2- тапсырма. Осының барлығын жоғарғы сынып оқушыларына да жүргізіңіз.
3- тапсырма. Бірінші тапсырмаға сүйене отырып, оқушылардың ата-аналарымен жүргізетін психодиагностика жүйесін құрыңыз.
Ескерту: «Психологияның теориялық- методологиялық негіздерін» игеретін әрбір тыңдаушы өз таңдауы бойынша бір ғана тапсырманы орындайды.
6-Дәріс Білім беру мекемелеріндегі психологиялық коррекцияның методологиялық негіздері
Қарастырылатын сұрақтар
1. Пихокоррекцияның негізгі принциптері.
2. Психодиагностика көрсеткіштері зерттеуші - экспериментатордың психокоррекциясының негізі ретінде.
3. Коррекциялық жұмыстың критерийлері.
Психологиялық коррекцияны – жеке тұлға моделінің қазіргі заман талабына сай келмейтін кемшіліктерін жоюға бағытталған қалыптастырушы (түрлендіруші) экспериментті ұйымдастырушының жүйелі іс-әрекеті деп түсіну керек.
Мәселен, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мынадай әлеуметтік - маңызды қассиеттерді бойына сіңірген жас ұрпақты дайындауды көздейді:
-
мөрлілік пен ебедейсіздіктен, стереотипті ойлау мен әрекеттерден аулақ, әр түрлі адамдармен жоғары деңгейде диалог құратын және кез-келген жағдайлар мен шарттарда нәтижелі (продуктивті) шешім қабылдай алатын тұлға;
-
кешенді адамгершілік қасиеттеріне ие, талапты, тапқыр, мақсатқа талпынатын белсенді жеке адам;
-
интеллектуалды дамыған халықаралық еңбек нарығында бәсекеге барынша сай, ғылыми әлемде коммерциялық-ұйымдастырушылық қызметте шығармашылық әлеуетті және шет тілдерін меңгерген, сондай-ақ, саясат пен экономикадан түсінгі бар жеке тұлға;
-
жалпы алғанда мінез-құлқының және қоғамда сұранысы бар даму әлеуеті сипаты мен қоғамның жеке сұранысындағы сипатындағы даму потенциалы жоғары жеке тұлға;
-
жоғары когнитивті потенциалға және т.б. ие жеке тұлға.
Коррекциялық жұмыс зерттеуші - экспериментатордың кез-келген бағытында принциптердің (яғни жетекші ойлардың, ережелердің, бастапқы жай-күйлердің) негізінде құрылады.
Солардың кейбіреуіне тоқталып, сипаттап өтейік.
1-ші принцип: Диагностика үрдісінде зерттелуші де анықталған күрделі қасиеттерді кемелдендіру бойынша және оларды дамытуда мақсатты негізді анықтау, (ес пен зейіннің аса жоғары деңгейі, қиял, қабылдау, сенсорлық ұйымдастыру, ойлаудың осы немесе басқа түрі және т.с.с.) әдістер жүйесін белгілеу сараптамашының зерттеу қызметіндегі диагностика мен коррекцияның бірлігін білдіреді.
Психологиялық диагноз – жас ұрпақтың қайсібір өкімінде танымдық кемшілігін, мінезіндегі ауытқушылығын, шығармашылық әлеуетінің және жеке адамның құрылымында басқа да келеңсіз, жағымсыз компоненттердің әлсіз көрінуін өзінде белгілеуі мүмкін, міне сонда сараптамашыдан эксперименталды зерттелуші нысандағы кемшіліктерді түзету кешенді құралдарын қалыптастыру, сонымен қатар пәрменді қызу шығармашылық жұмыс қажет. Сонымен бірге, зерттелушідегі ішкі әсерлерден пайда болған /спонтанды/ негіздерді бұдан әрі дамыту мен кемелдендіруге әсер ететін кескін негіздерді қайта орнына келтіру бойынша пәрменді қызу шығармашылық жұмыс қажет.
Белгіленген принцип, сараптамашы ойлауының икемділігін, әрекеттерінің жеделдігін, нәтижелі шешім қабылдайтындығы мен оларды іс-жүзінде жүзеге асыруда табандылығын, қосымша материалдық және рухани резервтерді (қосымша білім берудің мекемелері, түрлі профильдегі мамандар зерттелушіге қарым-қатынасты түрлендіру және онымен өзара әрекет жасау, оқу құралдарын, конструкторлар және т.б. құралдар) іздестіруін көздестіреді.
Құрылғыларды алу іздестіруін болжайды.
Нақты өмірден алынған мысал келтірейік (он бес жыл бұрын болған іс).
Сыныптан сыныпқа әзер көшіп жүрген жасөспірім Ш.Максим, педагогтардың ойынша әлеуметтік мәртебесі төмен деп есептелген, шын мәнісінде ол кәмелетке жетпегендердің арасында беделді және құрметке ие болған, қолдан жасалған қармақпен балық аулаудан көшбасшы болған. Максим аса жоғары деңгейдегі қабылдау мен зейінге, тамаша, ғажап есте сақтау қабілеті мен ерекше интуицияға ие екені анықталды. Бірақ жасөспірімдегі когнитивті қабілеттерді мектептің бірде-бір педагог «байқаған» жоқ.
2-принцип: А.К.Болатова және И.В.Макаровамен сипатталған нормативтік принципі [23, б. 328-329].
Ол авторлардың тұжырымдауынша психологиялық дамудың негізгі заңдылығының есебін талап етеді. Яғни, жас ерекшелік кезеңдерінің бір-бірін тізбектей орын ауыстыруының есебі өмірге келгеннен және зерттеуші практиктің психокоррекциялық эксперементалды қызметі басталғанға дейін.
Коррекциялық жұмыстың стратегиясы мен тактикасын анықтағанда, мақсатарын таңдағанда, авторлардың пайымдауынша, эталондық қалыпты даму мен констатациялау экспериментінің барысында алынған сол сәттегі сапа жағдайының нақты ерекшеліктерін салыстыра отырып, оны ескеру керек. Дамудың ең жақын аралықтағы перспективасы болашақ жеке тұлғаның қалыптасуы үшін шешуші маңызы бар өзекті жағдайлармен анықталады.
3-іс-әрекеттілік принципі: Ол коррекциялық күштердің қосымшаларын анықтайды, ал жұмыс күнделікті өмірдегі қатынастарды жүйеге енгізетін зерттелушінің ойланған, саналы, тиянақты әрекеттерінің тұтастығы сияқты құрылады.
Жетекші іс-әрекет пен түрлі іс-әрекеттерді түрлендіруге тірек процессуалды (мәселен, ойын эстетикалық), продуктивті /мысалы, құрастыру жапсыру, бейнелеу шығармасы/, оқу, еңбек, бірліккен, сөйлеу іс-әрекеттің ерекше нысаны ретінде.
Психокоррекцияны бір жағынан нәтижелі және продуктивті етсе, 2-ші жағынан оқушының қызығушылығын тудырып, психокоррекциялық үрдістің мотивациялық аспектін анықтайды [23, б. 328-329].
4-принцип: Отбасының білімі, тәрбиесі мен дамуының ерекшеліктерінің есебін жүргізу принципі. Ол зерттеуші сараптамашысының тәрбиеленушінің ата-анасы мен отбасы үлкендерінің /ата-әжесі/ дербес, тұлғалық пайымдауларының негізінде құрылады. Тәрбиеленушінің психокоррекциялық шеберлілігі, білікті коррекциясының құрылуы зерттеушінің біліктілігіне тәуелді. Оның отбасы мүшелерінің тұлғалық қасиеттеріне енуге және тәрбиеленушіде интеллектуалдық қасиеттерді, ойлаудың барлық түрлерін, нәтижелі сипаттағы және креативті даму идеясы басым түсетін өзгеше пікірлес ұжым құру негізгі мәні. Яғни бүгінгі оқушы, ертеңгі жұмыс істейтін қызмет саласында әлеуметтік үрдістерді дамыту мен кемелдендіру, тағдырды анықтайтын жеке басының саулығы, психикалық жаңа құрылуларға жаһандық әлеуметтік маңызды.
Бұл принципті жүзеге асыруда, зерттеуші сараптамашы тәрбиеленушілердің мақсатты ұжымын және параллель ата-аналардың ұжымын құрады. Онда зерттеушінің дидактикалық іс-әрекеттерінен әрбір ата-анада ғылыми негізінде психологиялық және педагогикалық тұрғыдан ойлау қалыптасып дамиды. Мінез-құлықтан негативті сипаттар прогрессивті қасиеттермен ығыстырылады.
Біз атап өткендей психокоррекциялық жұмыс зерттеушімен үнемі анықталатын психодиагностикалық ақпараттың негізінде құрылады.
Біздің ойымызша, бәрінен бұрын зерттелушінің мінез-құлқын коррекциялау керек, себебі, кез-келген индивидтің психикалық өмірі жүйесінде мінез-құлқы орталық фактор болап табылады. Кез-келген эксперименталды контингентте, құрамда акцентуалды мінезді адамдар кездеседі, ал акцентуация индивидттің дамуында тежегіш нәтижеге себепші екені мәлім.
Үстемділік тендециялары бар - өзара көмекке, өзара сыйластыққа, мақсаттылыққа және белгіленген тенденциялардың іс әрекеті нәтижесінде еңбектің өнімділігін тұрақты арттыратың ыңтымақтасқан, мақсатқа ұмтылушы ұжымды көшбасшыларының (лидер) қалыптастыра алмады (талпынбады). Осындай жағдайларда еңбек тұқым қуалаушылық жөлмен берілмейтін қоғамдастықта акцентуацияның бастапқы қалыптасуының негізі ретінде түрлі индивидуалдық психологиялық қорғаныштар /сөзсіз бағыну, аффект, фрустрация, қулық, арсыздық және т.б/ пайда болады. Себебі акцентуацияның аға ұрпақтың ықпалының әсерінен /өрескелдік, таңбаланбаған және цензураға жатпайтын сөздер, сұғанақтық, бетпақсыздық, асқан мейірбандылық, жағымпаздық/ қалыптасып дамиды және кемелденеді.
Акцентуацияның бастапқы нысанының пайда болуына қолайлы орта:
еркін бірлестіктердегі жеткіншектерде, әсіресе жаз «айларында», акцентуация «психологиялық жұқпа» сияқты белсенділік танытады, бірақ білікті тәжірибелі педагогтармен ұйымдастырылған мақсатты іс-әрекеттердің ықпалынан тез бұзылады;
көркем әдебиет шығармаларының, фильмдер мен кинобоевиктердің басты кейіпкерлеріне еліктеу жеткіншектер мен жас өспірімдер мінездерінде акцентуитивті сипаттың қалыптасуына ықпалын тигізеді;
үдемелі акцентуация - өмірлік сәтсіздіктерде, ажырасу үрдістерінде, апаттық жағдайларда, қайғылы оқиғаларда және т.с.с, білім беру мекемелеріндегі оқушы мен педагогтың арасындағы тұрақты жақтырмаушылық, психологиялық кедергілердің пайда болу жағдайларында, деструктивті кикілжіңдердің пайда болуы жағдайларында және т.с.с. қалыптасады.
Түрлі психологиялық сөздіктерде, оқулықтарда, оқу құралдары мен монографияларда түрлі акцентуациялар көрсетіледі. Біз Л.Д. Столяренко [24, б. 228-324], А.П. Емдес, Н.Ш. Сугрубова [30], Е.И.Рогованың еңбектеріне [25, б. 208-236, 297-303] және практик психологтың сөздігіне [18, б.16-18] психолого-педагогтың практикаға енген кейбір акцентуацияны анықтадық. Төмендегі кестеде авторлармен белгіленген негізгі акцентуацияны көрсетіп, психокоррекцияның мазмұнын анықтауға тырысамыз және олардың нәтижелерін болжаймыз.
Кесте 5 - Акцентуитивті индивидттердің коррекциясы
Акцентуацияның атауы және оның қысқаша сипаты
|
Экспериментті түрлендіретін автордың коррекциялық қызметінің мазмұны
|
Алынып сыналатын ұсынымдарды жүзеге асыру жағдай нәтижелерін болжамдау
|
Эпилептоидтық типі жоғары энергия мен шұғыл жағдайларда батырлыққа, ерлікке ауысуымен сипатталады. Күнделікті өмірде тәртіпті «бұзатын» адамдарды әшкерелеуге, айналадағыларға аффекті талаптылықта, мінезгіштікте, қатаңдықта, цензураға жатпайтын балағат сөздермен соққыға жығуда көрінеді. Аса кикілжіңге бейім, тұрақты шоғырландыру агрессиясымен, ашу, жетекшіге көңілі толмау және оның орнын тартып алуға ашық немесе құпия түрде ұмтылу.
|
Жасөспірімдер мен жеткіншектердің ортасында акцентуациямен бірге акцентуацияның сипаттамасын мұқият зерделеу және талдау керек. Сонымен бірге онда жазылғандарды орындамау керек. «Нағыз» шындықты сүйетін агрессор акцентуантар үшін аутотренинг мәтінін дайындап, өз күнделікті өміріндегі қарбаластардың талдауынан кейін ертеңгілік және кешкілік оны үнемі қолдану.
Аса күрделі үрдістер мен негізгі әдістерге оқылатын педагогтарда жетекшілердегі
ата-аналардағы акцентуацияны шеттету, біздің ойымызша, жұмыс орнын ауыстыру, талдау жоғары инстанцияларға акцентуант арызының талдауы және эпилептойдты акцентуация сипаттамасындағы ғылымдармен көрсетілген себептерді ығыстыру бойынша нұсқауларды, сондай-ақ мінездің жексұрын, қисық сипаттарын ығыстыру бойынша акцентуантты әзірлеу аутотренингі себеп.
|
Ұсынылған бағдарлама, әрекеттерін жүзеге асыру, психикалық үрдістерден акцентуантты сипаттарды қарқынды шеттетуді қамтамасыз етеді, ал акцентуант ие болатын іс-әрекеттің жаңа түрі ішкі жан дүниені толықтай өзгертеді және мінез-құлықтың қалыпты сипаттарының орнын толық ауыстыруға көмектеседі. Біртіндеп, акцентуант өз сәтсіздіктерін айналадағыларды емес, өзінен көруге үйренеді.
Ал осы акцентуацияны толық түгелдей болмаса да, мінез-құлықтың акцентуитивті сипатының қарқынды артуын төмендетуге көмектеседі.
|
Эмотивті тип.
Бұл типтегі акцентуант асқан эмоционалдық сезімталдыққа және толық сенгіштік пен өзімен бірге оқитын адамның мінезіне қатыссыз
мейірбандыққа ие. Ол бөгде танымайтын адамдармен жиі байланысқа түседі, жұмыста бөтен біреудің жұмысын атқарады, айналадағылардың сұрауымен бақылау, баяндама, курстық, жөспар мен сөз сөйлеулерді және т.с.с жазады, ешқашан ақпаратты тексермейді, ауызға айтылғандарға сенеді. Эмотивтер жаны нәзік, өрескелдіктерді, әділетсіздікпен надандықты көңілдері көтермейді. Ондай жағдайларда олар ашынып, жандары күйзеледі, жасырын латентті кемшіліктері бар (қулар, жалқаулар, оңбаған және т.с.с.). Адамдардың оған мейірбанды қатынастарынан, «тау қопаруға дайын», айналадағыларына мүліктей, азық, түліктермен және
ақшаны еш қайтарусыз қамсыздандыруда олар тез алданады, бірақ, олар ешқашан адамдардың әрекеттері мен жағдайларды ой елегінен өткізбейді және кешірімшіл болады.
|
Бұл типтен акцентуитивті сипаттарды ығыстыру өте күрделі. Себебі олардағы акцентуация ерте, мектеп жасынан, әсересе ауылдық
жерлерде отбасы мүшелерінің үлкендерінің және ата-аналарының мектепке дейінгі және бастауыш мектеп ықпалынан қалыптасқан. Ал, барлық ғалымдар, әсіресе педагог-практиктер көрсетілген мінездің сипаттарын акцентуитивті деп есептейтінің естен шығармау керек. Сондықтан да, олармен жүргізілетін негізгі жұмыстар – сенімділік сұхбаттар, олардың шын ниеттерімен ойланулары, ағынан жарылуға, өздерімен болған оқиғаны талдауға, тұлғалық мағынасы бар әрбір позицияны талдауға шақыру. Өзін қоршаған адамдар әсіресе «Достар» мен «Тілектестердің» әрекеттеріне ой
жүгірту. Акцентуанттарға нұсқаудың маңызы мынада, айнадағылардың өтініштеріне ұстамды қарау, көмек көрсетпес бұрын ол адамды жақсы танып алу, танымайтын адамдармен мүлде достық қатынасқа түспеу және тым болмаса анда-санда «жоқ» деп айтуға үйрену.
|
Біздің көп жылғы жұмысымыздың жүйесінде қалалық акцентуантты студенттердің мінездерінің акцентуитивті сипаттарын төмендетуге қол жеткізе алдық. Олар
бірінші борышты қайтармағандарды сөкпеуге, достардың өтінішімен курстық және дипломдық жұмыстарды өздері жазбай оларды «достардың» өтінішімен жазуға шектеулі көмек көрсету азайды. Олармен бірге мұңайуға, тілектестік білдіруге, бағалы мүліктер /компьютер және т.б./ мен киімді уақытша пайдалануға анда-санда беруді-үйренді. Бірақ ауылдық жердің студенттеріне біздің коррекциялық жұмыс қамақты табыс әкелген емес, біз табыс деп белгіленгендер, тәлімгерлердің көңілдеріне қаяу түсірмеу мақсатындағы сыйластық болып шықты. Бұл саладағы эмоционалдық қасиеттерді қозғағанда сараптамашыдан жоғары интуиция мен біліктілік, психикалық үрдістерді ерекше ұйымдастыру және шеберлік талап етіледі.
|
Паронояльді акцентуация. Біз байқауымыздың деректері бойынша аға жеткіншек кезде қалыптасады да, жоғарғы сынып пен студентті кезде белгі береді. Оның ерекшелігі: мақсатқа талпынушылық, басқа адамдардың мүдделерін ескермеу, «мақсат үшін жан пида» принціпін қолдайды. Мақсатқа жету үшін паронояльді бәрін ұмытады: ұқы,
тамақтану, тіпті махаббаттан да, ыңғайлылықтан да бас тартады. Паронояльді тәкәппар, өзін сүйеді, өз пікірін ең дұрыс деп есептейді. Жиналыстарда, теледидардан сөз сөйлеп, газеттерге мақала жазады. Олардың агрессиясы мен ашуы, оған қарсы сөз айтқанды, оның мақсатына кедерге келтіргенде пайда болады. Ашу, долылыққа, қоқан-лоқы көрсетуге, жекпе-жекке т.с.
|
Психологиялық-педагогикалық әдістердің арасындағы паронояльді мінездің коррекциясы деп біз төмендегілерді атауға болады: нақты акцентуанттардың өмірлік іс-әректтерінің талдауы және паронояльді сипаттаманың бірлеске талдауы. Нәтижелерді қалыптастыру мен қайғылы нәтижелерді
қорытындылайды. Акцентуанттық мінез-құлқы мен мінездерінің бұдан әрі жолын белгілеу. Онда маңызды болып мақсаттылық қалады, ал ілеспе, яғни біреудің пікіріне табыстарына құлақ аспау, басқа адамдардың интелектуалды қабылдауымен негізделген сын, кейінгі қалдырылған сөз сөйлеулеріне ой жүгірту, жақын адамдарының арасында өз ойларын мақұлдату. Кінә тағу сөздерін жеке жерде өз-өзіңмен сөйлескен сияқты дауыстап айту керек және сырт көзге қалай көрінетінін байқау керек.
|
Паронояльді акцентуация сирек кездесетін құбылыс және белгіленген шараларды дұрыс пайдаланғанды индивидтің психикалық үрдісінен өз мерзімде қарқынды түрде тез ығыстырылады.
Бірақ, зерттелушінің мінез-құлқы үнемі бақылау, жүйелі түрде сұхбаттар, түзетулер жүргізу, эксперименттен тыс акцентуанттардың өмірінен сәтсіздікке ұшыраған жаңа мысалдар келтіру. Біздің тәжірибеміз осы
акцентуантты студенттер мақсатқа талпынушы болумен қатар, төзімділікке біреудің пікірін аяғына дейін тыңдауға және дәйекті қарсыласуға, ұстамдылыққа біреудің пікірін сыйлауға үйренеді.
|
Гипертимді акцентуанттар – көңілді, энергиялы, кикілжіңге бейімді емес, кек
тұтпайтын, айналадағыларға мейірбан болып келеді. Өзіндік акцентуация қажетсіз, жексұрындық қасиеттер кешеніне бағытталған, бұл ұйымдастыру жоқтық шешімдерді шұғыл қабылдау, ойланбай әрекеттер жасау, ойдың шашыраңқылығы отбасы мен ата-аналарына нұқсан келтіре асқан жомарттық жасау, асқан сөзшеңдік, тұрақсыздық, ұмытшақтық, бейморальді әрекеттерге («ұсақ» парақорлық) бейімділігі мен іске аспайтын әрекеттермен шұғылданушылық болып табылады.
|
Өз іс-әрекетіміздің мысалында мынаны айта аламыз,
акцентуитивті сипаттағы мінезді толық ығыстыру мүмкін емес, себебі олар жүйке қызметінің типінде базаланады, ғылымда әзірге оған анықтама жоқ. Зерттеушіге нұсқау ретінде: акцентуантты тәрбиелеуде шыдамдылық танытып, оның мүлт кеткен жерлеріне көрсетіп, бос сөйлемеуге үйрену және жаңа нұсқаудың бұрынғысына қараған да тамаша екенін айту. Ғылыми әдебиеттер мен т.с. жолай салыстыру талдауы бар жазбаша орындауды талап ететін тапсырмаларды жиі беру.
|
Толерантты әдісте акцентуант айқын негативті қасиеттерді бөліп тастай алады. Қалыптасқан міндеттілік
пен әлеуметтік маңызы бар іске шоғырланушылық уақыт өте келе білім алу жүйесінде басшы лауазымдарға гипертима жоғарылату үшін негіз болып табылады. Білім беру ұйымының 1-ші басшысының тарапынан оның іс-әрекетін жайлап басқарумен өнеге болса бақылау. Жеткіншектер мен жоғарғы сынып оқушыларымен мектептен тыс, кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырушы ретінде қаланады.
|
Истероидті акцентуант - өзіне ерекше назарды, ықыласты қажет
етеді. Ол бар ынтасымен қоғамдық жұмыстарды атқарады /кештер, пікілер таластарды, баяндамалар мен т.с.с/ .
Әрине егер олар айналадағылардың зейінін аударатын болса. Өзін-өзі бағалау қабілеті жоғары, қоғамдық жерде не болмаса жалғыз болса да ол біркелкі жігерлілігі ұзаққа созылмайды, сол сәтсіздікке ұшыраса болды жұмыстың басында-ақ кетіп қалады. Қыр көрсете жапа шегеді. Соңы сәтсіз, бірақ өте көзтартарлық суицидпен аяқталуы мүмкін.
|
Коррекциялық бағдарлама истероидпен бірлесе отырып,
истероидті акцентуация сипаттамасының талдауын береді және психикалық ахуал мен үрдістен оны ығыстыруды жоспарды әзірлеу. Нәтижелі әдіс болып 3-де өткізілетін аутогенді жаттығулар болып табылады. Санаға еріктік әдістермен енгізілетін жаңа психикалық үрдістер біртіндеп мінездің акцентивті сипаттарды ығыстырады.
|
Біртіндеп жексұрындық қасиеттердің бөлігі ығыстырылуы мүмкін
және артистілігі, таланттылығы интеллектуалдық жұмылдырғыштығы көркемдігі, әсемдігі айналадағылардың пікіріне құлақ асу, артып, өзімшілдігі, эгоизмдігі, кінәлшілдығы мен даукестігі төмендейді. Жасы келе, өз-өзімен мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізуі есесіне олар мүлде жоғалады.
|
Шизоидті акцентуация. Шизоид ол – интраверт, үнемі «өнертапқыш», «идеялары», «жаңалық ашулары» өте көп, салардың ішінде іліп аларлықтары да бар.
|
Зерттеуші іліп аларлық өз назарын идеяларын жаңалықтар мен айлатапқыштыққа аудару керек. Және шизоидті біртіндеп қоғамдық
жұмыстарға, пікірталастарға, оқушылармен студентердің ғылыми қоғамдастығына тарту керек.
|
Шизоидтің эмоционалдық, интеллектуалдық, креативтік дамуы айырықша тұлғалардың қатарына қоятын мінездің жаңа сипаттамаларын қалыптастыруға негіз болып табуды және
сонымен бірге зерттеушіге өз коррекциялық қызметін аяқталды деп есептеуге мүмкіндік береді.
|
Акцентуацияны тасушы психоастеноидке энергиялылықтың төмендегі, өзіне сенімсіздігі, шешім қабылдай алмайтындық қасиеттер тән. Ол өз қол жеткізген табыстарын қорғамақ түгіл оны нашар деп есептейді және маңызы бар ештеңе құра алмадым деген ойдан ол шын көңілімен жапа шегеді. Біреудің ақыл-ойымен өмір сүретін арандатушылар оны пайдаланады, басқаларға қарағанда өзіне қойылатын талабы өте жоғары. Ол ойлаушы. Өкпесін тез ұмытады, себебі, өз кінәсін тез табады. Кикілжіңге мүлде түспейді деп
айтуға болады.
|
Зерттеуші – эксперементші психоастеноид психокоррекция жүйеде ыландыру, көз жеткізу. Басқа адамдардың нәтижелерімен өз нәтижелерін салыстыру сияқты әдістерді қолдану арқылы табысқа жетеді.
Психоастеноидті өз идеяларын интеллектуалдық өнімдерін қорғауға үйретуді, ғылыми хабарламалармен баяндамаларды, рефераттарды және т.с.с. алдымен жақсы таныс аз көлемді аудитория алдында, кейіннен одан да үлкен аудитория алдында рольдік ойындарды ұйымдастыру.
|
Алғашқы табыстар психоастеноидті «қанаттандырады». Ол батылданып, белсенділігі артады. Бірақ психоастеноидке толық өз акцентуитивті мінез-құлық сипаттарынан арылуға әлі қол жеткен жоқ, дегенмен коррекцияның қосымша нәтижелі әдістері ашылса ол орындалуы мүмкін.
Біз практикада аутотренинг арқылы барлық психоастеноидттерді үздік оқитын студенттердің қатарына, кейіннен магистратурамен аспирантураға түскен студенттердің қатарына «шығаруға» қол жеткіздік.
|
Сензитивті акцентуация бәрінен қорқатындығымен сипатталады. Оны бүкіл әлемнің алдында қорқыныш сезімі билейді және онымен байланысқа сирек түседі. Сензитив мейірбан, қайырымды, адамдарға ілтипатты, бірақ оны өмірдің алдында үнемі қорқыныш сезімі билейді, баяу және өз бетімен ештене істей алмайды.
|
Сензитивтегі мінездің нормасын дамытудың ең тиімді әдісі белгілі бір жылдамдықты, ақыл ойдың ұшқырлығын және жауаптылықты талап ететін істің күнделікті жоспарының дайындығы болып табылуы мүмкін. Зерттеушінің талдауы сензетив нәтижелерінен бірге оның іс-әректтерінің қайта тәрбиелеудің нәтижелі әдісі.
|
Зерттеуші сараптамашының мақсатқа бағытталған іс-әрекетіндегі үрдісте 2-3 және одан да көп апта көлемінде акцентуанттың мінезін сәл өзгерте алатынына қол жеткізеді. Акцентуанттың ой-әрекеті акселераттанады. Алған білімі интеллектуалдық әлеуеті белсенді және батыл түрде практикада және өзара әрекетте жүзеге асады. Белсенді өмір өз бетінше әрекет ете алмауды ығыстырады. Бірақ сензитивті толық қайта тәрбиелеуге қол жеткізе алмаймыз.
|
Тұрақсыз акцентуация. Ол біреудің ықпалына тез еретіндігінен сипатталады. Мінездері мүлде басқа адамдар бегілі-бір уақыт аралығында тұрақсыз типті өздеріне пайдалы бағытта ықпал етуі мүмкін. Акцентуант болашақ күндер туралы мүлде
ойламайды, бір күндік өмірмен тіршілік етеді.
|
Жаңа жоспардың концепциясы ретінде. Мен концепциясын қалыптастыру тұрақсыз тұлғалы қалыптастыруда ең ықпал ететін әдіс болып табылады. Зерттеуші сараптамашының акцентуантпен жүйелі түрде
кездесуі соңғысының мінез құлқын коррекциялауда өз бетінділік ойлауын, шешім қабылдап, оларды іске асыруға көмектеседі.
|
Негізінен тұрақты өмірлік қөзқарасын қалыптастыруға қол жеткізеді. Ерлерге қатысты бұл үрдіс қысқа мерзімде өтсе, әйел адамдарда бұл үрдіс ұзаққа созылады.
Мен концепциясын қалыптастыру жүйелі түрде аутотренингті қолданса, біреудің ықпалынан арылуға, ұжымның өзіндік пікірі
бар мүшесі болып қалыптасуға көмектеседі.
|
Циклотимді тип. Ол циклоидті тасушы болып табуды және тасушыға да түсініксіз жағдайда көңіл-күйі тез бұзылады. Іс-әрекетке құштарлық идеялардың көптігі, жоғарғы нәтижелер идеялардың солғындығы, жабырқаулық, әрекетсізді депрессиялық ахуалға ауысып, кейіннен қайта имрап өз орнына келіп отырады.
|
Циклоидпен дербес ең продуктивті әдістердің бірі. Зерттеушінің циклоидттің депрессиялық ахуалы кезінде практикалық істерге әлеуметтік маңызы бар, шығармашылық тапсырмалар, қызықты идеялар «тастау» болып табылады. Бұл әдіс оны ұйқыдан оятып «қызу» өмірлік іс-әрекетке әкеледі.
|
Белгіленген әдісті шебер қолданғанда экспериментші циклоидке мәңгі көңіл-күйдің төмендеуінен арылуға көмектеседі. Жоғарғы табыстар оның іс-әрекетін ынталандырып, шығармашылық әлеуетін дамытады және білім алу ұйымдарында лауазымдарының жағарылуына көмектеседі.
|
Қосымша материал ретінде біз Қазақстандық авторлар А.П.Ешдес және Н.Ш.Сугробовамен [30, 14- 16; 35-41] көрсетілген сипаттаманы пайдалана отырып, паронояльді акцентуантты анықтау бойынша арнайы тест дайындадық. Психоло-педагогикалық әдебиеттерде осы мәселе бойынша тесттер табылмады.
Достарыңызбен бөлісу: |