48. Бақылау тапсырмалары:
Ойлау дегеніміз не.
Ой тәсілдері дегеніміз не.
Ойлаудағы анализ бен синтездің алатын орны қандай.
Салыстыру, абстракция, нақтылау, жалпылау, жүйелеу тәсілдеріне жеке сипаттама беріңіз.
Ұғым дегеніміз не. Төменгі сынып оқушыларында ол қалайша қалыптасып отырады.
Пікір, ой қорытындылары жайлы айтып беріңіз.
Түсіну дегеніміз не.
Адам ойлауында қандай айырмашылықтар болады.
Ақылдың қандай сапаларын білесің.
Ой тәсілдері.
Ойлаудың түрлері мен формалары.
Ойлау процесіне орай материалистер мен идеалистер арасындағы қайшылықтар.
Ойлау әрекеттерін топтастыру принциптері.
Ойлау қабілетіне орай жеке адам ерекшеліктері.
49. Сабақтың тақырыбы:
Қиялдың тарихи даму жолдары.
Сабақтың жоспары:
Қиял туралы түсінік.
Қиялдың физиологиялық негіздері.
Қиялдың маңызы.
Адам қиялына тән кейбір ерекшеліктер.
Сабақтың мақсаты:
Студенттерді қиялдың тарихи даму жолдарымен, қиялдың физиологиялық негіздерімен, түрлерімен, қиялдың жасалу жолдарымен, қиялдың дара айырмашылықтарымен, балаларда қиялдың дамуымен таныстыру.
Теориялық мәліметтер:
Біз бүрын қабылдаған заттар мен қүбылыстардың образдарына сүйене отырып, бүрын көрмеген жерлерімізді санамызда бейнелей аламыз.
Мысалы: Өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы (Африка, Австралия, Индия т.б.) кітаптар оқығанда, әңгіме тыңдағанда бізге түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бүл қиял процесінің жемісі болып саналады.
Адамның өмір тәжірибесі, білімі мол болса, ол адамның қиялы да солғүрлым айқын және толық болады, ал бұл айтылғандар жеткіліксіз болса, қиялдың өте солғын болатындығы байқалады.
Қиял дегеніміз - қоршаушы өмірдегі заттар мен қүбылыстардың, әр түрлі адамның алына қойған мақсатына сәйкес, өңделе отыра, жаңа бейнелердің жасалыну жолдарын айтамыз.
Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңғыртып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Адамның тарихи дамуында не істеп не қоймасын барлығы қиял жүзінде басталады.
Сондықтан қиял дегенде адамның өмірі мен және еңбек әрекетімен тығыз байланысы бар, кебінесее адамның өз жеке басына қарай бағытталған ойлаудың түрін қиял дейміз.
Қиял процесінің адам әрекетінің қай саласында болмасын маңызы зор.
Жалпы қиял деген жаңа бейнені жасау болып келеді. Қиялдың негізінде іс жүзіндегі немесе теориялық түрғыдағы жаңалықтар ашылады.
Қиял маңызы - бізді қоршаған объективтік шындық. Тіпті (қиялдың) фантазияның өзі өмірде бар нәрселерден құрастырылып жасалынады.
Мысалы: автобус пен трамвайдың кейбір тетіктерін біріктіру арқылы тралейбус ойлап тапқан.
Қиялдың шындықпен байланысты болып келуі адамға қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болды. Халық "Қыран жетпеген жерге қиял жетеді" - деп бекер айтпаған.
Бір кезде талантты орыс ғалымы К.Э.Циалковский космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне түңғыш рет жол салған Ю.Гагарин мен басқа кеңес косманавттарының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.
Қиялдың физиологиялық негіздері.
Қиялға оңашаланып алынған орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы түтаспай негіз бола алады.
Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап өңдеу процесінде 2 - сигнал жүйесі шешуші роль атқарады. Қиял 2 сигнал системасының жүмысымен тығыз байланысты болады.
50. Бақылау тапсырмалар
Бақылау сұрақтары
(Үй тапсырмасы бойынша түсінігін тексеру).
Қиял процесінің жалпы сипаттамасы қандай.
Ырықсыз қиял дегеніміз не.
Ырықты қиял деген не.
Қайта жасау қиялы дегеніміз не.
Шығармашылық қиял деген не. Оның мәні неде.
Іс–әрекеттің әр саласындағы творчестволық қиялдың алатын орнын
қалай түсінуге болады.
Арман дегеніміз не.
Қиялдың жасалу жолдары қандай.
Қиял саласында қандай дара айырмашылықтар болады.
Бала қиялы қандай жолмен дамиды.
Төменгі сынып оқушыларының қиял ерекшеліктері мен оларды тәрбиелеудің қандай жолдары бар.
Қиялдың түрлері туралы.
51. Сабақтың тақырыбы:
Қиялдың жасалу жолдары.
Сабақтың жоспары:
Қиялдың жасалу жолдары.
Қиялдың дара айырмашылықтары
Қиялды дамыту жолдары.
Сабақтың мақсаты:
Студенттерді қиялдың тарихи даму жолдарымен, қиялдың физиологиялық негіздерімен, түрлерімен, қиялдың жасалу жолдарымен, қиялдың дара айырмашылықтарымен, балаларда қиялдың дамуымен таныстыру.
Теориялық мәліметтер:
Қиял түрлі елестетудің негізінде жасалып отырады. Қиялда анализ, сентез әдісі, агглютинация, схематизация тәсілдері жиі қолданылады.
Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі - агглютинация деп аталады.
Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер мен (кентавр, сфинкс, жез тырнақ) және түрлі машинаның конструкциялары (судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана, суға қонып үша алатын самолет) қүрастырылады.
Бұлардан басқа қиял бейнелерін жасайтын әдіс - гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіп көрсетілуін айтады.
Ертегілерді қиял-ғажайып бейнелеуді жасауда осы әдіс көп қолданылады.
Мысалы: "7 басты (жылан) айдаһар". Кемсіте көрсету "бармақтай бала". Карикатуралар мен достық әзілдер
Адамның орасан ақылдылығын, ақылының аздығын бейнелейді.
Схематизация - деп, заттардың айырмашылықтарын ескермей, анық үқсас болса, соны айтамыз.
Мысалы: Суретшінің өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою құрастыруы.
Қиял образдарының күрделі түрі - типтік образдар жасау. Типтік образдар жасау дегеніміз - түтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей ортақ белгілері бар бір образ жасап, жинастыру. Мысалы: Орыстың үлы жазушысы М.Горький айтады - бір топтың жүмысының образын жасау үшін 100 не 200 деген топпен жүмысшыны қадағалап қарауымыз керек - дейді.
"Ана" - романы да мысал болады.
52. Тест тапсырмалары
1. Алдын-ала жоспарланған жэне бағдарланған бір адамның сөйлеуі:
А) Жазбаша
В) Монологты
С) Жағдайға байланысты
D) Эгоцентрикалық
Е) Диалогты
2. Белгілі бір ақпаратты білдіретін белгілер жүйесі:
А) Зейін
В) Ойлау
С) Сейлеу
D) Түсіну
Е) Қабылдау
3. Сөйлеу процесінің негізгі тірегі -
а) тыңдау
в) түсіну, түсінісу
с) қабылдау
д) болмыстан тыс
е) дыбыстау
4. Сөздің пайда болу көзі.
а) табиғат
в) нәсілдік
Достарыңызбен бөлісу: |