Психология тарихы” пәні бойынша Оқу әдістемелік кешен. 050103 «Педагогика және психология»



бет13/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.5 Mb.
#6048
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Ортақтасу формалары


1. Тікелей ортақтасутабиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) Құралдар көмегімен жасалынатын толық психолдогиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл – адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.

2. Жанама ортақтасу – қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т. с. с адами ортақтасуды күрделендіріп жібереді.

3. Тұлғааралық ортақтасу – екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық ортақтасудың белгілері:

қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.

4. Бұқаралық ортақтасу – бейтаныс адамдардың тікелей немесе жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контактары.

Мысалы: стадионда, театрда, шеру-бұқаралық тікелей ортақтасу, телемарафон, радиохабар - жанамаортақтасу, вагонда-бұқаралық тікелей не жанама болса, купеде-тұлғааралық.

5.Персонааралық ортақтасу - ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттарды (чемпиондар, ғарышкерлер, президент тер).

6. Рөлдік ортақтасу- белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың психологиялық контакттары, мысалы оқушы-оқытушы, әке-бала, сатушы-алушы, көрші-көрші, дәрігер-ауру, бастық-бағынушы.

Ортақтасу барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерекшеліктерді ашады, көсеттеді, түсінеді. Адамның психологиялық қасиеттері ортақтасу нәтижесінде пайда болады, дамиды, өзгереді. Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқалары, білім мен іс-әрекет тәсілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өзі бойына сіңіреді. Ортақтасу нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады.
24. Реферат
Ортақтасу туралы жалпы түсінік.
Ортақтасу формалары
Ортақтасудың қызметтері,түрлері.
Адамдар арасындағы өзара қарым–қатынас.
Тұлға аралық ортақтасу түрлері.
Тікелей ортақтасу
Жанама ортақтасу
Тұлғааралық ортақтасу
Бұқаралық ортақтасу
Персонааралық ортақтасу
Рөлдік ортақтасу
Байланыстыру- прагматикалық қызметі.
Қалыптастыру, дамыту қызметі.
Растау қызметі
Тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіректеу қызметі.
Тұлғаішіндік қызмет.
Императивтік немесе әміршіл ортақтасу
Маникуляция, алдап - арбау ортақтасу
Диалог ортақтасуы.

25. Сабақтың тақырыбы:

Ортақтасудың коммуникациялық жағының сипаттамасы.

(ортақтасу ақпарат алмасу ретінде )
Сабақтың жоспары:

Тұлғааралық қатынастағы кері байланыс

Коммуникациялық кедергі туралы түсінік

Коммуникациядағы ықпалдау
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді ортақтасудың коммуникациялық жағының сипаттамасымен, коммуникациялық кедергілермен,коммуникациялық ықпалдаумен,ақпарат алмасудың сөздік және бейсөздік деңгейлерімен, тиімді тыңдаудың техникасымен, түрлерімен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Ортақтасу барысында адамдар әртүрлі идеялармен, көңіл-күйлермен, сезімдермен,қызығушылықтармен алмасып тұрады. Осының барлығын ақпаратдеп қарауға болады. Бірақ адамдар арасындағы алмасуды техникалық құралдардың апарат алмасуымен шатастырмау керек. Тұлғааралық коммуникацияның өзгешіліктері: кері байланыс, коммуникациялық кедергілер, коммуникациялық ықпал, сөздік және бейсөздік деңгей.

1.Тұлғааралық қатынастағы кері байланыс

Ортақтасу барысында апарат бір (коммуникатор – ақпарат беруші) екінші адамға (реципиент- ақпарат алушы) тек беріліп алынбайды, алмасады. Сондықтан ортақтасудағы ақпарат алысу – тікелей ары-бері ауысу ғана емес, бұл процестің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың не мәселенің жалпы мағынасын анықтау, ортақ көзқарасты белгілеу мен келісімге келу.

Осы міндетті шешу үшін тұлғааралық ортақтасу барысында кері байланыс механизмі қызмет етеді. Бұл механизмнің мәні: тұлғааралық коммуникацияда апарат алмасу екі есе көбейеді, коммуникатордан рецепиентке өткен ақпарат тың ішкі мағынасымен қатар рецепиент коммуникатордың ақпаратына,оның тәртіпіне қалай қарайтыны, қалай бағалайтыны жөнінде мәліметтер береді.

Кері байланыс дегеніміз – коммуникатордың әрекетіне рецепиенттің реакциясы туралы берілетін ақпарат. Кері байланыстың мақсаты – ортақтасу серігіне оның мінез- құлықтары өзгелер жағынан қалай қабылданып, сезіліп тұрғанын түсінуге көмектесу болып табылады.

Кері байланыс түрлері: тікелей және жанама. Тікелей кері байланыс кезінде рецепиенттің сөйлеушінің құлқына реакциясы ашық түрде көрініс алады. Мысалы, тікелей сөйлемдер “Сен айтып тұрған нәрсе маған ұнамайды”, “Не деп. тұрсың, түк те түсінбей жатырмын. ”Не болмаса, тікелей қуаныш, ашу, ыза, мұң сезімдерін айқын көрсететін ым-ишаралар. Тікелей кері байланыс реципиентті коммуникатор түсінуі үшін қолайлы жағдай жасап, ортақтасуды тиімді нәтижелі етеді.

Кері байланыстың жанама түрі – психологиялық ақпаратты ортақтасу серігіне жасырын, астыртын жеткізу жолы. Ол үшін неше түрлі риторикалық сұрақтар, кекетулер, қатынас серігі күтпеген эмоциялық реакциялар пайдаланылады.



26. Глоссарий

кері байланыс--
коммуникациялық кедергілер--
коммуникациялық ықпал --
сөздік және бейсөздік деңгей--
коммуникатор –

реципиент-
түсініспеушілік кедергі--

фонетикалық—
семантикалык—
стильдік—
логикалық—
әлеуметтік – айырма түсініспеушілік кедергісі—
қатынас кедергісі—
кинесика—
паралингвистика—
экстролингвистика—
проксемика--






27. Сабақтың тақырыбы:

Ортақтасудың перцепциялық жағының сипаттамасы.

(Ортақтасу адамдардың өзара тануы мен түсінуі ретінде)
Сабақ жоспары:

Әлеуметтік перцепция туралы түсінік.

Әлеуметтік перцепцияның қызметтері.

Әлеуметтік перцепция механизмдері

Сабақтың мақсаты:

Студенттерді әлеуметтік перцепция туралы және оның қызметтерімен, механизмдерімен, алғашқы әсер қалыптасуының типтік схемаларымен, әлеуметтік стереотип туралы түсініктерін қалыптастыру.


Теориялық мәліметтер:

Тұлғааралық ортақтасудың пайда болуы мен нәтижелі дамуы оған қатысушылардың, өзін - өзі және өзара түсінуіне байланысты. Адамдар бірін - бірі қалай, қай деңгейде қабылдайды, түсінеді, сезімдері мен қасиеттерін қалай бейнелейді, өзге арқылы өзін қалай таниды, ортақтасу барысы да, ара қатынастары да соған байланысты. Сонымен, бір адамды екінші адамның қабылдауы ортақтасуы міндетті құрамдас бөлігі ретінде шартты түрде ортақтасудың перцепциялық жағы болып аталады. Әлеуметтік перцепция ортақтасу үрдісінде бірін – бірі өзін - өзі тану мен түсіну.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет