5-тақырып. Қайта өрелу дәуіріндегі психоло-гияның дамуы.
Ағылшын ассоцианизмі
XVIII ғасырда психологиялық ойдың дамуын сипаттай отырып, Англиядағы ассоцианизмнің қарқынды дамуын атап өткен жөн. Ағылшын ассоцианизмінің өкілдері Д.Беркли, Д.Гартли және Д.Юм.
Джордж Беркли (1685-1753), епископ,философ,математик және физиолог. Дублинск университетінде білім алған. Беркли бойынша, кеңістік пен материяның ортақ идеяларын қалыптастыру мүмкін емес,заттарды жеке қасиеттерінен ажырата отырып және материяны осылайша сезімдік қабылдау адамдарда жоқ деген.
1709 жылы Д.Беркли өзінің «Опыт новой теории зрения» атты кітабын шығарады, онда кеңістікті көру арқылы қабылдау теориясының негізін баяндады. Д.Берклидің ойынша,қабылданатын заттардың кеңістік сипатын субъект көз бұлшықеттерінің жиырылуынан пайда болатын, бұлшықет түйсіктерінің арқасында қабылдайды. Яғни, адамға ол кеңістіктегі созылған денелерді көретін сияқты, оның үш өлшемінде (көз қарашығында екі өлшемді бейне қалыптасатыны Берклиге мәлім еді).
Берклидің пайымдауынша,адамның көзі заттардың кеңістіктегі сипатын қабылдамайды (өлшем т.б) Беркли өзінің кеңістікті көру арқылы қабылдау теориясында «жанасу» түсінігін енгізді.
Жанасу көрумен ассоциативті байланысқа түседі,субъектке көру арқылы қабылдау мүмкін емес болады. Жанасу мен көру арасындағы ассоциативті байланыстардың пайда болуының себебі- жиі қайталау болып табылады.
Міне сондықтан да жанасу сапалары(қашықтығы,үлкенділігі,формасы) көру арқылы да қабылданады.
Дэвид Гартли (1705-1757) ағылшын ассоцианизмнің көрнекті өкілі,философ,дәрігер.
1749 жылы Д.Гартлидің «о человеке,его строении,его обязанностях и его упованиях»,атты кітабы жарық көрді,онда Гартли адамның психикалық өмірі вибрация заңына бағынады деген.
Д.Гартли адамның жан дүниесі вибрациялардың өзара әрекетімен детерминацияланады деген,ол ассоцианың негізінде жатыр және абсолютті материалды-физиологиялық процесстер болып табылады.
Д.Гартли бойынша,психикалық өмірдің үш негізгі элементі бар:
1)сенсация (түйсік);
2)идеация (түйсік идеялары);
3)аффекция (қарапайым аффективті тон) - қанағаттану немесе қанағаттанбау.
Бұл негізгі элементтер бүкіл психикалық өмірдің негізінде жатыр, бір-бірімен ассоциация механизмінің негізінде өзара әрекеттеседі. Ассоциация механизмі келесі аффектердің ұғымдар, естеліктер, бейнелер, қозғалыстар т.б пайда болуына негіздейді.
Д.Гартлидің пайымдауынша адамдардың дамуындағы мәнді күштер қанағаттану мен зардап шегу деген. Аффектілер тәрбие нәтижесі және зат пен аффекция механизмдерінің ассоциациясы арасында пайда болады. Балада жағымды іс-әрекет тудыру үшін,онда ассоциация заңы бойынша жақсы құмарлықтар қалыптастыру керек.
Дэвид Юм (1711-1776), ағылшын философы,тарихшы және экономист. Эдинбург университетінде заң білімін алды.
1748 жылы Юм өзінің «Исследование о человеческом познании» атты еңбегін шығарды. Онда өзінің таным теориясының жағдайы туралы жазады. Ассоциация негізінде пайда болған сезімдік тәжірибе адамның білімінің негізгі көзі болып табылады деген тезис ұсынған.
Юм адамдардың танымдарының механизмдерін түсіндіру үшін ассоциация теориясын қарастырады. Юм ассоциацияның оригиналды жіктеуін ұсынды, ассоциацияның екі түрін ажыратты: 1) кездейсоқ; және 2)дұрыс.
Кездейсоқ немесе дұрыс емес ассоциация деп Юм кеңістіктегі немесе уақыттың араласу заңы бойынша пайда болған ассоциацияны айтты. Ал дұрыс немесе табиғи ассоциация Юм бойынша, ұқсастық немесе себептілік заңдылығымен пайда болған ассоциация. Себептілік мәселесін зерттегенде Юм мынадай қорытындыға келеді: себептіліктің бар екенінінде адамдарды көндіру негізінде ассоциация механизмі жатыр деген.
Достарыңызбен бөлісу: |