Аристотель (б.з.д 384 – 322 ж) македон сарайындағы дәрәгердің ұлы болған. Ұлы Александр Макендоскиді тарбиелеген. Аристотель Платонның мектебін өтуіне қарамастан Платонның жанның табиғаты жайлы ой пікірін жеңе білді. Антика кезеңінде ең алған рет Аритотельмен тірі және өлі ағзалардың арасынан шек жүргізілді. Оның ойы бойынша жан – ол денені ұйымдастыру тәсілі. Жанның мағынасын ұғу үшін Аристотель «энтелехия» терминін қолданады. Ол жанның дамуының үш кезеңін бөліп көрсетті: өсімдіктер (вегетативті), жануарлар (сезімдік) және адамдар (саналы). Даму деңгейінің үшінші кезеңі тек қана адамға тән. Аристотельдің ойы бойынша жанның орталығы жүрек болып табылады. Ол жанды денеден бөлек өмір сүре алмайды деп, сол кездегі ойлардың бәрін теріске шығарды. Темперамент мәселесін құрастыра отырып Аристотель адамның белсенділігі қанның детерминациялық құрамымен байланысты: сангвинниктер - жеңіл қанды тасушылар, холериктер – жылы қанды тасушылар, флегматиктер – сұйық қанды тасушылар, ал меланхоликтер ауыр қанды тасушылар болып саналады. Қоршаған ортаны танып білу сезім мүшелері арқылы жүзеге асады, сезім мүшелерінің орталығы болып «жалпы сезімталдық» есептеледі. Оның ойы бойынша еске түсіру ол шындық пен өткен өмір арасындағы байланыс. Аристотель бойынша таным ол әрқашанда дамушы поцесс, ол оның негізгі төрт кезеңін бөліп көрсетеді: 1) түййсік, 2) елестету, 3) тәжірибе және 4) ғылым.
Аристотельдің ықпалымен пайда болған стоицизім (б.з.д IV ғ – 529 ж) ғылыми жүйесі б.з.д 529 жылға дейін қызмет етті, имперетор Юстиниян философиялық мектептердің функциялануына тыйым салған кезде бұл ғылыми жүйе де жұмысын тоқтатады.
Стоик мектебінің негізін салушы Зенон (б.з.д 336 – 264 ж). Стоизм жүйесінің беделді өкілдері – Клеанф, Хризипп, Персей, Аристон, Диоген болып табылады.
Стоиктер «пневма» ойын құрастырды. Әлемде барлық заттар белсенді күштердің соғылуынан пайда болады. Пневманың белсенділігі Ғаламшардың қараңқы аймақтарында пайда болады:
Өлі табиғат деңгейінде – пневманың белсендігі минемалды;
Өсімдіктер сатысында – пневма белсендірек болып өсімдіктердің өсуіне ықпал жасайды;
Жануарлар сатысында – пневманың белсенділігі жоғарылай түседі, сезімталдылық пен қозу байқалады;
Адам сатысында – пневманың максималды көрінуі байқалады, адам жанымен әсерлеседі.
Стоиктермен жанның сегіз қабілеті бөліп көрсетіледі:
Көбеюге қабілеттілік;
Сөз қабілеттілігі;
Көру қабілеттілігі;
Есту қабілеттілігі;
Дәм сезу қабілеттілігі;
Жанасу қабілеттілігі;
Иіс сезу қабілеттілігі;
Гегемоникон – жанның бағыттаушы қабілеттілігі.
Стоиктер аффектер жайлы оқуды құрастырды, олардың ойы бойынша аффект адамнның санасына қарсы тұра алады. Олар аффектің төрт негізгі түрін бөліп көрсетеді:
Қайғыру;
Қорқыныш;
Көсемдену;
Қанағаттану немесе ләззат алу.
Стоиктерді ойы бойынша адам өзінің аффектерінің құлы болып табылады. Ал адамның өмірінің мақсаты - өз құмарлығын жеңе білу.
Достарыңызбен бөлісу: |