Психологияның теориялық-методологиялық негіздері



бет8/10
Дата23.02.2016
өлшемі0.81 Mb.
#3055
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Оқушыларға тапсырма:

1-ші тапсырма. Әрбір оқушыға арнайы жоғары білімді психологы бар қаланың бір мектебін анықтау керек, тапсырма алдым деп сылтау етіп, психологпен және мектеп басшысымен келісе отырып, бір аптаның бойында мүмкіндігі бойынша жаппай бақылау немесе іріктеп тексеру жүргізу керек, ол жұмыста жас өспірімдерге, жоғары сынып оқушыларына, ата-аналарына, жанұяның ересек мүшелеріне, педагогтарға консультация берудің ерекшеліктеріне аса көңіл аудару қажет.

Жазып алынған деректерді талдаңыз, қорытынды жасаңыз және практикалық сабақ кезінде қорғаңыз.



2-ші тапсырма. «Психолог мектеп түлегіне өзін-өзі кәсіби анықтау проблемалары туралы консультация беру», «Жас өспірімге үйде білім берудің өзекті проблемалары туралы ата-ана психологтың қабылдауында» тақырыптары бойынша іскерлік ойындарға дайындалыңыз.

Бірінші тақырыпқа дайындалған кезде өзіңіздің болашақ рөліңізді – психолог немесе мектеп түлегі - таңдаңыз және оқытушыға хабарлаңыз. Консультация беру проблемалары және жоғары сынып оқушыларының мамандықты бағдарлау сұрақтары бойынша психолого-педагогтік әдебиеттерді қарап шығыңыз.

Екінші тақырып бойынша іскерлік ойынға дайындалу кезінде өзіңізге психологтың немесе ата-ананың немесе жанұяның ересек мүшесінің рөлін таңдап алыңыз және сол пәннің мұғаліміне хабарлаңыз.

Бірінші тақырыпқа дайындық - екі апта, екіншіге - төрт апта.



8 Дәріс. ЖОО-да білім алудың қорытынды кезеңінде ғылыми жұмыстарды (дипломдық жұмыстар және магистрлік диссертация) дайындау және қорғау процессін кемелдендірудің методологиялық проблемалары
Дипломдық жұмыс – түлектің жоғарғы оқу орнындағы білім алуды аяқтау кезеніңдегі орындайтын ғылыми жұмыс түрі. Ал оны сәтті қорғау – түлекке қандай да бір мамандықтың иесі немесе бакалавр академиялық атағына ие болуға негіз болады.

Магистрлік жұмыс та ғылыми жұмыстың бір түрі, бірақ оның деңгейі біршама жоғары және оны қорғауға тек магистранттар-бакалаврлар және мамандар құқылы. Ғылыми жұмыстың екі түрі де жобалап алғанда бірдей үлгімен дайындалады, және оған қойылатын адекватты жоғары талаптар төмендегідей:

зерттеу мәселесі бойынша психолого-педагогикалық әдебиеттерді қарқынды және адал зерттеу, ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде жаңа методологиялық деңгейде зерттеу проблемасы бойынша психодиагностика мен психокоррекцияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автордың инновациялық теориясы болып табылатын салыстырмалы талдаудың қорытындысын баяндау;

ғылыми аппаратты жете ұғыну, оны ғылыми ортада талдап, кіріспеде бейнелеу;

зерттеудің толықтырылған жоспарын және оны ғылыми-зерттеу тәжірбиесінде жүзеге асыру жолдарын дайындау.

Зерттеудің кезеңдері мен мазмұны төмендегідей:

1) зерттеу тақырыбын ұғыну. Ол өзекті, проблемалы, сауатты тұжырымдалған, ЖОО түлегінің білім беру-тәрбиелеу тапсырмаларын орындау процесінде тәжірибелік әрекет негізінде пайда болған ой тұжырымының қорытындысы болып табылу керек. Мысалы, мына тақырыптар әр қашан өзекті болды және өзекті болып қала береді. Бұлар: “Мектепке дейінгі балаларды мектепте оқытуға дайындауда туатын мәселелер (проблемалар)”, “жоғарғы сынып оқушысының өздік маңыздылығының (самоактуализации) инновациялық формалары мен әдістері”, “Оқу-тәрбие процесінде жас өспірім мінезінің қалыптасып жатқан белгілері мен жоғарғы жүйке түрлерін ескеру” және т.б. нақтылы тақырыптардың түрлері: “Еске сақтау қабілеті, оның түрлері мен дамуы”, “Ойлау және қиялдау психикалық процесстер ретінде” және т.б. тақырыптар психолого-педагогикалық зерттеуде тиімсіз болып табылады, бірақ, “Жас өспірімнің еске сақтау қабілетінің әлеуметтік мәні, дидактикалық процесстерде оны дамыту және кемелдендіру проблемалары” немесе “Жас өспірімдерде және жоғарғы сынып оқушыларында креативті қабілетті қалыптастыру методологиясын кемелдендіру өзекті психолого-педагогикалық мәселе ретінде” және т.б. деген тақырыптар тақырып құру жүйесінде қажетті болып табылады;

2) зерттеудің келесі процесінде, зерттеудің методологиялық негізі ретінде, сапасы автордың жоспарлаған ғылыми жұмысының психокоррекция және психодиагностикалық мазмұнына әсерін тигізетін – кіріспе қалыптастырылады. Кіріспе ережеге сәйкес тақырыптың өзектілігін дәлелдеуден басталады. Автор берілген бағыт бойынша негізін салушылардың сәтсіздіктері мен жеткен жетістіктерін конспект түрінде бейнелейді. Бұрынғы ескірген стереотипті әдістер мен технологияларға сүйене отырып, техник-мамандардың орындау мүмкіндігі мен әлеуметтік тапсырыстың арасындағы қайшылық ретінде зерттеудің негізгі проблемаларын ерекшелей отырып, зерттеуді жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда ары қарай жүргізу қажет екенін дәлелдейді.

Мысалы: жоғарғы сынып оқушысы мен жеткіншекті қорқыту, полицияға әкелу, т.б. әдістер арқылы қайта тәрбиелеу мүмкін еместігі айдан анық, әлбетте, бұл әдістер тәжірбиеде жалғасын тауып жатыржәне соңында осындай жағымсыз құбылыстар мәдениетті мемлекетте жас адамды бостандығынан айыру сияқты қайғылы жағдайларға әкеп соғады.

Сонымен қатар, жағымсыз тұлғаны соңғы әдістерді қолданбай-ақ қайта тәрбиелеуге көмектесетін технологиялардың бар екені алдыңғы тәжірбиеде дәлелденген.

Ары қарай, автор өнімді қорытынды алуға әкеп соғатын инновациялық теорияны қайта өңдеу және оны тәжірибелік психолого-педагогикалық диагностикада іске асыру және түзету жүйесі ретінде зерттеу мақсатын анықтайды.

Бұдан кейін автор қандай да бір психологиялық үрдістердің жиынтығы және онтогенездің сол немесе басқа кезеңіндегі жас ұрпақтың қандай да бір контингентінің жағдайы ретінде зерттеу объектісін белгілейді. Мысалы, кіші жас өспірім оқушылардың мектептің жабық түрдегі жұмысы жағдайындағы (интернат, балалар үйі, т.с.с), танымдық қызметі. Немесе, танымдық процесстерде үлкен жас өспірімдердің жоғарғы жүйке қызметінің типтерінің байқалуы, немесе, жоғарғы сынып оқушысының пән мұғалімдерімен және мектеп басшыларымен және т.с.с.қарым-қатынасының жүйесі және т.б.



Зерттеу пәнін анықтай отырып, автор тақырыптың түрін ғана өзгертіп, оның формулировкасын (тұжырымын) қолданады.

Объектіні және зерттеу тақырыбын анықтауда басқа тәсілдерді қолданудың керегі жоқ, өйткені, жас зерттеушіні дипломдық жұмыстың (магистрлік диссертациясының) негізгі бөлімін құрастыру кезінде қате әрекеттерге ұрындыруы мүмкін.

Алдын-ала ойлаудың және бақылайтын құбылыстардың мәнін, әр түрлі контингенттегі адамдармен әңгімелесу мазмұнын жете түсінудің, алдын-ала таңдап алған тақырыпты ретроспективті талдаудың нәтижелері ғылыми –тәжірбиелік болжамдарды ұсынуды қамтамасыз етеді, яғни, әртүрлі психолого-педагогикалық құбылыстардың психодиагностикасына белгілі бір инновациялық тұрғыдан жағдай жасап, психокоррекцияның продуктивті әдістерін қолдана отырып, өзгерту (қалыптастырушы) эксперимент жүйесін құруға ықпал ететін сенімді, толық қамтитын акпарат алуға болады деген болжам жасауға мүмкіндік береді.

Сөйтіп, зерттеудің негізгі болжамдары анықталады. Бірақ, кез келген тақырып көп қырлы болғандықтан, оны өңдеуші өзінің интеллектуалдық мүмкіндіктерінің мәселелері жөнінде және қалыптастырушы тәжірбиені ұйымдастыру үшін жасалған жағымды жағдайлар жөнінде алдын-ала ойланады. Онда негізін толықтыратын жеке болжамды ұсынулар, зерттеу тәжірбиесінде зерттеуші-экпериментаторды алғы, инновациялық қорытындыларға әкелетін бекітілімдер жөнінде бірнеше ойлар пайда болады.

Мысалы, “Оқу-тәрбие процесінде жас өспірімдердің жоғарғы жүйке қызметінің түрлерін ескеру” тақырыбы бойынша бұндай есеп оқушылар мен педагогтар арасында өнімді ара қатынасты қалыптастырады деген мұндай есеп, жорамалдаудың негізгі болжамы бола алады. Ал бұл құбылыс жас өспірімнің қызығушылығы мен танымдық қажеттіліктерін қалыптастырудың, сонымен қатар, балалар ұжымын дамыту және кемелдендіруге ынталандырудың факторлары болып табылады.

Бірақ автор, болашақ эксперименталдық сыныпты, пән-мұғалімдерін, осы сыныптың жұмыскерлерін, сонымен қатар, қайнап жатқан энергияны және сынып жетекшісінің шығармашылық талпыныстарын жақсы біледі делік, бұл жағдайда мына болжамдар орынды болады:

сынып жетекшісінің басшылығымен эксперименталды жас өспірімдік сыныпта пән-мұғалімдерінің психолого-педагогикалық бірлестігін құру педагогтардың жас өспірімдермен ынтымақтастығы процесін барынша жылдамдатады және жас өспірімдермен қатар, олармен жұмыс істейтін педагогтарда психикалық жаңа білімдерді қарқынды қалыптастыруына жағдай жасайды, бұл кезде педагогтарда жағымды, ынталандыратын, рухтандыратын түрде стресстер қалыптасады;

жас өспірімдер арасындағы ара қатынастар психолого-педагогикалық проблемалар бойынша психологтардың көп уақытын алатын ата-аналардың жеке кеңестерінің орнына, ата-аналардың психолого-педагогикалық тәжірбиесін ұйымдастырса, онда сабақтар барысында олардың әр қайсысы жас өспірімдермен ара-қатынас жайындағы өзекті мәселелер жөнінде кең ғылыми ақпараттар ала алады, ал іскерлік, рөлдік ойындарға, тренингтарға қатысу кезінде ата-ана өзінің есейіп келе жатқан баласымен нәтижелі қатынасуда қажетті іскерліктер мен дағдыларға ие болады;

Кез келген тақырып бойынша негізгі және көмекші болжамдарды алға тарту керек және содан кейін ғылыми жұмысының негізгі бөлімінде олардың ғылыми жағдайын тексеру қажет. Бұл сұрақ бойынша сонымен қатар, біздің заманымыздың ең ірі психологы Р.С.Несовтың ұсыныстарын қараңыз [22 546-553 беттер].

Тақырыптың, оның проблемаларының, объектісінің, пәнінің, зерттеу болжамының өзектілігін қайта ұғыну авторға бірнеше міндеттерді, магистрлік диссертация мен дипломдық жұмыстың ғылыми көлемін қамтамасыз ететін шешімдерді анықтауға көмектеседі.

Ары қарай автор өзінің зерттеуінің теоретикалық және әдістемелік негізін анықтауға көшеді. Бұнда автор осы бағыт бойынша жұмыс істеп жүрген және принципиалды көзқарастарға ие ең ірі психологтарды, педагогтарды, философтарды, әлеуметтанушыларды атап өтеді, бұдан кейін ғылыми фактілерді және зерттеудің коррекциялық әрекетімен жалғасқан қалыптасып келе жатқан экспериментті алу үшін қолданылатын зерттеу әдістеріне қысқаша мінездеме беріп өтеді.

Бұдан кейін автор зерттеудің жаңашылдығын қысқаша шолып өтеді. Бұнда автор түсініктерді бірінші рет қолдана отырып, сонымен қатар, өзінің дипломдық жұмысының немесе магистрлік диссертациясының мазмұнының теориялық және тәжірбиелік маңыздылығы жөнінде өзінің қиял көрінісін анықтайды.

Өзінің барлық тәжірбиесін ұғына отырып, шығармашылық дамуының әр кезеңіндегі эмоцияналды жағдайын ескере отырып, автор қорғауға ұсынылатын негізгі жағдайларын анықтайды және кіріспенің қорытынды бөлімінде зерттеу қорытындысын еңгізу және мақұлдау фактілерін анықтайды, дипломдық жұмысының (магистрлік диссертациясының) негізгі мазмұны басылып шыққан ғылыми, сонымен қатар халықаралық конференциялар, ғылыми журналдар мен жинақтар), педагогикалық кеңестердің отырыстарында, әдістемелік бірлестіктер кеңесінде өзінің зерттеу мәселелері жөнінде көптің алдына шыққан білім мекемелерін атайды. Бұл кіріспенің соңғы бөлімі.

Бірінші бөлімде және оның екі бөлімшелерінде бөлімнің көлеміне байланысты кіші-гірім кіріспеден соң автор, әдебиет көздерінің салыстырмалы талдауының қорытындысын баяндайды, бұнда монографияның (оқулықтың, журналдың, жинақтың және т.с.с.) бетін және реттік номерін белгілей отырып, міндетті түрде қандай да бір мәселе жөнінде өзінің көзқарасын білдіреді. Мысалы көптеген оқулықтар мен оқу құралдарында авторлар темперамент тума, табиғи- ескерілген қасиет деп санайды [1. 394бет; 36. 617бет; 2. 380б; 37. 403б және т.б.], алайдаЛ.Д.Столяренко және С.И.Самыгин “Балалардың арасында холериктер мен сангвиниктер көптеп байқалады, ал кәрі адамдарда керісінше флегматиктер мен меланхоликтер көп” [38, 311 бет] деген тұжырымды құптайды.

Автордың салыстырмалы талдауының және ұғынудың, пікірлесудің және ойлаудың қорытындысы, тақырыптың қандай да бір мәселесі бойынша оның қорытындысы – белгілеу экспериментін ұйымдастырудың негізі болып табылатын жаңа авторлық теория бар.

Бірінші тарау, екінші тарауға көшуді қамтамасыз ететін қорытындымен аяқталады.

Екінші тараудың атауы, әдетте, зерттеудің тақырыбын қайталайды және 2-3 бөлімшелерден тұрады.

Бірінші тарауда диагностикалатын тәжірибенің қысқа нұсқаудағы бағдарламасы бейнеленіп, тәжірбиенің жоспарына сілтеме жасалады. Бұны қосымшаларға орнатқан жөн, сонымен қатар, зерттеушінің өзі таңдап алған әдістемелерді таңдауда дәлел қажет, және тәжірбие жасалатын объектіні визуалдық талдау негізінде өте қысқа түрде сипаттау қажет.

Зерттеу қорытындылары таблицаларда, сызбаларда, графиктерде, суреттерде, диаграммаларда бейнеленеді (жазылады). Тәжірибеленуші контингенттің аты-жөндері жазылады. Қорытындылары мәтіндерде орнатылған әр түрлі формулаларды қолдану жолымен анықталады. Сонымен, тағы да бір айта кететін жай, автор стандартты тестілерді алдағы уақытта қайта құру (өркендету) іс-әрекетіне қажет өнімді ақпараттарды алу үшін тәжірибелік әдістеме ретінде қолданады. Бұл дипломдық жұмыстың (магистрлік диссертацияның) авторы мен сұранысты орындаушы және белгілі бір контингенттің қабілетін анықтауда (мысалы, қандай да бір арнайы білім мекемелерінде немесе үй жағдайындағы репетиторлық жүйе ретінде) стандартты тестілерді құрал ретінде қолданатын зерттеушінің арасындағы басты айырмашылық..

Сөз жоқ, бұл сонымен қатар тәжірбиеші-зерттеушіге де маңызды, бірақ оның мақсаты басқа – сол тәжірбие өткізілетін ұжымда жеке тұлғаны дамытуды жалғастыру керек, олардың шығармашылық дамуын және құрбыларына әсер етуін бағыттауда оның дарындылығын пайдаланудың үздік әдістерін табу керек. Зерттеуші автор бақылауларды, тестілерді, анкеталарды, жоспарларды қайта өңдеуіне бола ма, әлде Қазақстан Республикасының және ТМД-нің әр түрлі баспаларында басылып шыққан және өкілетті өкілдердің ұсынған оқулықтары мен оқу құралдарында табылғандарды ғана пайдалану шарт па деген мәселені талдау қажет.

Бұл мәселе бойынша оқытушылар арасында бір жақты пікір жоқ..

Біз осы анкеталар, бақылау жоспарлары, әр түрлі тәжірибелер автордың зерттеу ауқымын (арсеналын) кеңейтуді және осы бағыттағы жұмысты марапаттау керек деп санаймыз.

Әр түрлі тестілерді қолдануға байланысты біздің пікіріміз мынадай алғы шарттардан құралады:

1) кейбір тестілерді, әсіресе суретті тестілерді, өзінің авторлық ойларымен толықтыруға болады. Мысалы, көктемгі өзендердің, сулардың, анасының, әкесінің, ағасының және т.б. суреттерін салу. Бірақ, көп жылдар бойы мақұлданған және жоғарғы диагностикалық қорытынды берген суретті тестілерді толық өзгертуге болмайды (“Тіршілікте жоқ аңдар”, “”Менің отбасым” және басқа тақырыптағы тестілер);

2) сұрақ-тестілерге байланысты, олардың авторлары әр түрлі мемлекеттердің ғалымдары болып табылатынын еске сақтау керек (АҚШ, Германия, Ресей, Англия және т.б.)

Әрине, тест-сұрақтар автордың менталитетінің ерекшеліктерін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін көрсетеді және оларды тек өзіне, өзінің жақындарына апробация жасап, оның нәтижесін адал талдағаннан кейін ғана зерттелетін контингентке қолданған жөн. Психодиагностика тәжірибесі көрсеткендей, қандай жағдай болса да, дипломдық жұмыстың авторы (магистрлік диссертация) басқа авторлардың тестерін мұқият талдап, олардың ішінен көңілдегідей жақсы сұрақтарды таңдап алып, қазіргі кездегі оқиғаларды бейнелейтін, Қазақстан менталитетінің ерекшеліктерін және ұлттық сипаттарды ескеретін сұрақтарды қолдануы керек. Тесттерді құрастыру ұқсастық жағынан оригиналды, тиімді әдістемелерді дайындаудың нәтижелі жолы.

Жалпы алғанда, авторлық әдістеме зерттеушінің шығармашылық интеллектісінің интенсивті дамуына, оның беделін арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және с.с. мүмкіндік туғызатын, болашағы зор перспективті бағыт болып табылады, сондықтан да бұл бағытта бас сауғалаудың қажетсіздігі былай тұрсын, тіпті ол өте қауіпті. Ол автордың зерттеу қызметінде тежегіш факторға айналады. Сонымен қатар, әр түлек және магистрант оның аналитикалық қызметтерін түзеп отыратын, даму және кемелдену жолын бағыттап отыратын тәжірбиелі ғылыми жетекшісі бар екенін үнемі есте сақтау керек.

Констатациялық (диагностикалық) эксперименттің басталу қарсаңында жауабын дәлелдеуді қажет ететін тағы бар сұрақ туындайды – ол, экспериментті тек қана констатациялайтын бақылау контингенті және зерттеудің қорытынды этапындағы бақылау контингентінің қажеті бар ма, әлде үлкен бақылау контингенттерінің қажеті жоқ деген сұрақтар, өйткені, олар көп уақыт алады, зерттеушінің қабылдауы мен назарын іске пайдасыз етіп бытыратып жібереді.

Бұл сұраққа бір жақты жауап беру қиын. Көп нәрсе тәжірибешінің басынан өтіп тұрған жағдайларға байланысты. Мысалы, тәжірибеші-автор бір мезетте пән мұғалімі де бола алады, сегіз сынып бар делік, олардың бірінде оқушының өзін-өзі басқаруда іскерлігін дамыту бойынша қалыптастырушы эксперимент өткізу көзделді, басқа сыныптың оқушылары тіршілік әрекетінің ең сензитивтік шағында оларды елемейтіндей неден жазықты болды? Өздерінің педагогтары көрші сыныпта әрекеттері жайлы ақпараттарды естіп алып, өздерінің мұғаліміне қатты наразылық білдіріп, кейде дөрекілік көрсететін де жағдайлар болады. Бұған жол беруге бола ма? Жол беруге әрине болмайды. Бақылау контингенті автор жұмыс істемейтін басқа мектепте өтсе түсінуге болар еді. Бірақ, зерттеушіге бұл жағдайда оған басқа қауіп төніп тұрғанын ескерту керек. Бақылау сыныбында алынған констатациялау экспериментінің нәтижесінің сол сыныптың тәлімгерін ынталандыру факторы болу мүмкіншілігі соншалықты, оның инновациялық әдістемесі революциялық сипат алады да, ал нәтижесі зерттеуші-экспериментатордың нәтижесінен де жоғары болуы мүмкін (ондай фактілер белгілі). Бұл жағдайда күтпеген «бәсекелестің» әдістемесін объективті бағалау керек, алынған ақпаратты ұғынып, тиісті қорытынды жасау қажет.

Екінші және үшінші бөлімшелерде, тіпті екінші бөлімнің төртінші бөлімшесінде де автор – экспериментатор психодиагностиканың нәтижелерін қолдана отырып, қайта жасау (өзгерту) экспериментінің жоспарын құрайды, ол үшін қайта жасау іс-әрекетінің әртүрлі формалары мен әдістерін қолданады. Б асқа сөзбен айтқанда, эксперименталдық жұмыстың барысында автор негізгі және жеке гипотезаның дәлелділігін анықтайды, кестелер мен графиктерде алынған нәтижелерді бейнелейді және білім алушылардың мүмкіндіктерін ұлғайтатын, немесе гипотезаға адекватты, немесе гипотезаны шексіз күшейтіп жіберетін нәтижелері бар ауытқуларды көрсетеді. Мысалы, «жоғары сынып оқушыларының коммуникативті-лидерлік сапасын қалыптастыру және дамыту» атты дипломдық жұмыстың авторы бір жеке гипотезаны ұсынды, ол гипотеза бойынша, егер студент экспериментатор барлық пәннің барлық сабақтарында психолого-педагогикалық практикумды ұйымдастырып және өткізсе, онда жоғары сынып оқушыларының ойлау әрекеттері әлдеқайда белсендірек болар еді. Гипотеза зерттеу барысында құпталды, және барлық сабақтарда өткізілген практикум кезінде оқушылардың төменгі және орташа звеносында ассистенттер кеңесін (институтта) құру идеясы пайда болды да, ол жүзеге асырылды. Сыныптың өзін-өзі басқарудың жаңа органының жұмыс жасай бастауы бірнеше көкейтесті мәселелерді шешуге көмектесті:

мектеп түлектерінің коммуникативті- ұйымдастырушылық сапалары едәуір жоғарылады;

нақты ұйымдастырушылық жұмыста лидерлік қабілеттері одан әрі дами түсті;

мектеп түлектерінің жеке бастарында кішілерге деген ұқыпты көзқарас, қамқорлық, олардың қабілеттерін арттыру және дамыту сияқты психикалық жаңа құрылымдар қалыптасты.

Жоғары сынып оқушыларының аталған жеке тұлғалық құндылықтарын дипломдық жұмыстың авторы өзінің авторлық тест-сұрақнамасына сүйене отырып анықтады, оны жоғары сынып оқушыларымен эксперименттің қорытынды бақылау кезеңінде жүргізді.

Екінші бөлімнің екінші, үшінші, төртінші бөлімшелері жеке гипотезалардың дәлелдену дәрежесінің негізін анықтайтын және қайта жасау (өзгерту) экспериментінің барысында анықталған, зерттеуді одан әрі жалғастыруды талап ететін жаңа проблемаларды көрсететін қорытындылармен аяқталуы керек.

Толық бөлім жалпы қорытындылармен аяқталады.

Дипломдық жұмыстың (магистрлік диссертацияның) қорытынды бөлімінде автор зерттеу жұмысының нәтижесін, гипотезалардың дәлелдену дәрежесін және алға қойылған мәселелерді шешудің сапалы деңгейін, сонымен қатар, зерттеу барысында анықталған, автор-зерттеушінің көңілін өзіне аса аударған және ЖОО түлегінің алдағы уақыттағы ғылыми-ізденіс жұмысы кезінде өзінің шешімін талап ететін жаңа проблемаларды атап көрсетеді.

Дипломдық жұмысты (магистрлік диссертацияны) қорғауға дайындық Қазақстан Республикасының білім туралы заңына сәйкес жүргізіледі [12 с 132 - 137].

Ережеге сәйкес, Мемлекттік аттестациялық комиссия дипломдық жұмысты (магистрлік диссертацияны) төмендегідей критериялармен бағалайды.

«Өте жақсы» баға, ғылыми жұмысы тақырыбының көкейтестілігін жете негіздеген, шешілмеген проблемаларды көрсете білген авторға беріледі. Ол автордың гипотезалары, мақсаттары және міндеттері сол бағытта бұрын зерттегендердің ойларының негізінде және проблеманы алдын-ала талдау нәтижесінде анықталған. Жұмыстың бірінші бөлімі - автордың инновациялық теориясы, ол зерттеу-ізденіс проблемасы бойынша барлық әдебиет деректерін терең ойланып, салыстыра талдаудың және автордың кемеліне келген ой-толғаныстарының, бірізділігінің нәтижесі болып табылады. Жұмыстың екінші, мүмкін үшінші бөлімдері жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде дайындалған, сонылы (оригинальный) болып келеді. Тақырып терең және толық қамтылған, жұмыстың авторы жетілген зерттеуші ретінде сипатталады,жұмысының нәтижелері ашық басылымдарда жариялануға әбден болады және білім беретін мекемелердің практикалық қызметкерлеріне қолдануға ұсынылады.

«Жақсы» баға, дипломдық жұмысының (магистрлік диссетацияның) бірінші бөлімінде құрастырушылық (компилятивтік) стильді қолданған, екінші бөлімінде зерттеу тақырыбы жеткіліксіз ашылып көрсетілген, позицияларында қайшылықтар кездескен және мазмұндауында стильдік қате жіберушіліктері бар жұмыстың авторына беріледі.

«Қанағат» баға, тақырыптан ауытқулары анықталған, қажетсіз деректері көп, зерттеу ұқыпсыз жүргізілген, кестелерде, тізбелерде, суреттерде келтірілген фактілердің нақты дәлелдері жоқ жұмыстың авторына беріледі.

«Қанағатсыз» баға, басқалардың еңбегін пайдаланған авторға беріледі және «Мемлекеттік аттестациялық комиссияның шешімі бойынша зерттеуші жұмысын жетілдіріп, қайта қорғауға ұсынылады, немесе дайындаушы кафедра анықтаған жаңа тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізеді» [12, б. 135].

Қорытынды
Бітіру жұмысы студенттің (магистранттың) дайындық деңгейінің және білім беру мекемелерінде, өндірістік кәсіпорындарында, аспирантурада, сонымен қатар, жоғарғы оқу орындарында, психолого-педагогикалық мамандыққа дайындайтын кафедраларға ваканттық лауазымға конкурстан өту шағында өзінің қызметтік функциясын орындау деңгейінің негізгі көрсеткіші. Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен және қалыптасқан практикалық жүйемен анықталған ғылыми жұмыстың осы түріне қойылатын қатаң талаптар жоғарыда аталған көрсеткіштермен түсіндіріледі.

Жоғарғы оқу орнының түлегі осы дәрісте берілген ұсыныстарды қолданса, басқа да деректерді пайдаланса, дипломдық жұмыста (магистерлік диссертацияда) қойылған көкейтесті мәселелерді шешуге аса көңіл аударс -осының кемеліне жеткен ғылыми жұмысты дайындаудың альтернативі жоқ жолы және осы жұмысты МАК-та қорғаудың кепілі.


Білім алушыларға тапсырма
Осы оқу пәнін жүргізетін оқытушы өзінің кіріспе сөзінде мынадай ақпарат береді: оқытушы «Мемлекеттік аттестациялық комиссия» («МАК») құрады, оған жоғарғы курстың дарынды студенттері – психолого-педагогикалық олимпиаданың жүлдегерлері, әртүрлі конкурстарда, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда бірінші орын алған студенттер, халықаралық конференцияға қатысқандар, республикалық ғылыми журналдарда басылымдары барлар, сонымен қатар, психология және педагогика ғылымдарынан кандидаттық диссертация жазушылар мен аспиранттар кіреді. Комиссия 7 (9) «мүшелерден» құралады, оны басқаратын (аты-жөні). МАК отырысы жұмысты МАК-та қорғаудан 1,5 - 2 ай бұрын анық бір күнге белгіленеді.

«Қорғау» аудиторияда өткізіледі (аудиторияның аты және қорғаудың басталу уақыты көрсетіледі). Бітірушілердің дайындалған жұмыстары МАК мүшелеріне «қорғау» алдында 3 күн бұрын таратылады және ЖОО түлектеріне «баға қойылғаннан» кейін және МАК қорытындысынан соң қайтарылады.

МАК-та қорғауға дейінгі қалған уақытта түлек «комиссия» көрсеткен ғылыми жұмыстың ақуалдарын жөндейді, қосымшалар мен коррективтер енгізеді, сонымен қатар, баяндама мазмұнын жетілдіреді, иллюстративтік материалдарды қосады және оларды көрсету формаларын анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет