Психология тарихы” пәні бойынша Оқу әдістемелік кешен. 050103 «Педагогика және психология»



бет14/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.5 Mb.
#6048
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Әлеуметтік перцепция құрылымы - адамның сыртқы келбетін қабылдау арқылы оның тұлғалық, психологиялық ерекшеліктерін бағалау, таңдау және оған орай өз эмоциялық қатынасын анықтау, соның негізінде бақыланушының іс -әрекетін болжау. Назар алатын жәйт: Сыртқы бейнесіне қарап біз бақыланушының ішкі дүниесін “оқып”, түсінгендей боламыз, оған байланысты өзіміздің сезімдеріміз арқылы іс- әрекетімізді анықтаймыз. Жалпы айтқанда, әлеуметтік перцепция барысында өзгеге эмоциялық баға беріледі де, оның әрекеттерінің себептерін түсінуге тырысамыз, тәртібін алдын – ала жоспарлаймыз, өз тәртібіміздің бағытын белгілейміз.


Әлеуметтік перцепцияның қызметтері:

 өз - өзін тану.

 ортақтасу серігін тану.

 түсіну негізінде өзара іс - әрекет ұйымдастыру.

 эмоциялық қатынас орнату.


28. Бақылау тапсырмалары.

Әлеуметтік перцепция туралы түсінік.
Әлеуметтік перцепцияның қызметтері.
Әлеуметтік перцепция механизмдері.
Әлеуметтік перцепция құрылымы.
Алғашқы әсер қалыптасуының типтік схемалары.
Әлеуметтік стереотип туралы түсінік.
Идентификация туралы.
Эмпатия туралы.
Аттракция туралы.
Әлеуметтік рефлекция.
Тұлғалық атрибуция.
Жағдайлық атрибутция.
Стимульдық атрибутция.
Әлеуметтік стереотип.
Педагогтық стереотип.


29. Сабақтың тақырыбы:

Ортақтасудың интеракциялық жағының сипаттамасы.

(ортақтасу барысында өзара әрекет ұйымдастыру)
Сабақтың жоспары:

Ортақтасудың интеракциялық жағы.

Тұлғааралық өзара әрекет стратегияларының сипаттамасы.

Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді ортақтасудың интеракциялық жағымен, тұлғааралық өзара әрекет стратегияларымен, тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымымен, дау– дамайдың психологиялық құрылымымен, дау-дамай шешілуінің сипаттамасымен,қызметтерімен, дау-дамайдың алдын алу жолдарымен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Ортақтасудың интеракциялық жағы - бүл адамдардын қарым-катынасынын белсенді жағын білдіретін шартты үғым.

Ортақтасу барысында адамдар ақпарат алмасып кана, озара түсінісіп қана қоймайды, олар іс-әрекеттерін жоспарлайды, бір-бірімен әрекет, кимыл алмасады, өзара әрекеттің түрі мен нормаларын аныктайды. Бұ әрекетке бір сәтте көп адамдардың қатынасуы әркім озінің үлесін косуын талап етеді. Бірлескен әрекетте білім және идеялармен алмасу жеткіліксіз, жалпы әрекетті үйымдастыру, оны жоспарлау да аса маңызды. Ұйымдастыру мен жоспарлауда жеке адам басында пісіп жетілген ойлардың басқаларды әрекетке жұмылдырудағы рөлі зор.

Ендеше, сөз болатын жайт - ортақтасу серіктерінін ішкі мақсаттары, ортақтасуға қай мотивпен катысатыны, әрекеттің турлерін таңдағанда қандай мотивті қолданатыны.



Тұлғааралық өзара әрекет стратегияларының сипаттмасы

Өзара әрекет жасағанда адамдар әртүрлі мотивтерді мақсат түтады. Солардың ішіндегі маңыздылары:



  • кооперация, жалпы ұтысты көбейту,

  • индивидуализм, өз үтысын көбейту,

  • конкуренция, салыстырмалы үтысты көбейту.

  • альтруизм, өзгенің үтысын көбейту,

  • агрессия, өзгенін үтысын азайту,

  • тепетендік, үтыстардың айырмашылықтарын азайту.

Осы кестеге әлеуметгік өзара әрекетке түрткі болатын мотивтің барлыгын енгізе аламыз. Ортақтасудың құралдары, нәтижелері, адамдардың қатынастары қатысушылардың мотивтерінің сипатына тәуелді.

Максатына қарай тиімді жөне тиімсіз ортақтасуды ажыратуға болады. Адамдардың максаттары сәйкес келген жагдайда ортактасу нәтижелі болмақ (кооперация). Ең ұтымсыз мотивтер индивидуализм және агрессия, ортақтасу серігінің қызығушылығы мұлдем назарға алынбағандықтан оның да қорғану стратегиялары коздырылады.

Ортақтасуға катысушылардың бастапқы әлеуметгік мотивтеріне карай олардың өзара әрекеттесу барысындағы бес негізгі стратегиясын бслгілеуге болады.


  • Қарсыласу стратегиясы, ез үтысын көбейту мотивіне сәйкес.
    Адам тек қана өзінің мақсатына бағытталып, өзгенің мақсатын есепке алмайды. "Саған емес, маған".


30. Тест тапсырмалары
1. Адамдар арасында хабар алмасуын жүзеге асыратын іс-әрекет?
А) қарым-қатынас

В) ойын


С) оқу

D) еңбек


Е) спорт

2. Топтағы мүшелердің ұйымдасып, бірлесіп іс-әрекет жасауы:

А) Әміршілдік

В) Ымырашылдық

С) Дерективті

D) Демократиялық

Е) Басқарушы

3. Тұлға аралық қарым-қатынас кезінде жетекшіге (лидерге) сөзсіз бағыну стилі

А) Ұжым

В) Әміршілдік

С) Демократиялық

D) Аффект

Е) Конфронтация

4. Адамның айналадағы заттарға және құбылыстарға деген қарым-қатынасы:

А) Эмоция

В) Сезім

С) Достық

D) Ғашықтық

Е) Махаббат

5 . Бірлескен іс-әрекетті жасаудағы адамдар арасындағы байланыс;


А) Филогонез

В) Онтогенез

С) Қарым-қатынас

D) Монолог

Е) Қызығушылық

6 . Кіші топтағы адамдар саны:


А) 50-ден 100 дейін

В) 10-нан 150 дейін

С) 20-дан 35 дейін

D) 2-3-тен 20-30 дейін

Е) 1-ден 10 дейін

7 . Топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі:


А) Ұжым

В) Корпорация

С) Ассоциация

D) Топ


Е) Композиция

8 . Моральдық норма негізінде құрылған адамдардың жоғары дәрежеде дамыған шағын тобы:

А) Ұжым

В) Ассоциация



С) Тобыр

В) Корпорация

Е) Жиылыс

9. Өзара терең сыйластық жайлаған ортадағы қатынас түрі.

а) Қайшылықты

в) Үйлесімді

с) Дау-дамайлы

д) Бейтарап

е)Тәуелді

10 . Адамаралық қатынастар төркіні -


а) жеке бастың қалауы

в) инстинкт

с) өмірлік қажеттілік

д) интеллект

е) биологиялық мұқтаждық

11 . Коммуникативті қатынас мәні -


а) ақпарат беру

в) ақпарат алмасу

с) ақпарат алу

д) ықпал жасау

е) өзара түйсіну

12 . Адамдар арасындағы сыйластық пен араздықтан, сенім мен


күдіктенуден тұратын қатынас атамасы -

а) қоғамдық қатынас

в) топтық қатынас

с) жеке қатынас

д) қызметтік қатынас

е) әлеуметтік қатынас

13. Дамудың жоғары тобының деңгейі.

а) Ұжым


в) Коопенрация

с) Коопенрация

д) Ассоциация

е)Топ


14. Психологиялық ықпалды қарым-қатынас процесінде тәсіл бола алмайды:

а) Дәрежелеу.

В) Көндіру.

С) Манипуляция жасау.

Д) Жұғу.

Е) Сендіру.

15. Қарым қатынас процесінде қанша бағыт бар, қалай аталады?

А)3-коммуникативті, интерактивті, перцевтвті

В) 3-тілдесу, қарым-қатынас, пікір алмасу

С) 2-перцевтивті, интерактивті

Д) 2-коммуникативті, түсінісу,

Е) 3-бірін бірі қабылдау, қарым-қатынас, тілдік қатынас.

16. Қарым-қатынаста бірін-бірі қабылдауы және бағалауы қалай аталады.

А) перепция.

В) конформ.

С) коммуникация.

Д) хабар алмасу.

Е) интеракция.

17. Адамның бір-бірімен ақпарат алмасуын қандай қарым-қатынасқа жатқызамыз:

а) Комуникативті

в) Перцептивті

с)Такесика

д) Интерактивті

е) Кинестика.

18. Қарым –қатынастың вербальды емес құрамы болмайды..

а) Пантомика

в) Сөйлеу

с) Мимика

д) Көзқарс

Е) Кеңістік

19. Тұлға-қоғамдық қарым-қатынастың субъектісі мен объектісі деген қай ғалым?

а) К.К. Платонов

в) С.Л.Рубинштейн

с) А.Г.Ковалеа

д) А.Н.Леонтьев

е) А.Ф. Лазурский

20 . Партнердің өз мақсатына жету үшін қарайтын қатынас түрі:

а) Іскерлік.

в) Примитивтік.

с) Рухани.

д)Конвенцияльды.

е) Ойын.


31. Сабақтың тақырыбы:

Топтар және оның түрлері
Сабақтың жоспары


  1. Топ туралы түсінік .

  2. Топтың негізгі қасиеттері және құрылымы

  3. Топтың түрлері.

  4. Топ лидерінің функциясы.

  5. Топтың даму деңгейі.


Сабақтың мақсаты:

Студенттерді топтың түрлерімен,топтың негізгі қасиеттері және құрылымымен, топ лидерінің функциясымен, топтың даму деңгейімен таныстыру.



Теориялық мәліметтер:

Топ – бұл адамдардың тіршілік қажетін өтеу үшін бірлесуі, яғни адамдар бірлестігі. Топтар шартты, реалды болып бөлінеді. Психология ғылымының айналысатыны нақты (реалды) топтар. Нақты топ дегеніміз- адамдардың іс–әрекеті бір мақсатта бағытталған, олар белгілі бір кеңістікте, азды–көпті мерзім ішінде аралас–құралас жүретін бірлестік. Әрбір адам бірнеше топтың мүшесі болуы мүмкін. Бірақ та соның ішінде біреуіне өте етене жақын болады. Топтар ең алдымен (макро) топ, шағын (микро) топ, ресми және ресмисіз топ, ұйымдасқан топ, ұйымдаспаған контектілі (адамдар ылғида бірімен–бірі жүздесіп жүретін) топ, формалды (ресми түрде арнаулы бұйрық, жарлықпен құрылған) топ, формалсыз (дос–жаран, құрбы–құрдас, семья) топ, жасанды топ, табиғи, шартты (қағаз жүзінде ғана біріктірілген) топ, референттік топ деп бөлуге болады, мәселен, бір кластағы оқушылар, әскери бөлімше, жұмысшылар бригадасы, самалет экипажы реалды (нақты) топқа жатса, ал спорт алаңында, кино залында отырған көпшілік ұйымдаспаған топқа жатады. Бригада мүшелері, студенттер тобы–ресми топ деп аталса, бір отбасындағы жандар, жолдастық, достық қатынастағы адамдар, ағайын–туыстар ұйымдасқан, ресмисіз топ деп аталады. Топ екі адамнан бастап құралады. Қырыққа дейінгі шағын (класс оқушылары, студенттер тағы басқа) топ, ал мыңдаған, миллиондаған адамдарды біріктіретін топтар (саяси партиялар, ұлт, кәсіподақ, діни қауым тағы басқа) үлкен (макро) топтар деп аталады. Топтар сондай–ақ ассоциация, кооперация, корпорация деп те бөлінеді. Болашақ мұғалімдер мен тәлімгерлерді, іскер адамдарды әсіресе референтік топ деген ұғымның мәніне ерекше зейін қою тиіс. Бұл әр–адамның ерекше қастерлеп, қадір тұтатын, оның тыныс–тіршілігіне әр уақытта бағыт–бағдар беріп отырады, яғни жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Референттік топтың қолайлы тиянақты білім алуға ден қойған (жағымды), тентек балалар тобы (жағымсыз) түрлері де кездеседі.



32. Бақылау тапсырмалар
Бақылау сұрақтары

(Үй тапсырмасы бойынша түсінігін тексеру).

Ұжым туралы
Ұжым және жеке адам
Ұжымның құрылымы
Ұжымның функциясы
Ұжымның қалыптасуы
Ұжымға қойылатын талаптар.
Ұжымның жеке адамға ықпалы.
Жеке адамның ұжымға ықпалы.
Топтар туралы
Ұжымның топтан айырмашылығы.
Топтардың түрлері.
Топ лидерінің функциясы.


33. Сабақтың тақырыбы:

Психиканың құрылымы.
Сабақтың жоспары:

Психикалық құбылыстар туралы түсінік.

Психикалық құбылыстардың топтастырылуы.

Психикалық процестер, қалып, қасиеттер.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді психикалық құбылыстармен, олардың топтастырылуымен, психикалық процестермен, қалыппен, қасиеттерімен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Бұл топтастыру бойынша, психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді. Олардың бірі психикалық процестер деп аталса, екіншілері психикалық қалып, үшіншілері психикалық қасиеттер деп аталынады. Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестеу, т. б) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып білуде, енді біреулері (ойлау, қиял т.б) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, өзгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүние мен (объективтік шындықпен) үздіксіз қатынастағы белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері шешуші қызмет атқарады.

Психикалық кейіп (немесе қалып) адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т. б) тұрақты компоненттері. Жан қуаттарының осы екінші тобы ғылымда әлі де болса толық зерттелінбеген.

Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, жас өзгешілік, мамандық ерекшеліктері де бірсыдырғы орын алады.

Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Бұлардың түрлері көп. Аспанда жұлдыздар жымыңдап, бір өшіп, бір жанып тұр. Оқтын-оқтын самал желдің ақырын ғана толқып өскен лебі денеге тиеді, шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады, жас жусанның исі мұрын жарып тұр, кейде әлсін - әлі құрбақа бақылдайды. Осындайларды адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері арқылы сезінеді. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының толып жатқан жеке саналары сәулеленетін болса, қабылдауда олар тұтастай, біріккен сапаларымен бейнеленеді.

Бір кезде қабылданған заттар санамыздан мүлде жойылып, өшіп кетпейді, оларды кейін керек кезінде түрліше елестетуге болады. Мысалы, студент үйіне хат жазып отырып, үйіндегілердің бет - пішініндегі нәрселерді көз алдына елестете алады. Мұндай жағдайда оның басында елес процестері пайда болады. Оған нәрселер мен заттардың образы қасында тұрғандай көрінбей, жәй елестеп отырады.



34. Тест тапсырмалары

1. Төменде берілген түйсіктердің қайсылары рецепторлардың негізгі түрлеріне сәйкес келеді:

а) көру, дәм сезу, есту, иіс сезу, сипап сезу

в) дәм сезу, контрасты сезу, есту, иіс сезу, сипап сезу

с) есту,жылыны сезу, вибрацияны сезу, түр-түсті сезу

д) дәм сезу, сезімталдық, есту, иіс сезу, тепе-теңдікті сезу

е) иіс сезу, контрасты, вибрацияны, қашықтықты сезу.

2. Түйсіктердің ең маңызды түрлері-

а) Интерорецептік, проприорецептік, экстерорецептік.

в) Дәм,иіс,тері

с) Афференттік, рецептор, талдағыш

д) Жүйелі-гшенетикалық, құрылым күрделілігі, деңгейі

е) Кинестетикалық , вибрациялық , органикалық.

3.Сезім органдарының заттардың және құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесіне тікелей әсер етуі:

а) түсінумен

в) зейінмен

с) образбен

д) есеп


Е) қабылдаумен

4. Сенсорлық депривация неге әкеледі?

а) қылмыскерлік әрекеттердің пайда болуына

в) елестеудің құбылыстарының жылдамдылығына.

с) сенсорлық аштыққа

д) ұйқының бұзылуына

е) көңіл күйдің нашарлануына

5. Қай вариантта экстероцептивтік түйсінудің үш түрі келтірілген?

а) Көру, есту, иіс сезу.

в) Есту, иіс сезу,уақыт сезімі.

с) Есту,көру, тепе-тендік түйсігі.

д) Тепе-тендік түйсігі, уақыт сезімі, дәм.

е) Есту,уақыт сезімі,көру.

6. Коммуникация ретінде сөйлеуге болмайды:

а) Ішкі сөйлеу

в) Монолог

с) Диалог

д) Дыбыстап сөйлеу

е) Ауызша сөйлеу

7. Синсибилизация дегеніміз не?

а) анализаторлар әсерлесуінің нәтижесіндегі бір анализатордың оларға сезгіштігі.

в) түйсіктің бір анализаторы тітіркендіргіші әсерінен басқа анализаторға тән келетін түйсінудің пайда болуы.

с) Объективті тіркелетін, бірақ адам саналы сезінбейтін организімнің тітіркендіргіші реакциясы.

д) терінің жоғары фотосезімталдығы.

е) тітіркендіргіш әсерінен анализатор сезгіштігінің өзгеруі.

8. Тұлға-қоғамдық қарым-қатынастың субъектісі мен объектісі деген қай ғалым?

а) К.К. Платонов

в) С.Л.Рубинштейн

с) А.Г.Ковалеа

д) А.Н.Леонтьев

е) А.Ф. Лазурский

9. Партнердің өз мақсатына жету үшін қарайтын қатынас түрі:

а) Іскерлік.

в) Примитивтік.

с) Рухани.

д)Конвенцияльды.

е) Ойын.

35. Сабақтың тақырыбы:

Түйсіктердің түрлері.
Сабақтың жоспары:

Экстероцептор туралы түсінік.

Интероцептор туралы түсінік.

Проприоцептор туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді түйсіну процесімен, олардың физиологиялық негіздерімен, түйсіну процесінің негізгі ерекшеліктерімен, түйсіктердің түрлерімен, “үш түсті көру”теориясымен, есту түйсігінің ерекшеліктерімен,иіс, дәм түйсіктерінің бір–бірінен айырмашылықтарымен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде, не оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализатордың рецепторларын экстероцептор деп атайды. Бүған көру, есіту, дәм, иіс, тері түйсіктері жатады.

Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды.

Дене мүшелерінің қозғалысы мен бір қалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Бұл проприоцептор деп аталады.



Көру түйсіктері.

Көру түйсігіне негізінен адамның көзі жатады.Адамның көзі негізгі 4 түрлі көрінісін ажыратады:

  1. Заттың қалпын .

  2. Заттың кеңістіктегі орны, түсі.

  3. Жарықтың қуаты.

Есіту туйсіктері.

  1. Еспу мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері - дыбыс толқындары.Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудің жиілігі, амплитудасы (құлашы) және тербелудің түріне қарай ажыратылады.

Иіс түйсіктері.

Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар. Иіс түйсіктерінің түрлері көп (хош иіс, сасық иіс, өткір иіс т.б). Иіс түйсіктері адамның түрмыс салтына, қызмет бабына қарай да ерекше дамып отырады.



Дәм туйсіктері.

Дәмді ажырататын мүше - тіліміздегі дәм бүршіктері. Дәмді тәтті, ащы, түзды, қышқыл деп төртке бөледі. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған 4 түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді - тілдің үшы, ащыны - тілдің түбі, қышқылды - тілдің екі жақ шеті, түзды - тілдің үшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің арасына салса адам көпке дейін оның дәміін ажырата алмайды, өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.



Тері туйсіктері.

Тері түйсігінің рецепторы - денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мүрынның кілегей қабықтарында да мол. Тері түйсітерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым, дуыл түйсіктері, емпература (жылыны, салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырғанды білдіретін түйсіктер, тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ.



36. Реферат

Түйсіну процесі туралы .

Түйсіну процесінің физиологиялық негізі.

Түйсіну процесінің негізгі ерекшеліктері.

Түйсіктің түрлері.

Түйсіктің қалыптасуы.

Түйсіктің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ілімі қалай түсіндіретіндігі туралы.

Адам түйсіктерінің табиғатын идеалистердің бұрмалауы туралы.

Түйсікті материалистік тұрғыдан қалай түсіндіруге болады.

Сезгіштік пен табалдырық .

Адаптация және сенсибилизация .

Түйсіктердің өзара байланысы .

Синестезия туралы.

Бір ізді образдар туралы.

Экстероцепторлар туралы.

Интероцепторлар туралы.

Проприоцепторлар туралы.

Көру түйсігі, “ үш түсті көру”теориясы .

Есту түйсігінің ерекшеліктері .

Иіс, дәм түйсіктерінің бір–бірінен айырмашылықтары .

Тері және сипай сезу түйсіктерінің бір–бірінен айырмашылықтары .

Органикалық, кинестезиялық, статикалық,вибрациялық түйсіктер туралы.

Глоссарий


Түйсік—
Рецептор—
Компенсаторлық функция—
Сезгіштік және табалдырық—
Абсолюттік сезгіштік—
Айырма сезгіштік—
Адаптация—
Сенсибилизация—
Синестезия—
Бір ізді бейнелер—
Эйдетикалық құбылыс—
Экстериоцептор—
Интериоцептор—
Проприоцептор--



Екінші аралық бақылау.




Тақырыбы

Балл

Бақылау түрі

1

Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.

1,0 балл

Тест тапсырмалары, Глоссарий

2

Уақытты және кеңістікті қабылдау.

1,5 балл

Үй тап. бойын. түсін.сұрау.

3

Естің түрлері.

1,5 балл

Реферат, Глоссарий

4

Елес және оның өзгешеліктері.

1,0 балл

Глоссарий, Реферат

5

Ойлау – таным процестерінің жоғарғы сатысы.

1,5 балл

Тест тапсырмалары

6

Ой тәсілдері.

1,0 балл

Бақылау

тапсырмалары



7

Қиялдың түрлері.

1,0 балл

Үй тап. бойын. түсін.сұрау.

8

Сөйлеу.

1,0 балл

Тест тапсырмалары

9

Сөйлеудің түрлері.

1,0 балл

Реферат, Глоссарий

10

Зейін жөнінде түсінік.

0,75 балл

Тест тапсырмалары

11

Зейіннің негізгі қасиеттері.

0,75 балл

Реферат, Глоссарий

12

Сезімнің түрлері.

0,75 балл

Глоссарий, Реферат

13

Ерік жөнінде түсінік. Ерік туралы теориялар.

1,5 балл

Үй тап. бойын. түсін.сұрау.

14

Ерік сапалары. Ерікті тәрбиелеу жолдары.

0,75 балл

Бақылау тапсырмалары

15

Жүйке жүйесінің типтері және темперамент.

1,5 балл

Тест тапсырмалары

16

Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы.

1,5 балл

Глоссарий, Реферат

17

Мінез сапалары мен құрылымы, қасиеттері.

1,5 балл

Реферат, Глоссарий
















Барлығы:

19,05балл






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет