Психологиялық- педагогикалық практикум


Психодиагностикалық әдістерге сипаттама



бет14/32
Дата26.09.2023
өлшемі381.59 Kb.
#478617
түріПрактикум
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
семинарға қосымша материалдар

Психодиагностикалық әдістерге сипаттама



1-тапсырма. Әртүрлі психологиялық тесттерді 1 топқа жүргізіп оың нәтижесін ұсыныңыз. (Төменде берілген).
Айзенк тесті
(мінез, эмоцияның тұрақтылығы, тұлғаның типі)

Бұл тест тұлғаның негізгі қасиетін бағалау үшін қолданылатын неғұрлым кең тараған зерттеу əдістемесі. Тест мазмұнында ұсынылатын 57 сұрақтың ішінен 24 сұрақ адамның интроверттік жəне экстраверттік дəрежесін анықтауға бағытталады. Əрине «таза» экстраверттер мен интроверттер болмайды, бірақ бұл диапазонда белгілі бір полюске жақын бағыттағы орынды айтуға болады. Сонымен қатар, бұл 24 сұрақ эмоцияның тұрақсыздығын немесе, керісінше, тұрақтылығы мен ұстамдылықты айқындайды. Сұрақтарға жауап бере отырып, ыңғайлы болу үшін оң жауаптың тұсына «иə», бұрыс жауаптың тұсына «жоқ» деп жазыңыз.


1. «Сілкіну», қызынуды сезіну үшін сіз жаңа əсерлерге жиі ұмтыласыз ба?
2. Өзіңізді түсінетін, қолдайтын жəне жұбататын достарды қажет етесіз бе?
3. Сіз бейқам адамсыз ба?
4. Сізге «жоқ» деп жауап беру өте қиын деп ойламайсыз ба?
5. Бір іске кірісу алдында сіз ойланасыз ба?
6. Егер сіз бірдеңеге уəде берсеңіз, əрқашан уəдеңізде (оның сізге ыңғайлы немесе ыңғайсыздығына қарамастан) тұрасыз ба ?
7. Сіздің көңіл күйіңіздің түсуі немесе көтерілуі жиі болып тұра ма?
8. Əдетте, сіз __________ойланбай жылдам істеп, жылдам сөйлейсіз бе?
9. Жеткілікті себептерсіз өзіңізді бақытсыз адам ретінде сезінуіңіз жиі бола ма?
10. Бəс тіккен жағдайда, сіз барлық нəрсені істеуге барар ма едіңіз?
11. Қарама-қарсы жыныстағы өзіңізге ұнайтын адаммен əңгімелес кіңіз келгенде, сізде жүрексіну жəне қысылу сезімі пайда бола ма?
12. Сіз кейде өзіңізді ұстай алмай, ашуланасыз ба?
13. Сіз бір сəттік көңіл-күйіңіздің əсерімен əрекет етесіз бе?
14. Сіз айтуға немесе істеуге болмайтындай нəрсені айтып не-
месе істеп қойғанда жиі мазасызданасыз ба?
15. Сіз адамдармен кездескенше, əдетте, кітап оқығанды дұрыс көресіз бе?
16. Сізді ренжіту оңай ма?
17. Серіктіктеріңізбен жиі болғанды ұнатасыз ба?
18. Өзгелерден жасырғыңыз келетін ойларыңыз бола ма?
19. Кейде қолыңыздағының бəрі жанып кетердей күш-қуа тыңыздың артып кететіні, ал кейде мүлдем енжар болатыныңыз рас па?
20. Сіз достарыңыздың аз болғанын (есесіне өзіңізге ерекше жақын) артық көресіз бе?
21. Сіз жиі армандайсыз ба?
22. Сізге айғайласа, оған сіз солай жауап бересіз бе?
23. Өзіңізді кінəлі сезіну сізді жиі мазасыздандыра ма?
24. Сіздің əдеттеріңіздің бəрі де жағымды жəне дұрыс па?
25. Өз сезіміңізге ерік беруге жəне серіктіктерге барынша көңіл көтеруге қабілеттісіз бе?
26. Сіз өзіңізді тез елігетін жəне сезімтал адаммын деп есептейсіз бе?
27. Сізді еті тірі жəне көңілді адам деп есептей ме?
28. Сіз қандай да бір маңызды істі істегенде, оны одан да жақсы
істей алар едім деген сезім жиі бола ма?
29. Сіз басқа адамдардың ортасында болғанда, көп жағдайда
үндемейсіз бе?
30. Сіз кейде өсек айтасыз ба?
31. Басыңызға əр түрлі ойлар келетіндіктен, ұйықтай алмайтын кездеріңіз бола ма?
32. Егер сіз бірдеңе туралы білгіңіз келсе, біреуден сұрағаннан
гөрі, оны кітаптан оқығанды артық көресіз бе?
33. Сіздің жүрегіңіз қатты соғатын кездер бола ма?
34. Сізден үнемі зейін қоюды талап ететін жұмыс ұнай ма?
35. Сізде діріл ауруы ұстап қалу бола ма?
36. Егер тексеруден сақтанбасаңыз, көлікте жүгіңізді тасығаныңыз үшін əрқашан ақша төлер ме едіңіз?
37. Бірін-бірі əзілдеп отыратын ортада болу сізге жағымсыз ба?
38. Сіз ашуланшақсыз ба?
39. Сізге əрекеттің жылдамдығын талап ететін жұмыс ұнай ма?
40. Болуы мүмкін жағымсыз оқиғаларға байланысты толқисыз ба?
41. Сіз баяу, асықпай жүресіз бе?
42. Сіздің кездесуге немесе жұмысқа кешіккен кезіңіз болды ма?
43. Сіз жиі жаман түс көресіз бе?
44. Сіздің сөйлесуді ұнататыныңыз сондай, бейтаныс адаммен əңгімелесу жағдайын ешқашан жібермейтініңіз рас па?
45. Сізді қандай да бір ауру мазалай ма?
46. Егер адамдармен көп қарым-қатынас жасаудан ұзақ уақытқа айрылсаңыз, өзіңізді өте бақытсыз сезінер ме едіңіз?
47. Сіз өзіңізді жүйкесі жұқарған адам деп атай аласыз ба?
48. Таныстарыңыздың арасында сізге анық ұнамайтын адам бар ма?
49. Сіз өзіңізге өте сенімді адаммын деп айта аласыз ба?
50. Адамдар сіздің жұмыстағы қателіктеріңізді немесе жеке басыңыздағы жаза басуларыңызды нұсқаса тез ренжіп қаласыз ба?
51. Сіз көңілді кештерден нағыз рахат алу қиын деп есептейсіз бе?
52. Өзгелерден төменмін деген сезім сізді мазасыздандыра ма?
53. Сізге айтарлықтай жалықтыратан серіктіктерді (компанияларды) жандандырып жіберу оңай ма?
54. Өзіңіз түсінбейтін нəрселер туралы айтатын кездеріңіз бола ма?
55. Өзіңіздің денсаулығыңыз туралы мазасызданасыз ба?
56. Өзгелерге қалжыңдағанды ұнатасыз ба?
57. Ұйықтай алмаушылықтан жапа шегесіз бе?
Тесттің нəтижесі бойынша өзіңіздің мінезіңіз туралы пікір айту үшін сіздің нəтижеңізді мұнда келтірілген кілтпен салыстыру қажет.
Егер сіздің жауабыңыз кілттік тізімнің жауабымен сəйкес келсе, оның тұсына «+» белгісін қойыңыз.
1) 1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 46, 49, 53, 56 - иə;
5, 15, 20, 29, 32, 34, 41, 51 – жоқ..
Сұрақтардың бұл шкаласы экстраверттік-интроверттікті айқындауға бағытталған. Егер сіз мұнда «+» белгісін 12-ден жоғары жинасаңыз, онда сізді анық экстраверт деп, ал одан кем жинасаңыз анық интроверт деп есептеуге болады.
2, 4, 7, 9, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 26, 28, 31, 33, 35, 38, 40, 43, 45, 47, 50, 52, 55, 57 – иə;
Сұрақтардың бұл қатары эмоцияңыздың тұрақты немесе тұрақсыз деңгейін айқындауға бағытталған. Бұрыс жауаптар мұнда есепке алынбайды. Егер мұнда сіздер «+» белгісін 12-ден кем жинасаңыз, онда сіздің эмоцияңыз тұрақты.
Экстравертер «істеуге» дайын тұрса, интровертер «ойланудан» жалықпайды. Экстравертер көрген есікті ашуға асықса, интровертер оның артында не боларын ойлап қана, бұл шешімге бара алады.
Типтік экстравертке мінездеме бергенде, оның адамдармен үйрлігін, таныстарының көптігін, қарым-қатынасты қажет етуін белгіленеді. Экстраверт жағдайға байланысты әрекеттер жасайды, серпінді, ашушаң. Ол қамсыз, оңтайлы, көңілді, мейірбан. Сезімі қатаң бақылауда емес, тәуекелді қылықтарға бейім. Оған әр уақытта сенуге болмайды. Типтік интроверт – ол тынық, ұялшақ, интроектті адам, өз-өзін талдауға бейім. Ұстамды, өзін туысқандарынан басқа адамдардан алысырақ ұстайды. Өзінің іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлайды, кенеттілікке сенбейді, шешім қабылдауға байсалды қарайды, барлық кезде тәртіпті ұнатады. Өзінің сезімдерін бақылайды, оны ашуландыру оңай емес. Өнегелі нормаларды бағалайды, түңілуші.
Тұлғаның негізгі қасиетін бағалау, мінез, эмоцияның тұрақтылығы, тұлғаның типін анықтау мақсатында әлеуметтану мамандығының 2 курс студенттеріне Айзенк тесті арқылы диагностикалау жұмысы жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет