«Психология тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының тезистері


Олпорт Гордон (1897-1967)



бет27/31
Дата02.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#461807
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
5 тезис тарих

Олпорт Гордон (1897-1967).
Американдық психолог, тұлғаның диспозициянальды концепциясын қорытындылаған. Гарвард университетінде білім алған. Берлин, Гамбург, Кембридж университеттерінде тәжірибе жинаған. 1942-1967 жыл арлығында Гарвард университетінде сабақ береді. 1937 жылы Г.Олпорт «Journal of Abnormal and Social Psyhology» журналының бас редакторы болды.
1937 жылы Г.Олпорттың «Личность: психологическая интерпритация» атты еңбегі жарық көрді. Олпорт ең бірінші болып әлемде бірдей екі адам болмайды деген ойды қарастырған болатын, оны зерттеуге ғылымға тағы бір «даралық диспозициялар» терминін енгізді.
Роджерс Карл (1902-1987)
Американдық психолог. Висконсина, Колумбиялық университеттерінде білім алды. К.Роджерс Чикаго, Висконсина, Огайо университеттерінде сабақ берді. Гумманистік психологияның таратушыларының бірі болды. Көп елді аралаған Р.Карл 1986 жылы Кеңес одағында болды. Өз жұмыстарында Рочестер қаласында зардап шеккен балаларды зерттеп жазды. Р.Карл психотеропияның мағыналық мәнін қайта қарастыруға асықты.
Р.Карлдың тұжырымдамасы бойынша адамды қалыптастыратын бірнеше факторларды атап көрсетті:
1) бостандықты еркін сезіну;
2)қобалжуға деген ашық көзқарс;
3)өз ісіне жауапты болуы;
4)Креативтілік;
Маслоу Абрахам(1908-1970)
Американдық психолог. Висконсинск университетінде білім алды. Педогогикалық Колумбиялық колледжде сабақ берді, оған қоса Бруклиндік колледж бен университетте сабақ жүргізді.
А.Маслоу адамды қайталанбас жан деп түсіндірген.
1954 жылы А.Маслоу «Мотивация и личность» атты еңбегі жарық көрді. Осы кітапта адам туған сәтінен бастап өзінің қасиеттерін ашуға бағытталып іздестірді делінген.
А.Маслоудың ойлауынша адам қажеттілікті өтеу барысында көптеген қиындықтардан өтеді, адамның қажеттіліктері пирамида түрінде бірінші орында физиологиялық қажеттіліктер, екінші орында қауіпсіздік қаражаттары, үшінші орында сезім,махаббат, төртінші орында мойындау қажеттілігі пирамиданың төбесінде өзіндік актуальдылық тұрады.
А.Маслоу адам мотивациясының екі түрін атап көрсеткен: 1) өсу мотиві; 2)дефицитті мотив.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет