Тақырыбы: Трансактілік анализ
Сұрақтары:
1. Трансактілі талдау топтық және тұлғалық өсудің психотерапевтік әдісі
2. ТА негізгі мақсаты мен бағыты
3. Коммуникацияның ережелері
Теория. Трансактілік анализ – Эрик Берн жасаған топтық және тұлғалық өсудің психотерапевтік әдіс. Берннің теориясы тұлға құрылымын талдауына негізделіп жасалған. ТА басты мақсаты тұлғалық өзгерістерге бағытталған. Бірақ жеке адамды түсіну мәселесі қарастырылмайды. Керісінше,ұғыну жеке адамның өзгеруіне негіз болды. өзгеру басқаша шешімдер қабылдап, оларды белсенді жүзеге асыруға бағытталған. ТА ілімінде терапия ұзақ болмауы керек және қысқа мерзімді терапияда жалғыз шешім емес. Сондықтан мәселенің негізін шешумерзімі, уақыты ТА теориясына сай жүргізіледі. Негізгі мақсат: адамның мінез-құлқы, ойлары мен сезімдерінің арасындағы байланыстылықты анықтау. ТА теориясының негізінде бірнеше басты ойлар жатыр.
«Эго» – қалпы моделі. ТА негізі эго – қалпы модельі болып табылады. «Эго» – қалпы – бұл қазіргі уақыттағы біздің тұлғамыздың көріну тәсілі, ал бұл тәсіл қылық-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің тәсілдерінің бір-бірімен байланысып бірігуі. Бұл модель үш әртүрлі эго – қалпын сипаттайды. Егер мен «қазір және осында» деген принцип ұстансам, бүкіл ересек адам потенциялын қолдансам, онда мен Ересек эго – қалпында болғаным. Кейде мен өзімді ата-анамды немесе ата-анамдай қабылдайтын басқа адамдар тәрізді ұстаймын, ойлаймын. Бұл жағдайда мен Ата-ана эго – қалпында боламын. Кейде мен балалық шақтағы сезімдерге, ойларға, қылық-әрекеттке ораламын. Бұл жағдайда мен Бала эго – қалпында боламын. Осылай біз тұлғаның үшмүшелі эго – қалпын аламыз. Бұл модель тұлғаның қылық-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің арасындағы нақты байланысты анықтауға көмектеседі.
Бейімделген Бала және Еркін Бала. Ересек адам бола тұра мен кейде, ата-анамның үмітін ақтау үшін бала кезімдегідей әрекеттерді істеймін. Бұлай істеген кезде мен бейімделген бала эго – қалпында боламын. Кейде балалық шағымда ата-анама айтқанына қайшы әрекеттер істейтінмін. Бұнда мен ата-анамның үміттеріне бейімделмейтінмін, керісінше қарсы шығатынмын. Мен өзімді өз қалауым бойынша ұстайтынмын. Бұл жағдайда мен еркін бала эго – қалпында боламын
Позитивті және негативті Еркін Бала. Кейде балалық әрекеттерім пайдалы болады, сондықтан оны позитивті, ал керісінше пайдасыз болса, негативті деп атаймыз.
Қадағалаушы Ата-ана және Тәрбиелеуші Ата-ана. Мен бала болған кезімде менің ата-анам мені басқарып, қадағалайтын, олар маған не істеу керек, не істемеу керектігін айтып отыратын. Егер мен осылай әрекет етсем, ата-анамды қайталасам, онда мен Қадағалаушы эго – қалпында болғаным. Ал керісінше менің ата-анам мені қорғаштап, аялады.. мысалы, мен құлап қалдым да, тіземді ауыртып алдым. Егер мен осындай қылық әркет көрсетсем, онда мен Тәрбиелеуші (қамқоршы) эго – қалпында болғаным. Біз эго – қалпының функцияларын екі жақты қарастырдық.
Позитивті және негативті Қадағалаушы және Тәрбиелеуші Ата-ана. Позитивті қадағалаушы тип адамның қамын, денсаулығын ойлауға бағытталған, ал негативті қадағалаушы басқа ата-аналық қалыптардан бас тартатын, басқа адамдарды мойындамайтын тип. Позитивті тәрбиелеуші ата-ана қамқор болады, көмек береді, көмек көрсетіп жатқан адамды сыилайды. Негативті тәрбиелеуші басым болу позициядан көмек көрсетеді де, басқа адамдарды мойындамайды.
Ересек. Кез келген әрекет егер «қазір және осында» жағдайына реакциясы болса, онда ол ересек әрекет ретінде сипатталады. Джек Дюсей «эго» – қалпын сипаттайтын интуитивті тәсіл жасады, оны эгограмма деп атады. Дюсей константтылық болжауын ұсынды: «Бір эго – қалпы ұлғайған кезде, компенсация үшін басқалары кішірейу керек. Психологиялық энергия бөлінісінің өзгеруі кезінде жалпы энергия мөлшері бір қалыпта болады».
Функционалды модель көріп тұрған қылық-әрекет тәсілдерді классификациялайды, ал құрылымдық модель – есте қалғандылық пен стратегиялар. Эрик Берн эго – қалпын танудың төрт тәсілін келтіреді: қылық-әрекет диагнозы, әлеуметтік диагноз, тарихи диагноз, феноменалогиялық диагноз.
Қылық-әрекеттік диагнозда адамның қылық- әрекетін бақылау арқылы біз оның қандай эго – қалпында тұрғаны туралы қорытынды жасаймыз. Бақылау кезінде сөздерді, дауыс ырғағын, қимылдарды, дене тұрысын, бет әлпетін естіп-көре аламыз.
Әлеуеметтік диагнозда мен өзімнің қандай эго – қалпында тұрғанымды басқа адамның қандай эго – қалпында тұрып менімен байланыс жасап тұрғаны арқылы біле аламын.
Тарихи диагнозда біз адамның бала кезнде қандай болғаны туралы сұрақ қоямыз. Біз оның ата-анасы және парентальді тұлғалар жайлы сұраймыз.
Осы барлық төрт диагноз түрінде қолдану керек. Кейде эго – қалыптарды қате қабылдауымыз мүмкін: бала эго – қалпын ата-ана эго – қалпы деп, ата-ана эго – қалпын ересек деп т.с.с. бұл жағдайды контоминдалған («ластанған») дейді. Берн бойынша адамдар бірнеше эго – қалыптарын қоса алады.
Трансакциялар. Коммуникация болғанда трансакцияда болады. Коммуникацияның бастамасын стимул, ал жауапты – реакция. Берн бойынша, трансакция «әлеуеметтік өзара әрекет етудің негізгі бірлігі». Параллельді (толықтырушы) трансакциялар – трансакционды векторлар бір-біріне параллель, ал олар реакция көзі болып табылатын эго – қалпына бағытталғанды білдіреді. Коммуникацияның бірінші заңы. Параллельдітрансакцияда күту элементі бар.кез келген әңгіменің соңы бар. Бірақта трансакция параллельді болып қалғанға шейін комммуникация процессінде стимул және реакция кезегі бітпейді. Коммуникацияның екінші ережесі бойынша қиылысатын трансакциялар кезінде коммуниказияның үзілуі болады, оны қалпына келтіру үшін біреуіне немесе екеуіне де өзінің эго – қалпын өзгерту керек.Коммуникацияның үшінші ережесі бойынша жасырылған трансакцияның қылық-әрекеттік нәтижесі әлеуемметтік емес, психологиялық деңгейде анықталады.
«Сипалау»- Олар әр түрлі болады. Позитивті және негативті сипалау. Позитивті сипалау дегеніміз – оны қабылдап алушының жақсы сезімге бөленген кездегіні айтамыз, ал негативті сипалау керісінше ауыр қабылданады. Шартты сипалау сіздің не істеп жатқаныңызбен байланысты, ал шарттсыз өзіңізді білдіреді.Сипалаудың фильтрі белгілі бір қабылдаушының бұл ұнамаса немесе оны керек етпесе, онда ол бұны көрмеуге тырысады немесе оның маңыздылығын кішірейтеді.
Уақытты құрылымдау. Адамдардың кездесу кезінде өзінің уақытын өткізудің алты тәсілі бар. Эрик Берн бұл алты тәсілдерге келесідей сипаттама берді: кету, рәсімдер,уақытты өткізу, іс-әрекет, ойын, интимділік. Кету. Адам кеткен кезде оның тәні топпен бірге қалуы мүмкін, бірақ топтың басқа адамдарымен өзара әрекетке түспейді. Рәсімдер – бұл кәдімгі әлеуемметтік өзара әрекет ету формасы, ол алдын ала ойластырылған сценари арқылы жүреді. Уақытты өткізу – таныс бағытта жылжиды, бірақ ритуалдағыдай нақты сценариі болмайды. Іс-әрекет. Бұл жағдайда топ мүшелерінің арасындағы қарым –қатынасы тек талқылауға емес, сондай-ақ мақсатқа жетуге бағытталған. Ойындар. Анда-санда бәрімізде ойын ойнаймыз. Барлық ойындар бала стратегиясын ойнауға бағытталған, бірақ бұл ересекке тән емес қылық. Сондықтан ойындар негативті тұрғыдан ойналады: негативті бейімделген бала, негативті қадағалаушы ата-ана немесе негативті тәрбиелеуші ата-ана. Ойындар ересектік тұрғыдан ойнала алмайды. Интимділік. Мұнда әлеуеметтік және психологиялық деңгей бір-біріне сай болған кезде ойындар мен интимділіктің арасындағы айқын айырмашылық көрінеді. Мұндағы «интимділік» терминін арнайы техникалық термин ретіндеи ұғу керек.
Өмір сценариі. Сценарий туралы теорияны алғаш Эрик Берн,өзінің әріптестерімен, әсіресе Клод Стайнермен жасалған болатын. Контрсценарийде бес ұғым аса маңыздырақ атқарады: « Бәрінен артық бол», «Мықты бол», «Ұмтыл», «Басқаларды қуант», «Қадам жаса». Бұлжолдаулар драйверлер деп аталады.
Сценарийдың шығуы. 1)сценари шешімдері баланың бұл дүниеде аман қалу мақсаты қойылған ең жақсы сценариі түрінде көрсетіледі. Бұл әлем балаға қатерлі, қорқынышты болып көрінеді. 2) сценари туралы шешімдер баланың эмоциясына, оның шындықты бағалауына сәйкес қабылданады.
Мазмұнына байланысты сценарилер үшке бөлінеді:
Жеңімпаз сценариі. Берн мұнда жеңімпаз деп қойған мақсатарына оңай жететінді айтады. Жеңілгеннің сценариі. Мұнда өзінің қойған мақсаттарына жетепегенді айтамыз. Жеңімпаз еместің сценариі. Бұл жеңімпаз бен жеңілгеннің орта тұсы. Ол кейде жеңеді, кейде жеңіледі. Ең бастысы кез келген сценариді өзгертуге болатынын түсіну керек. Ересектік шақта біз балалық шақта жасалған сценари бойынша келе жатқанымызды кейде түсінеміз, кейде түсінбейміз. Көптеген мәселелер осыдан туындайды.
Э. Берннің ойын сценарийін ұсынудағы алты басымдылығы.
-
Ішкі психологиялық басымдылықтар. Ойындар арқылы мен сценарлық пікірімнің тұрақтылығын сақтаймын. Әр кез мен осы ойынды ойнағанда мен өзімнің пікірімді нығайтамын: біреудің көңілін өзіме аударту үшін мені қабылдамау қажет.
-
Сыртқы психологиялық басымдылықтар. Мен стресстік жағдайлардан қашамын, олар менің дүниетанымыма күмән келтіруі мүмкін. «Мені соқ» ойнын ойнасам, мен мына сұраққажауап беруден жалтарар едім: «Не болады, егер мен тура позитивті сипалауды сұрасам?»
-
Ішкі әлеуеметтік басымдылық. Берннің айтуынша, ойындар «жеке өмірінде немесе қоғамдағы псевдоинтимдік әлеуеметтену үшін арнайы жүйені ұсынады».
-
Сыртқы әлеуеметтік басымдылық. Ойындар бізге біздің әлеуеметтік ортамызда әңгімеге және өсекее тақырып береді.
-
Биологиялық басымдылық. Бұл ойынның мақсатымен байланысты – сипалауды алу. «Мені ұр» ойынында негативтісипалау басым болғандықтан және мен балалық шақта шешіп қойғам, пазитивті сипалауды алу өте қиын, сондықтан мен негативті сипалаудың жолдарын қарастырғаным жөн.
-
экзистенционалды басымдылық. Бұл ойынның функциясы өмірлік позицияларды растауда жатыр.
Шарт жасасу. Берн бйынша, контракт екі жақты нақты әрекет ету жоспары.
Контракқа кретіні: қатысушы жақтар; олар бірге не істемекші; бұл қанша уақыт алады; бұл процесстің мақсаты немесе нәтижесі қандай болмақ; олар мақсатқа жеткенін қалай біледі; клиентке қаншалықты пайдалы және ұнамды болады Ашық коммуникация. Эрик Берн клиентте, терапевтте істеліп жатқан жұмыс жайлы толық мәліметке ие болғанын қалады. Терапевт пен клиент жеңіл, түсінікті тілде сөйлесулері керек. Автономдылық. Эрик Берн бойынша идеал автономдылықта деген, бірақ оған нақты анықтама бермеді. Бірақ ол «үш адамның қасиетінің босауы мен толықтырылумен сипатталады: санамен ұғу, аяқ асты ой, интимділік». Санамен ұғу – бұл жаңа туған нәрестедей сезіп, естіп, көріп, сезіну қабілеттері. Мұндай адам өзінің сезімдерін түсіндірмейді, ата-ана тұрғысынан сипаттамайды. Аяқ асты ой – қылық-әрекет, ойлар, сезімдердің алуан түрлілігінің ішінен таңдау қабілеті. Интимділік - өзінің және басқа бір адам арасындағы ашық, айқын сезімдерінің көріністерімен көрсетіледі.
№ 10 Дәріс
Тақырыбы: Гештальт-терапия
Сұрақтары: 1. Гештальт туралы түсінік.
2. Гештальт теориясының ерекшеліктері.
3. Гештальт терапиясы теориясының негізгі принциптері.
Гештальт терапия – неміс тілінен «гештальт» образ, форма, құрылым деген мағынаны білдіреді, Фредерик Перлздің Гештальт психология негізінде жасаған психологиялық терапияның формасы. Гештальт терапия- психологиялық теорияның бір бағыты, адам түсінігін – ұғымын кеңейтуге және өзін-өзі ұғым-түсінік кеңеюі негізінде қабылдау. Психологияда гештальт тұтас ұғым, психологиялық ойлардың бағыты ХХ ғасырдың басында пайда болған. Гештальт психологиялық эксперименттер адамның қабылдауы сыртқы тітіркендіргіштердің механизмдерімен байланыссыз, бөлек жүйе екендігін көрсетті. Организм өзіне қажетті және маңыздыны қабылдайды. Өзін қызықтыратын объектіні қабылдайды, қабылданған дүние көмескіленіп «фонға» кетеді. Гештальт психологияның қабылдаудың талғампаздылығы туралы зерттеулері организмнің бөлінбейтін біртұтастығы туралы көзқарастардың туындауына ықпал етті. Гештальт психолог Курт Левин «психологиялық алаң» теориясын жасаған. Оның теориясы бойынша адамның мінез-құлығы өмір сүру кеңістігіне, қоршаған ортадағы объектілер мен адам қажеттілігіне байланысты.
Психологияның теориялық жаңалықтарын психологиялық терапия практикасына ХХ ғасырдың 40 жылдары психоаналитик Фринц (Фредерик Солониа) Перлз негізді. Сол кездегі психоанализдің көптеген тараулары Перлзге ұнамады, ол өзінің дербес психологиялық терапия жүйесін жасады. Гештальт терапия теориясы төмендегі қағидаларға негізделеді:
-
Адам - біртұтас социобиопсихикалық жүйе.
-
Адам мен оны қоршаған орта – тұтас гештальт, организм – қоршаған орта деп аталатын тұтас құрылым. Орта организмге әсер етеді, ал организм ортаны өзгертеді. Мысалы: қоршаған адамдардың мінез- қылықтары бізге әсер етсе, бізде мінез-қылығымызды өзгерстек, басқалар да өзгереді.
-
Адамның мінез-құлығы гештальт терапияның «Қалыптасу мен гештальттардың бұзылуы» принципіне негізделеді күнделікті қажеттіліктер басым болып, организмнің қабылдауы артады. Организм қажеттілігін қанағаттандырудың жолдарын іздейді, канағаттанады, яғни гештальт аяқталады немесе бұзылады.
-
Контакт - гештальт терапияның негізгі ұғымы, организмнің қоршаған ортамен кездесуін контактінің аймағы ретінде қарастырады.
-
Ұғыну – түсіну – организмнің ішкі дуниесі мен оны қоршаған ортадағыларды ұғынып тусіну. Гештальт терапияның негізгі мақсаты – ұғым түсінікті кеңейту, мінез-құлықты өзгертуді мақсат етпейді. Осы жерде және қазір – организмнің дәл қазір осы жердегі қабылдауы, сезімі, іс әрекеті, ойлары, арман қиялдары өте өзекті.
-
Жауапкершілік – адам нақты шындықты қаншалықты түсінсе, оның жауапкершілігіде соншалық. Гештальт терапия мінез-құлықты тез арада өзгертіп, барлық симптомдардан құтылуға асықпайды.
№ 11 Дәріс
Тақырыбы: К. Роджерстің психотерапиясы
Сұрақтары:
1. Роджерстің «Мен» концепциясы
2. Мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастырудағы маңызы
3. Техникалық ерекшеліктері
Карл Роджерс терапияны шығарған және сондай-ақ гуманистикалық психологияның атасы деп те айтады. Оның әсері тек қана психологиямен шектеліп қана қоймай, оның көптеген түрлі жұмыстарының арқасында басқару жүйесінде, әскери ұжымдарда, әлеуметтік жұмыстардың практикасы туралы, басқаларды тәрбиелеу туралы және сабақ беру тәсілдері жайлы, діни жұмыстар және т.б. өзгерте білді. Роджерстің пікірінше, біздің әрбіреуімізде компоненттің бір бөлігі болуға талпынамыз. Яғни, бұдан барып педагогиканың, психотерапияның, бейнелеуді басқарудың негізгі мақсаты ол біздің еліміздің ішкі күштеріміздің дамуын оята білуге, яғни бұл адамды сәттілікке әкеледі.
Адамның өміріндегі дамуындағы негізгі рөлді адамның өзі туралы ойлары негізгі болып табылады. Яғни, оның «Мен концепциясы» Роджерс бойынша адам өзі туралы ойлайтын ойларға сәйкес әрекет жасайды, сондай-ақ ол қандай екенін тек өзі ғана талқылай алады.
«Мен концепциясы» - адамның өзі туралы ойлар жүйесін, яғни оның осы әрекетімен ойларына эмоционалды қарым- қатынасы болып табылады.
Сондай- ақ «мен концепциясы», мысалы: өзін жаманмын деп санайтын адам өзі туралы ойларға әркез сеніп, соған сәйкес келетін бейнемен әрекет жасайды. Керісінше де өзін жақсымын деп сезінсе, осы ойларына сәйкес қайта- қайта әрекеттер жасайтын болады.
Адамның өз-өзінің объективті образы болмайды, яғни негізгі эталонның негізінде қолданылатын. Бірақ та актуалды өмірлік тәжірибелер де бар (мысалы, осы немесе басқа да ситуацияларда және оның нәтижелері), яғни «мен концепциясының» негізіне қарсы тұрады. Мұндай жағдайларда неконгруэнттілік (қарсы сәйекес келмейтін) өзі туралы ойлары мен актуалды тәжірибенің өзгеруіне әкелетін өзі туралы модификация жолымен.
Негізінен «мен концепциясы» әсер ететін адамдарға байланысты болады, яғни ең жақын, авторитетті адамдар, олар ең алдымен ата- аналары болып табылады.
Бихевиоризм мен психоанализ теорияларына тікелей қарсылығымен танылған бір бағыттардың және бірі- бұл гуманистік психология.
Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты- бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді. Өз зерттеулерінің объекті ретінде гуманист- психологтар салауатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Мұндай міндетті бұл уақытқа дейін ешбір психологиялық ғылыми мектеп өз мойнына артқан емес. Бұл талдауындағы жеке адамның мақматы- өзін-өзі кемелдендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып жая білу. Гуманистік бағыттың көрнекті өкілдерінің бірі- Абраха-ам Маслау. Ол жеке адам психологиясын есі ауысқандарды зерттеумен білу мүмкін еместігін қадап айтқан. Маслау адам іс- әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол адамның өзін- өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға (самоактуализация) деген қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты.
Біріншіден, мұндай гуманистік ұмтылу (адам табиғатынан қайырымды) Ч. Дарвин теориясын өзінше түсінген Маслау жануарлардағы өз ұрпағын жалғастыруға деген инстинкт адамдағыдан кем еместігін, ал сол инстинкт оларды бір-біріне көмектесуге мәжбүрлейтінін баса айтқан.
Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адам өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жүктелген жоғарғы адамгершілік борышты атқаруға міндетті. Мұндай міндетті атқару қажеттілігі тек дені сау, салауатты адамдарда туындайды.
Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқыдан қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге шығаруы тиіс. Өз мүмкіншілігін ашу- тума құбылыс, адамның табиғи қасиеті әрбір адам қайырымдылық, адамгершілік, тілектестікке деген қажетсінуінен дүниеге келеді.
Маслау бірінен-біріне күрделене ауысып отыратын адам қажеттіліктерін жіктеп, көрсетіп берді:
-
Физиологиялық қажеттіліктер;
-
Қорғаныс қажеттіліктері;
-
Қорек- тағамдық қажеттіліктер (осылардың бәрінен жоғары- адамгершілік);
-
Шындық, қарапайымдылық, әділдікті керек ету.
Осылардың бәрі өз мүмкіншіліктерін өз белсенділігімен іске асыруына байланысты адамда көрінетін жалпы қажеттіліктердің мазмұнын құрайды.
Маслау теориясының кемшілігі- оның биологизаторлық (адам болмысы- табиғаттан) пікірден ала алмағандығында; біздің қайырымды, игілікті болып дүниеге келетініміз, жаман болу біздің еркімізде еместігі - әрқайсымыздың көңілімізге қонымды. Бірақ инабаттылық қасиеттері табиғаттан берілмейтіндігін мойындаған жөн. Бәрі өмір барысында қалыптасады. Адамгершілік, этикалық қасиеттерді тума құбылыс деп тану- биологизациялық дағдарысқа тіреудің басы.
№ 12 Дәріс
Тақырыбы: Фокустық терапия
Сұрақтары:
1. Фокустық терапия туралы түсінік
2. Фокустық терапияның қолдану ерекшеліктері
3. Психосинтез теориясы
Терапевт әр түрлі сұрақтар қоюы мүмкін әке-шешесінің ауруы, қашан, қалай өлгені, ол нешінші бала жанұяда, ата-ана қай баланы жақсы көрді т.с.с. Бала кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді (ұялшақтық, достарды табудағы қиындықтар)
Әр түрлі аурулары жайлы сұрақтар қойылуы мүмкін. Клиенттің қорқыныштары туралы жыныстық қатынастар туралы (бабалық, ересектік шақтағы) сұрақтар қойылаы. Соңғы мақсаттарды анықтау үшін психотерапевт: «Сіздің кім болуға жаралғансыз?» деген сұрақ қояды, яғни оған қандай іс-әрекет қызықты және кәсібі болар еді, егер де белгілі бір қиындықтар туындамағанда оған не кедергі болды.
Жекелей психология баланы зерттеудегі негізгі бағыттардың сызба нұсқасын жасады. Ол бірнеше бөлімнен тұрады.
1. Бірінші бөлімдегі сұрақтар арқылы қашан және қандай жағдайда проблемалар туындай бастады. Бала қалыптасқан жағдайды зерттеу кезінде қоршаған ортаның өзгеруіне көңіл бөлінеді. Ауруларға, бауыр-сіңілдерінің тууына, мектептегі сабақтардың басталуына, жаңа достардың пайда болуына бірнеше көңіл бөлінеді.
2. Екінші бөлімдегі сұрақтар жауластық бағдарды, басымдылық сезімдерді анықтауға және олардың тұлғаның мінез-құлқында, қылық-әрекетінде қалай көрінетіндігін көруге көмектеседі. Балада ерекше уайымдар, қайғылар болды ма (әлсіздік, ыңғайсыздық сезімі, тастандылық, керексіздік, жалғыз болғысы келетін сезімі, қызғаншақтық т.с.с.). Қана уақыт басқаларға тәуелді болады. (Киінуде, тамақтануда, біреуге жақын байланысқандық, бірдемеден қорқу т.с.с)
3. Үшінші бөлімде баланың инстинктивті белсенділігі, басымдылыққа талпыну шектелді ме дегендерді ұғуға көмектеседі. Бұл үшін бала көп әурелікті тудыра ма, түнде көп жылады ма, энурез немесе энкопреза белгілері байқалды ма, қай ата-анамен бірге ұйықтағысы келеді, аямшақ болды ма, бірдемеден қорықты ма.
Психотерапевтің ерекше маңызды сұрақтары: бала басқа балаларға барғысы келеді ме, қандай балаларды мықтыларды ма, немесе әлсіздерді ме. Баланың икемсіз алаңғасар, мазақтаушы болғанын анықтау өте маңызды.
4.Бұл бөлімдегі баланың қарым-қатынасының ерекшелігін, оның әлеуметтік қызығушылықтарын анықтауға көмектеседі. Психотерапевтің сұрайтыны бала достарды қаншалықты жеңіл табатын, балаларлы немесе жануарларды қинады ма, лидер болды ма, әлде шетте қалуды қалады ма, өзінен кіші балалармен ойнағысы келді ме, әлде қарама – қарсы жыныстағы балалармен ойнағысы келді ме т.с.с
5. Бесінші бөлімде алдыңғы бөлімдегі мәселелерді аша, тереңдете түседі. Қазіргі кездегі қоршаған ортадағылармен қандай қарым-қатынаста. Бала мектепте өзін қалай ұстайды, әрекет етеді.
6. Жанұя жағдайы туралы мәліметтер, жанұядағы қарым-қатынас нормалары бала позициясын ұғынуға көмектеседі. Жанұя мүшелерінің ауруға, өлімге, алкоголизмге ұшырауы баланың қалыптасуындағы маңызды фактр ретінде қарастырылады.
7. Баланың басқа адамдар мен қарым-қатынасын оның нешінші болып туғанын білу арқылы ұғуға болады.
8. жеке психолог үшін үміт пен күтулер болжамдар қызықтырады: бала өзінің таңдауы туралы не ойлайды, ол ата – аналарының кәсібі мен байланысты ме, ол келешек жанұя өмірін қалай көреді, бұл адамдар қарым-қатынасына қалай байланысты.
9. Психотерапевт баладан оған қандай кейіпкерлер ұнайды, армандауды, қиялдағанды жақсы көре ме деп сұрайды.
10. Ерте есте қалған естеліктер жиі қайталанатын түстер арқылы әр түрлі проблемалар анықталады.
11. Бала өзіне назар аудару үшін өзін күлкілі, балаша, ақымақ ретінде көрсетуі мүмкін. Терапевт осындай жағдай туралы білуге тырысады.
12. Жеке психолог физиологиялық кемістіктерді анықтайды. (дене бітімінде, сөйлеуінде, көруінде) Өйткені олар өз -өзін кем сезіну сезімін тудырады.
13. Баланың көмексіз, әлсіз болуы, онда өзін қабілетсіз, жұмысқа, өмірге икемсіз сезімдерін, өз-өзіне қол жұмсау ойларын тудырады
14. Психотерапевт баланы жаңадан бағдарлау үшін оның позитивті жетістіктерімен, мүмкіншіліктері, психологиялық функциялардың даму ерекшеліктерімен әр түрлі сферадағы тәжірибесімен танысады.
Жасалған мақсаттарды зерттеу Психотерапевт клиентті алғашқы жіберілген қателіктерге көңіл аударуға тырысады. Ол үшін ол оның мимика мен понтамимикасын бақылайды. Егер клиентте бір қайталанатын әрекеттері болса және психотерапевт: «ол неге солай істейді?» деген сұрағына «бұл әдет» деп жауап берсе, онда бұл «Бұны өзгертуге тырысыңыз» дегендей көрінеді немесе «Бұл жайлы әңгіме көңі-күйімді түсіреді»дегені «Бұл жөнінде сөйлеспей-ақ қояйық» дегенді білдіреді. Осындай қылық-әрекеттер, вербалды және вербалсыз қарым-қатынас интерпритациялау арқылы оның өмір стилі туралы білуге болады.
Психотерапевт невроз себептері туралы болжамдар жасайды, содан соң ақырындап, зертту барысында, оны дәлелдейді немесе кері шығарады. Көптеген қылық-әрекет көріністерінен, айтқандарының түстердің, қиялдардың талдауынан қате апперцептивті жүйелер алынады. Жекелей психологияда клиенттің өзінің функцияларын түсінуі, оның жалған екендігін ұғуы, оларға негізделіп жасалған өмір стилі де бұзылады.
Психодинамикалық психотерапияның мақсаты инсайтқа жету болып табылады – невроздың себептеріне интелектуалды және эмоционалды ену. Психотерапевт невротиктің фиктівті мақсаттарына негізделген уайымдар мен іс-әрекеттерді тапқанда, талдағанда, тіпті болжаған кезде, клиент олардан бас тартқаннан кейін жаңа невроздар жасайды. Мұнда күрес психотерапевтен басым түсуге талпынушылықтан болады. Сондықтан себептердің мағынасын ашумен қатар психотерапевт келесі әрекеттердің мотивтерінің күші туралы ойлайды.
Адлер бойынша психотерапиялық қарым-қатынастар клиент үшін жаңа әлеуметтік байланыс моделі болуы керек. Адамдар мен өнімді қарым-қатынасы туралы тәжірибесі жоқ. Невротик психотерапевті өзінің ойына електіріп әкеткісі келеді, оған әке, мұғалім, құтқарушы т.с.с. рольдерді ойнауға мәжбүрлік береді. Пациент психотерапевтке: «Мен көптеген дәрігерлерде емделдім, сіз менің соңғы үмітімсіз» бұл санасыз түрде дәрігерді жеңуге бағытталған. Адлердің жауабы: «Жоқ, соңғы емес. Мүмкін соңғы, бірақ үміт. Сізге көмектесе алатын басқалар бар». Мұнда пациенттің тактикасын бұзу мақсат болды. Жекелей психологияда клиентке психологиялық тіреуге, көмекке үлкен көңіл бөлінеді. Ол тым жоғары да болмау керек, өйткені клиент ауруға адаптацияланып, емделу мотивациясынан бас тартуы мүмкін. Түсінудің, тіреу болудың аздығы да кері әсер етеді, емделгісі келмей, өзінің қиындықтарында батып қала береді. Көмек, тіреу болу көптеген фактілерге байланысты: емдеу этаптарына, проблеманың күрделілігіне тұлғаның оны шешу мүмкіндіктері, емделу мотивация т.с.с. Әлеуметтік қызығушылықты дамыту. Адлер бойынша кез келген проблема әлеуметтік болып табылады. Жекелей психологияның барлық процедуралары мақсатты анықтауға және клиентті әлеуметтік қызығушылыққа бағдарлауға бағытталған. Жекелей психологияның нәтижесі адамда сену, жақсы көру, өнімді еңбек ету қабілеттерін дамыту болып табылады.
ХХ жылдардан бастап жекелей психологияда топтық әдістер қолданыла бастады. Топ, көмек, тіреуді және терапевтік эффекті жоғарлатады. Жанұялық психотерапия жұптарға жүргізіле бастады, бұрынғыдай бөлек емес. Интерпритация жекелей психологияда үлкен роль атқарады. Ол арқылы психотерапевт ол өз өмірін қалай жасауда қандай жетістікке жеткенін, қате операцепциялық жүйелер қалай істеуде, қандай мақсаттары бар екенін көрсетеді.
Адлер концепциясында әлеуметтік қызығушылық адамзат қоғамдағы эволюция факторы ретінде көрсетіледі. Қате оперцептивті жүйелермен жұмыс танымдық және рационалды – эмоционалды психотерапияның техникаларының модельдерін жасауға түрткі болады.
№ 13 Дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |