын негізгі тұжырым.

Білім беруді дамытудың стратегиялық бағдарламасы – білім берудің ұлттық жүйесін жетілдіру жөнінде мемлекет өкіметінің белгілі тарихи мерзімде алдына қойған негізгі мақсатын жүзеге асыруға арналған күрделі шешімінің бағдарламасы. Стратегияның ерекшелігі мемлекет қолындағы күш пен қаржыны жұмсаудың уақыты мен кеңістігін жете ойластыруда және пайдалануда; басты мақсатты орындауда оның негізгі кезеңдерін дұрыс анықтауда; әр кезеңнің ерекшелігін, артықшылығы мен кемістігін жете түсінуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет