«Психология тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының тезистері


Көне римдегі психологиялық ойлар



бет6/31
Дата02.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#461807
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
5 тезис тарих

Көне римдегі психологиялық ойлар
Көне Римде адам психологиясы жайлы білімдер дамып жатты. Көне рим ғалымдарын ең толғандырған мәселенің бірі – жан мәселесі. Психологиялық білімдердің дамуына басымды үлес қосқан ғалымдар болып: Цицерон, Л. Кар, К. Гален саналады.
Цицерон (б.з.д 106 – 43 ж), көне Рим философы, саясаткер, оратор, «Республика», «Заң», «Оратор», «Құдайлардың табиғаты» жайлы еңбектердің авторы. Саналы жан денені тірілтеді және де онда өмір сүреді. Цициронның пікірі бойынша адам жануарлардан саналы жанымен ерекшеленеді. Адамның әрекеті жанды жақсартатын, денені жетілдіретін қасиет болып табылады. Цицирон бойынша идеалды адам бойында: білім, даналық, ер жігерлік, әділеттік қасиеттер болуы керек. Оның пікірі бойынша әр қашанда жанды емдейтін тәсілдер табылады.
Лукреций Кар (б.з.д 99 – 55 ж), көне Рим философы, поэт, антика заманының ұлы дамытушысы. Оның өмірбаяны жайлы ақпараттар өте аз кездеседі. Оның «Заттардың табиғаты атты » негізгі философиялық еңбегі сақталып қалған, осыдан Лукрецийдің Демокриттің ойларымен келіскендігін көруге болады. Ол жанды материалды және адамның өмір бойғы серіктесі деп санайды. Жан – ауа мен оттан құралған қозғалмалы субстанция. Жан біртекті емес оның екі қыры бар:»аниму» және «анимус». Анима – адамның бүкіл дене бойына тарап, ағзаның өсу функцияларына жауап береді. Анимус (жан), кеуде аймағында жиналады, адамды сезімталдықпен және санамен қамтамасыз етеді.Лукреций Кардың ой бойынша барлақ денелерді, заттарды жаратушы алғашқы денешік, ол өзінің өлгенінен кейін ыдырайды. Олар мықты, бөлінбейді, бір - бірімен салмақтарымен ерекшеленеді. Жердегі өмір денешіктердің кездейсоқ қосылуынан пайда болған.
Лукреций Кардың есептеуі бойынша қоршаған ортадағы заттарды қабылдау «специй» деп аталатын микроскопиялық көру арқылы жүзеге асады, осы бөлінулер адамның көру мүшелеріне келіп түседі. Адамның шатасуының көзі болып оның талқылаулары есептеледі.
Клавдий Гален (б.з.д 130 – 200 ж), көне Римдік ойшыл, дәрігер ең алғашқы адамның анатомиясы атты еңбектің авторы. Гален ұзақ уақыт бойы гладиаторлардың дәрігері болып жұмыс істейді, осы жұмыс барысында ол адамның денесін толығамен зеріттеп «Адамның дене мүшелері жайлы» атты еңбегінде толығымен сипаттайды. Галеннің ойы бойынша жан мүшелеріне ми, жүрек және бауыр жатады. Мида шоғырланған жан санаға жауап береді. Жүректе орналасқан жан эмоцияға және аффектерге жауап береді. Бауырда орналасқан жан адамның қажеттіліктеріне жауап береді. Клавдий Гален адамның жүйке жүйесін сипаттамақшы болып талпыныс жасайды, оның ойынша жүйке жүйесі адам жанының негізі болып табылады. Ол жүйке жүйесінің үш типін бөліп көрсетеді: жұмсақ және қатты. Жұмсақ типті жүйке жүйесі психологиялық пневманың сезім мүшелеріне тасымалдануын қамтамасыз етеді. Ал қатты жүйке жүйесі арқылы пневма бұлшық еттерге ауысады. Әр сезім мүшесіне сай әр түрлі пневма болдады.
Аффектер мәселесін зертей келе Гален контекст құрамының өзгерісі кезінде қанның құрамын қарастыру керек деп тұжырым жасайды Қанның организмде қандай маңыздылығы барлығына көбірек көңіл бөлу керек деп санайды. Адамның теппераменті веналық немесе артериялық қанның басымдылығына байланысты. Бірінші жағдайда адамдар баяу, пассивті тежелгендеу болады, ал екінші жағдайда адамдар энергиялы және белсенді болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет