«Психология тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының тезистері


Гиппократ (б.з.д 460-377 ж)



бет3/31
Дата02.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#461807
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
5 тезис тарих

Гиппократ (б.з.д 460-377 ж) Адамның денсаулығы мен ауру себептері, ағзадағы әр түрлі шырындардың: қан, сілекей, сары өт, қара өт және т.б прапорцияларының араласып кетуінен болады, осы айтылғандар темперамент деген атауға ие болады деп көрсетеді. Қазіргі уақытта темперамент атауы толығымен қолданылады.

  • Сонгвиникалық темперамент типінде қан басым болады.

  • Флегматикалық темперамент типінде сілекей басым болады.

  • Холерикалық темперамент типінде сары өт басым болады.

  • Меланхоликалық темперамент типінде қара өт басым болады.

Гиппократ адамның денсаулығы мен спецификалық саяси жүйе арасында байланыс бар деген ойды көрсетеді. Гиппократ ең алғаш ғылыми типологияны құрастырған ғалым болып тарихқа кірді.
Демокрит (б.з.д 460-370 ж) Жақсы білім алған, көп саяхат жасаған, гректер арасында алғашқы энциклопедист болып саналады. Оның ойы бойынша адамның өміріндегі мақсаты табиғатпен рухани гармонияда өмір сүру. Демокрит бойынша әлемнің алғаш пайда болуына табиғат күштері емес микро ағзалар – атомдар әсер етті. Заттар, денелер және жандардың барлығы атомдардан құралады, жандағы атомдар дөңгелек және өте тез қозғалмалы болады және инертті денеге жоғары белсенділік береді. Адамның ағзасында жан атомдары бас, бауыр және жүрек аймағында шоғырланады. Бас аймағындағы атомдардың қозғалысы адамның таным процесстеріне жауап береді. Ал жүрек аймағындағы атомдардың қозғалысы эмоционалды фонға жауап береді, ал бауыр аймағындағы атомдардың қозғалысы адамның қажеттіліктерін көрсетеді. Демокрит таным теориясын жетілдіргеннен кейін – таным процессі екі компаненттен тұрады деген ойды ұсынды, ол - түйсік және ойлау. Қоршаған ортаны танып білу процессі келесідегідей ұйымдастырылған: сезім мүшелеріндегі жан атомдары қоршаған ортаның барлық заттарымен әсерлеседі – осыдан кейін түйсік процессі іске асады, ал ойлау арқылы адам заттардың нақтылығын анықтайды. Демокрит адаманың барлық іс әрекеттері шартталған деп есептеді.
Көне грек философиясындағы оның гүлденуі Сократ, Платон және Аристотель еңбектерінен, олардың ойлары психологиялық білімнің дамуына айтарлықтай әсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет