«Психология тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының тезистері


А.Н.Радищев. Адам табиғаттың бір бөлігі ретінде



бет29/31
Дата02.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#461807
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
5 тезис тарих

А.Н.Радищев. Адам табиғаттың бір бөлігі ретінде
ХVІІІ ғ. материалистік дәстүр ойшылы және философы А.Н.Радищевтің (1749-1802) еңбектерінде жалғасын тапты. Радищевтің көпжоспарлы ғылыми жүйесінде адам мәселесі орталық орынды алды. Оған адам табиғаттың бір бөлігі болып көрінеді. Адамды табиғатпен байланыстыратын материалдық бастаулар.
«Ойлау» тек қана адамға тән. Радищев адам мен жануар арасындағы ортақ белгілерді ғана емес, адамның жануардан айырмашылықтарын да бөліп шығарды: тік жүру, қолының, ойлауының, сөйлеуінің дамуы, қоғамдық өмір сүру, жетілу мерзімінің ұзақтығы, қайғыға ортақтаса білуі.
Радищевтің психологиялық дамуында адам психикалық қасиеттердің онтогенетикалық даму мәселелері тұрады. Психикалық өткізу мүшелеріне ми, жүйкелер мен сезім мүшелері жатады деп есептеген. Ойларда, сезімдерде оларсыз болмайды. Психикалық қабілеттердің дамуы адамның физикалық қалыптасуының мөлшеріне байланысты.
Психикалық онтогенезді нұсқай отырып, Радищев тәрбиелеудің рөлін көрсетеді. Оның ойынша тәрбие жаңа ойдың күштілігін арттырмайды, ол тек оны қолдануға үйретеді.
Психикалықты Радищев түйсіктің бастау ретінде алды. Радищев ойлауға түйсік саны ретінде метофизикалық көзқарасқа қарсы болды. Түйсік пен ойлау арасындағы гигиеналық байланыс араларындағы тепе- теңдікті алдын ала болжамайды. Радищев ойлаудың жалпылау функциясын байқады, ол сезімтал әсерлерге тәуелсіз әрекет ету еркіндігін анықтады.
Ойлаудың белсенді рөлінен және басқа фактілерге сүйене отырып, ол жанның ерекше белсенді іс- әрекеті бар деген тұжырымға келеді, денеге тәуелсіз, бірақ оған әсер ете алады деген.
А.И.Герцен, В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбовтың философиялық- психологиялық көзқарастары
Орыс психологиясында А.И.Герценнің психологиялық көзқарастары маңызды рөл атқарады.
Герценнің "Табиғатты зерттеудегі хаттар" атты кітабындағы жетілген ойлар өзінің диалектикасымен ерекшеленеді. Герцен философия мен жеке ғылымдардың арасында байланыс орната білді, зерттеудегі эмпирикалық және рационалдықтың бірлігі, тарихтың және табиғаттың бір бөлігі, логикалық және сезімталдық бірлігі.
Герцен адамды табиғаттың бір бөлігі деп, ал оның санасын – тарихи дамудың бөлігі ретінде қарастырады. Герцен адамның жаратылыстанудан тарихиға көшетін шекараны көрді.
Герценнің психологияға деген ортақ көзқарасы оны ғылымға айналдырады, адамның физикалық жағымен адамгершілігі мұнда заттық құрал болып табылады.
Психология физиологияға сүйене отырып, одан тарихи және философиялық бағытқа жүруі тиіс. Адамның санасы мен ойлауы - бұл материяның жоғарғы дамуының түрі.
Сонымен қатар Герцен бір жақты Бэконның эмпиризмінен алыс болды. Ол эмпирияның міндетті түрде еніп және теорияға айналуы керек деп санаған.
Ғылыми психологияның дамуындағы келесі қадамы В.Г.Белинскийдің атымен байланысты.
Адамды толықтай және оның психикалық құрылымын бағалауда ол антропологиялық принципті ұстанды, психикалық және физиологиялық құбылыстарды біріктіре көрсетті, Белинский бір психологиялық құбылысты анықтау үшін бір физиологиялық негіз жетеді деген.
Ол физиология арқылы "адамгершілік дамудың физикалық процестерін бақылау" мүмкін деп есептеген.
Ғылыми психологияда материалдық дәстүрлердің жетілуіне Н.А.Добролюбовтың (1836-1861) ойлары көмектесті, онда психологиялық құбылыстардың сыртқы және ішкі денелік детерминациялары туралы жаңа күшпен әсер етуі жазылған.
Психология жайлы негізгі ойлар мына мақалаларда жазылған : "Философия", "өмірдің басы мен аяғы жайлы физиологиялық-психологиялық көзқарастар", "Адамның адамгершілік іс-әрекеті мен ақыл-ойына байланысты органикалық дамуы".
Добролюбов адам мәселелеріне байланысты көп сұрақтарды қарастыруға жаратылыстанудың жаңа белгілеріне сүйенеді. Қоршаған орта оңайдан қиынға қарай дамылсыз қозғалып, ылғи даму үстінде болады. Адам өзінің кейбір қасиеттері арқылы табиғаттың бір бөлігі болып табылады, ал материяның айырылмас бөлігі - ол күш. Адам үшін ол күш түйсік болып келеді. Ми – ол жалғыз "өмір сүру іс - әрекеттің жоғарғы шығу орталығы" және ойлау оған тура қатысы бар.
Добролюбовтың бұл негізгі тезисі дуализмге қарсы бағытталған. Дөрекі материалистікке де қарсы болды. Әсіресе Добролюбов мидың үлкенділігімен сыртқы пішініне қарап психологиялық процесстерді түсіндірмекші болған френологтарға қарсы болды.
Сонымен, психологиялық құбылыстар жалпы алғанда сезім мүшелерінің іс-әрекетіне, жүйкелерімен бас миына негізделген, және оларды анықтау үшін сыртқы терінің көрінулеріне объективті түрде бақылау керек.
Добролюбовтың барлық психикалық процесстерді сыртқы детерминациясы маңызды орын алады. Сыртқы дүние санының заттық құрамы болып есептеледі. Ол сезім мүшелері арқылы көрінеді. Затсыз ойлар болуы мүмкін емес. Алған әсерлерге байланысты сезімдер мен еркіндіктер туады. Сезім пайда болғандан бұрын, осы сезімнің объектісі мида ойлар, әсерді мойындау ретінде бейнеленуі керек.
Дәл осы еріктеде болады. Добролюбов ерік ол жеке басқа қасиеттерге тәуелзіз деп айтуға болмайтындығын көрсетті. Ол сезімден жоғары миға әсер ететін әсерлерге тәуелді болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет