Іргелес пәндер тізімі және аталған пәнмен байланысы:
мамандыққа кіріспе болашақ мамандықтың ерекшеліктерімен таныстырады, жалпы психология адам психикасының дамуы мен механизмдері туралы мәлімет береді,жас ерекшелік психологиясы тұлғаның онтогенездік дамуындағы әрбір кезең заңдылықтары мен механизмдерін айқындайды; тұлға теориясы адам дамуындағы әртүрлі тұжырымдамалардан ақпар береді; практикалық психология, педагогикалық психология, әлеуметтік психология білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне және педагогтың оқушылармен қарым - қатынас стилі ерекшеліктеріне бағытталған, психодиагностика негіздері тұлғаның даму деңгейінің ғылыми тұрғыдан негізделуін меңзейді; тренинг қызмет негіздері топпен, тұлғамен жұмыс істеуде әртүрлі әдіс, тәсілдерді меңгеруді негізге алады. ж.т.б.
Психологиялық -педагогикалық практикумға кіріспе
Психологиялық - педагогикалық практикум ұғымы, мақсаты мен міндеттері
Талқылау сұрақтары:
Педагогикалық психологияның өзекті мәселелері, міндеттері және пәні.
Педагогикалық психологияның дамуы және құрылымдық тарихы.
Педагогикалық психологияның құрылымы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Выготский Л.С. Педагогическая психология. - М.: АСТ: Астрель, 2005. -671 с.
2. Гамезо М.В. Возрастная и педагогическая психология: уч. пособ. для студентов пед. вузов / М.В.Гамезо, Е.А.Петрова, Л.М.Орлова; Под общ. ред. М.В. Гамезо. - М.: Педагогическое общество России, 2009. - 512 с.
3. Зимняя И.А. Педагогическая психология: Учебник для вузов. М.: Логос, 2005. - 480 с.
4. Касен Г.А. Теория и методика преподавания психологических дисциплин в вузе. - Алматы: Қазақ университеті, 2013 – 287 с.
Педагогикалық психология - жалпы, жас ерекшелік, әлеуметтік психология, тұлға психологиясы, теоретикалық және практикалық педагогикаға негізделінген білімнің пәнаралық дербес саласы болып табылады. Оның өзінің жеке пайда болу және даму тарихы бар, оны талдау бізге оның зерттеу пәнінің мәні мен ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді.
Алғаш рет Ян Амос Коменскийдің 1657 ж. «Ұлы дидактика» еңбегінде жазылған педагогикалық ойлар, педагогикалық теорияның және мектептегі оқытуды мақсатты ұйымдастырудың дамуына жол бастады. Бұл еңбекті педагогикалық психологияның 250 жыл бойы ұзақ қарама-қайшылықты дамуының алғашқы алғышарты ретінде де қарастыруға болады, өйткені тек ХІХ ғасырдың аяқ кезінен бастап ғана ол дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады. Педагогикалық ғылымның бүкіл қалыптасу және даму жолын үлкен үш кезеңдермен көрсетуге болады.
Педагогикалық психологияның осы «алғы шарттық» жалпыдидактикалық даму кезеңінде қалыптасуына К.Д. Ушинскийдің «Адам тәрбие пәні ретінде» атты жұмысы үлкен рөл атқарды. Педагогикалық антропология тәжірибесі; мұнда адам дамуының біртұтас тұжырымдамасы ұсынылған. Бала - тәрбие мен оқытудың ортасында тұр, және де шешуші рөл тәрбиеге беріледі. Оқыту процесінде ес, зерде, ойлау мен сөйлеудің психологиялық-педагогикалық мәселелері арнайы талдау құралдары және даму міндеттері ретінде шығады. К.Д. Ушинский бойынша, тіл дамыту, ойлау қабілетін дамытуға байланысты баланың сөздері, оның танымы мен ұғымын, жалпы тұлға ретінде қалыптасуының алғы шарты деп саналады.
Педагогикалық психология негіздерін құруда П.Ф. Каптеревтың өзінің қосқан үлесі орасан зор. Ол педагогикалық психологияның негізін құраушыларының бірі. Ол өмірге Песталоццидің өсиеттерін - педагогиканы психологтандыруды енгізуге ұмтылды. «Психологиялық педагогика» ұғымы зерттеушілердің айтуы бойынша, ғылыми айналымға 1877 ж. Каптеревтың «Педагогикалық психология» атты кітабы шыққан соң кірді. Шынында да, Э. Торндайктың осыған аттас кітабы тек шаршы ғасырдан соң (1903 ж.) жарық көрді. Сонымен қатар, П.Ф. Каптерев ғылыми қолданысқа қазіргі заманда қолданылып жүрген білім беру мен тәрбие берудің жиынтығы, педагог пен оқушы әрекетінің байланысы ретіндегі «білім беру» ұғымын кіргізді. Сонымен бірге, мұғалім еңбегі мен мұғалім дайындаудың педагогикалық мәселелері, эстетикалық даму мен тәрбие беру мәселелері және басқа да көптеген мәселелер қарастырылды.
А.Н. Леонтьев «іс-әрекет деп «адамның қоршаған ортаға қандай да болмасын қатынасын жүзеге асыра отырып, ерекше, соларға сәйкес қажеттілікке жауап беретін процестер» «...бұл процестер психологиялық тұрғыдан берілген процестің жалпы алғанда (оның пәнінің) неге бағытталғаны үнемі субъектті берілген әрекетке итермелеуші объективтімен, яғни түрткімен сипатталады» деп қарастырады.
Педагогикалық психология әр түрлі себептерге байланысты көптеген басқа ғылымдармен байланысты. Біріншіден, ол ғылыми білім үшбұрышының ортасында орналасқан жалпы психологиялық білімнің нақты саласы болып табылады. Екіншіден, оның басқа ғылымдармен байланыста болуының себебі, білім беру процесі өз мақсаты мен мазмұнына сәйкес әлеуметтік мәдени тәжірибені беруші болып табылатынында және осындай мәдениетте бүкіл өркениеттік білімдердің таңбалық, тілдік формада шоғырландырылғанына байланысты. Үшіншіден, оның зерттеу пәні өзі танып білуші және танып білуге үйретілуші, басқа да көптеген адамтанушы ғылымдармен зерттелінетін адам болып табылады.
Педагогикалық психология, мысалға педагогика, физиология, философия, лингвистика, әлеуметтану және т.б. ғылымдармен үздіксіз байланыста екені анық. Соның өзінде, педагогикалық психология - жалпы психологиялық білімнің саласы деген тұжырымдама оның осы білімдердің негізінде, яғни психикалық даму, оның қозғаушы күштері, адамның даралық және жыныстық-жас ерекшеліктері, оның тұлға ретінде жетілуі мен дамуы жайлы білімдердің негізінде қалыптасатынын білдіреді. Сондықтан педагогикалық психология психологиялық білімдердің (әлеуметтік, дифференциалды психологиямен және т.б.) басқа салаларымен, ең алдымен жас ерекшелік психологиямен байланысты.
Педагогикалық психологияның дамуына үлкен ықпалын тигізгендер үйренушілердің оқу материалдарын меңгеруінің нақты механизмдерін айқындау (С.Л. Рубинштейн, Е.Н. Кабанова-Меллер, Л.Б. Ительсон); есте сақтауды (П.И. Зинченко, А.А. Смирнов, В.Я. Ляудис), ойлауды (Ф.Н. Шемякин, А.М. Матюшкин, В.Н. Пушкин, Л.Л. Гурова), қабылдауды (В.П. Зинченко, Ю.Б. Гиппенрейтер), баланың дамуын, соның ішінде тілдік дамуын (М.И. Лисина, Л.А. Венгер, А.Г. Рузская, Ф.А. Сохин, Т.Н. Ушакова), тұлға дамуын (Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, М.С. Неймарк, В.С. Мухина), тілдік қарым-қатынас және тіл оқытуды (В.А. Артемов, Н.И. Жинкин, А.А. Леонтьев, В.А. Кан-Калик); жас ерекшелік дамудың ( дәуір, заман, фаза, кезеңдерін) сатыларын (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, Б.Г. Ананьев, А.В. Петровский), мектеп оқушыларының ақыл-ой іс-әрекетерінің және олардың ақыл-ой дарындылығы ерекшеліктерін анықтау (А.А. Бодалев, Н.С. Лейтес, Н.Д. Левитов, В.А. Крутецкий). Педагогикалық психология үшін ересектерді оқыту психологиясы бойынша жұмыстар үлкен мәнге ие (Ю.Н. Кулюткин, Л.Н. Лесохина және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |