Н.Г. Чернышевский. Психологияның пәні, міндеттері және әдістері.
Н.Г. Чернышевский (1828-1889ж.ж.) Добролюбовтың жалғастырушысы болды. Н.Г. Чернышевский Ресей материалисттерінің ішінен бірінші болып затқа ғылыми психологиялық әдістерімен тапсырмаларына сұрақ қоя білді. Психологияны нақты білімдер қатарына енгізген.
Жаратылыстану ғылымдарының нақты әдістер зерттеулерінде белгілі бір заңдар мен қажетті себептер бар. Осыдан психологияның басты міндеті шығады, ол психологиялық құбылыстар себептерді анықтау. Н.Г. Чернышевский ғылыми психологияның құрылуын біріншіден психологиялық заттың дұрыс анықтамасын табумен, екіншіден дұрыс зерттеу әдістерін табумен байланыстырды.
Сонда психикалық заңдар мен себептер қандай ? Бұл адам психикасының сыртқы ортаға, физиологиялық процесстерге тәуелділігі. Келесі заңдылығы психикалық процесстердің өзара әсерлері, олар сыртқы ортаға жағдайдан туындайды. Барлық психологиялық құбылыстар пайда болатын денедегі ағзаларды іс-әрекетінен туындайды. Әрбір іс-әрекет екі заттың қатысуымен болады, олардың бір әрекет жасайды, ал екіншісі оны қабылдайды.
Н.Г. Чернышевский субъективті спекуляция туралы көзқарасын ұсынады,онда түйсікпен елестетуді сыртқы орта сенімсіздік тудырады. Түйсік арқылы ойлау процесстері дамиды.
Н.Г. Чернышевский адам психикасында ең маңызды рөлді қажеттілік деп есептеген. Қажеттіліктердің дамуын білім қабілеттерінің генезисімен байланыстырды (ес, ойлау, бейнелеу). Бірінші қажеттіліктерге органикалық қажеттіліктер жатады. Олардың орнын толтыру мөлшері адамгершілік-эстетикалық қажеттіліктер туындауына ықпал етті.
Жануарларды тек физикалық қажеттіліктері бар, олармен жануардың психологиялық өмірі бағытталып, анықталады.
Адамның дамуы жоғары болған сайын, онда әрбір ағзаның дамуға деген ұмтылысы артып, өз іс-әрекетінен рахат алуы көбейеді.
Адам психикасы анализінде Н.Г. Чернышевскийдің жетістігі темперамент пен мінез-құлықтың айырмашылығын табуы. Оның айтуынша, темпераментте тұқым қуалау немесе табиғи факторларға сүйенеді. Мінез-құлыққа келсек ол өмір жағдайларында, тәрбиесінде және адамның әрекеттерінде көрінеді. Сондықтан адамның жұмысы кезінде оның мінез-құлықтарымен ойлары көрінуі тиіс. Орыс материалисттерінен Н.Г. Чернышевский әлеуметтік психикалық даму түсінігіне көбірек көңіл бөлген. Н.Г. Чернышевский антропологиялық ұстанымы мағыналы болды, ол нақты негіздерге сүйенді.
Психикалық құбылыстардың табиғи құбылыстардан ажыратылуы психологияның нақты ғылымға айналуына әсерін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |