Перлз Фринц (1893-1970), неміс және американдық психолог, гештальттерапияның топтық негізін қалаушы. Берлиндік университетте білім алған. Берлинде, Франкфурте-на-Майнде, Венада психоаналитикалық практика жүргізді. 1933 ж Голландияға қоныс аударды, содан кейін 1935 жылы – Оңт. Африкаға қоныс аударды. Африкалық континент Йоханнесбургте алғашқы Психоаналитикалық институттың негізін қалады. 1946 жылы Ф.Перлз АҚШқа қоныс аударды. Онда 1956 жылы гештальттерапияның Нью-Йорксктік институтының негізі каланған.
Ф.Перлз адамның санасында маңызды сәттер орталық орынды алады, олар гештальтты құрайды, яғни фигураны, ал екінші реттегі ақпараттар артқы жақтан орын алады, яғни фон деп санаған. Ф.Перлз ойы бойынша гештальт белгілі бір уақыт мезетінде даминанттылық қажеттілік ретінде көрінетін арман немесе ой. Қажеттілікті қанағаттандыру шарасы бойынша, гештальттың аяқталуы болады, және ол жаңа гештальтқа өз орнын береді. Гештальттың туындауы және аяқталу процессінде ағзаның негізгі тіршілік әрекеті жатыр және олар индивидке өзара әрекет және өздерінің арасында оптималды тепе-теңдікке жетуді рұқсат етеді. Кейде қажеттілікті қанағаттандыруға болмайды, себебі гештальт аяқталмаған болып қалады және басқа гештальттарға орнын босатпайды. Аяқталмаған гештальттар көптеген психологиялық мәселелердің себебі болып табылады, біраз уақыттан кейін ағымдағы психикалық процесстерге әсер ете бастайды.
Ф. Перлз невроздар «фантазия зонасы» деп аталатын субъектінің жинақталуының салдары болып табылады, онда аяқталмаған гештальттар таратылмайды, ал гештальттерапевтің тапсырмасы қазіргі жағдайды түсінуде емделушіге көмек көрсету болып табылады.
Структурализм және функционализм
В.Вундттың шәкірті Эдвард Титченер арқасында 19.ғ соңында Америка Құрама Штаттарында ғылыми мектеп – структурализм пайда болды. Структуралистер шешуіге талпынған негізгі міндет сана құрылымын құрайтын психикалық материалды табу болды.
Титченер Эдвард (1867-1927) американдық психолог. Оксфорд университетін бітірген. 1892ж В.Вундттың қолдауымен докторлық дицертациясын қорғап шықты. 1892 жылдан 1897 жыл аралығында АҚШ Корниль атындағы университетінде психология факультетінің деканы болып қызмет атқарды.
1901-1905жылдар аралығында Эдвард Тиченер төрт томнан тұратын «Эксперементальная психология» атты еңбегін жарыққа шығарды. Эдвард Титченердің бойынша психологияның зерттеу пәні - бұл сана құрылымы.
Эдвард Титченер ғылымда үш басты мәселені шешу керек деп есептеген.
Сана құрылымындағы қарапайым компоненттерді анықтау.
Сананың қарапайым компоненттері бір бірімен неліктен байланысатынын түсіндіретін заңды сипаттау.
Осы заңдарды физиологиялық ұйымдасулармен байлнастыру.
Э.Титченер бойынша зерттеу тәсілі болып – аналитикалық интроспекция болып табылады.
Сынаққа түсуші обьектіден таралған құрамдас бөліктерді бөліп көрсетуі тиіс, яғни обьектіден тарайтын немесе өзіндік қобалжу сезімдерінен туындайды.
Зертеушілерге физикалық мінез құлық тек қана стимулды қателік деп атап көрсетеді.Зерттеу жұмыстары барысында Э.Титченер және оның оқушылары (шәкірттері) П.Гильфорд, Э.Боринг, т,б 44.000 астам сенсорлы сапалар сипатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |