«Психология тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының тезистері


Лейбниц Готфрид (1646-1716)



бет8/31
Дата02.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#461807
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
5 тезис тарих

Лейбниц Готфрид (1646-1716) неміс философы, математик, мемлекет қайраткері. Философиямен юриспруденцияны Лейпцистік және Йенстік университетте білім алған. 1700 жылы өзі құрған Берлинстік ғылыми қауымды басқаратын бірінші президенті болды. Бірнеше рет Петр I кездескен оның проектыларына Санкт-Петербургтегі Академия ғылымынның ұжымы және Россиядағы мемлекетті басқару дамуының проектісі жатады. Негізгі философиялық шығармалары: «Рассуждение о метофизике ...» (1685), «Новая система природы» (1695), «Ноыве опыты о человеческом разуме» (1704), «Теодицея»(1710), «Монадология»(1714).
Лейбництің ойынша адамның жанында ең бірінші теория мен ұғым болады, оның болу себебі сыртқы объектілердің әсерінен. Г. Лейбниц өзінің теориялық құрылымында перцепция мен апперцепция ұғымын қолданған болатын. Перцепция ұғымы бойынша ол қоршаған әлемнің тежелуі, ал апперцепция ұғымы бойынша бұл қоршаған әлемнің белсенділігі деп түсіндірген болатын. Адам жанында әрқашан «кіші перцепция» әрекеті болады, яғни санамыз қабылдамайтын жағдайлар.
Лейбниц бойынша бүкіл әлем бөлінбейтін бірінші тұрмыстық элементтерден тұрады. Оларды «монада» деп атаған. Әрбір монада бүкіл әлемде не болып жатқаның бәрін қабылдайды деген.
Оның пікірінше, белгілі өзінің заңджылықтары бойынша тән мен жан өз бетінше жұмыс атқарады, ал гармония болса құдаймен жаратылған. Тән мен жанның қалай ұқсас екенін Г.Лейбництің түсіндіруін психофизиологиялық параллелизм деген атауға ие болды.


3-тақырып. Жаратылыстанудың дамуы.
Араб шығысындағы психологиялық ойлар
Б.з.д VII ғасырда ислам негізінде араб тайпалары бірігіп Халифатын мемлекетін құрады. Ол өте үлкен териториялық құрылымның пайда болуына әкеледі. Араб ғылымының дамуы антикалық ойларға сүйемелденеді. Антикалық еңбектер араб тіліне қарқынды аударылғандықтан нақты ғылымдар тез дами бастады. Халифаттағы танымал ғылыми ойшылдар болып: Ибн-Сина, Ибн-Аль-Хайсам және де Ибн-Рушид болып есептеледі.
Абу Али Ибн-Сина (Авиценна) ( 980 – 1037 ж), тәджік дәрігері, ғалым «Дәрігер ғылымының Канон» атты еңбектін авторы. Ибн-Сина жас ерекшелік психологиясының негізін қалаушылыардың бірі болды. Тәрбие мәселесіне тоқтала отыра ол ересек адамдар баланы тәрбиелеу кезінде оның мінез құлқын қалыптастырады деген ойға келді.
Ибн-Сина психолгиялықты және физиологиялықты эксперимент жүзінде дәлелдеуге талпыныс жасады. Оның тәжірибесі келесідегідей болды: біреуінің қасына қасқырды байлап қойып екі қойды бірдей тамақтандырды, қасқырдың жанында тұрған қойтез арықтап өле бастады.
Ибн-Сина адамның жаны оның миында, жүрегінде және бауырында шоғырланады деді.Ол да Галеннің айтқан болжамын ұстанды. Мида шоғырланған жан санаға жауап береді. Жүректе орналасқан жан эмоцияға және аффектерге жауап береді. Бауырда орналасқан жан адамның қажеттіліктеріне жауап береді. Ол жанды мангі өлмейді деп есептеді. Ағзаның әр түлі жүйесінде жүретін өмірлік әрекеттерді Ибн-Сина физиологиялық өзгерістер контекстінде қарастырды.
Ибн-Сина түйсіктің без түрін бөліп көрсетті:

  1. Көру

  2. Есту

  3. Дам сезу

  4. Искеп сезу

  5. Сипап сезу

Оның ойы бойынша сезімталдылық жүйке жүйесінің өскіндері арқылы жүреді, ал оның таралуы жүйке жүйесіндегі бу тәрізді бөлшектермен іске асады. Түйсіктің мінездемесі болып: 1) Ұзақтылығы, 2) Интенсивтілігі, 3) Сезімталдық реңі саналады.
Ибн-Сина таза сананығң бар екенін, ол өз күшін құдай санасынан алатынын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет