Сократ (б.з.д 469 - 399 ж) көне грек философы, ол өзінің талқылауларын қағазға жазбағандықтан оның еңбекетері жайлы Платонның еңбектерінен және Аристотельдің шығармаларынан оқып білуге болады. Сократ философияның нақты қолдану аймағын табуға тырысты, оның ойынша бақытқа жету үшін адам өзін - өзі танып білуі керек.
Сократтың ойы бойынша адамда үш негізгі жағымды қасиеті бар, оның бастысы шектілік қалыпы – өз құмарлығын басқара алу. Өз құмарлығын басқара алғанда ғана адам табиғаттан жоғары болады. Ал қалған екі жағымды қасиет болып – адалдық пен ержүректік есептеледі. Оның ойы бойынша ержүректік ол - қауіпті сәттерден өту үшін керек білім деңгейі. Сократ өзін - өзі басақара алмайтын адамдар өзге адамдарды бақара алмайды деп есептеді.
Сократ қарым – қатынас жасауға шебер болған, соның арқасында ол адамдарға «сократтық қарым – қатынас» деген әдістемесімен «өзін - өзі» табуға көмектесті. Ол сұрақтар қойуы арқылы адамның санасында тығылып жатқан бейнелерді еске түсіртуге тырысты. Ол әнгімелесіші адамға қарым – қатынас арқылы білім берді.
Сократтың тағдыры қайғылы. Оған «білімдерді бұрмалау» және «жаңа руханияттарды насихаттау» деген айып тағылып, өлім жазасына тартылады.
Платон (б.з.д 427-347 ж) көне грек философы. Сократтың шәкірті болғаннан кейін ол өмір бойы ұстазының ойын дамытуға арнады. Платонның 30 – дан астам философиялық шығармалары бар, оның ішінде «Мемлекет» атты трактаты, «Федон», «Парменон», «Лазет», «Лисий» және т.б диалогтары бар.
Платон тұрмыста ойдың жалған екенін, ал материалды әлемді шын деген пікірге келді. Материалды әлем ол өтіпелі және өлетін тұрмыс емес. Материалды әлем Құдай жаратқан табиғаттың төрт күшінен жаратылыған олар: от, жер, ауа және су. Адамның денесі өледі, ал оның жаны ешқашан өлмейді, мангі өмір сүреді. Оны дәлелдеу үшін Платон келесідегідей аргументтерді қолданады. Бірінші, адам өлгеннен кейін оның жаны басқа денеге ауыса алады, яғни жан мангі өмір сүреді, туған сәтке дейін және де өлгеннен кейін де; екіншіден, адамның білімдері жанның туғанға дейін болғандығын көрсетеді; үшіншіден, жан денеден тыс болғанда нәзік және мангі өмір сүреді; төртіншіден, кез келген денеге жан өмір әкеледі.
Жанның саналы жағы бас бөлімінде локализациоланады, құмарлық – кеуде бөлімінде, көсемдік бөлігі – іш бөлімінде локализациоланады.
Достарыңызбен бөлісу: |