Тақырыбы: Когнитивті терапия
Сұрақтары:
1. Когнитивті психотерапияның құрылымдық ерекшелігі
2. Жеке адамның қалыптасуында когнитивті терапияның қолданылуы
3. Когнитивті терапиядағы депрессия
Когнитивті психотерапияның негізгі 60-жылдары Альберт Эллис және Аран Бектің жасауымен тығыз байланысты. Кейіннен бұл идеялар бихевиоризмнің негізін құраса, қазіргі кезде бірыңғай когнитивті әрекет- қылықтық терапия деп аталады. Бұл саланың негізгі мақсаты- адамның ойлауындағы, яғни дисфункционалды сендіруін өзгерту болып табылады.
Когнитивтіліктің түп тамырлары психологиялық проблемаларды шешудегі философтарды да айтып өтуге болады (Эпиктет, Сенеки, Цицерон және т.б.). Олардың ойынша, біз нақты жағдайлардан емес, керісінше біз не ойлаймыз, содан зардап шегеміз. «Барлығы субъективті пікірге байланысты». Біз өзіміздің пікірлерімізден зиян шегеміз (Сенеки Луцияно). Когнитивті элементтер екі деңгейде болуы мүмкін: ақпараттармен байланысты автоматты образдар мен ойлар, базалық посылка- тұлғаның өзі туралы және қоршаған орта туралы терең ойлар жүйесі.
Автоматты ойлар – рефлекторлықпен, тез және санасыздықпен сипатталады. Олар өте тез сеніп қалатын балалардың ата- аналарының сөздеріне байланысты. Базалық – бұл ұстанымдар, яғни тұлғаның өмірлік философиясындағы санасыздық тұрақтылықпен және көбінесе сол және автоматты ойларды анықтайды. Осы базалық ұсыныстармен автоматты ойларды байланыстыратыны когнитивті процестер болып табылады. А. Бек депрессиядағы типтік логикалық қателерін атап көрсетті:
1. Шартты ой қорытынды – факторларға қарама- қайшылық.
2. Селективті абстрагирлеу – ситуациядағы бір элементінің, яғни оның басқа да аспектілеріндегі пациенттің өмірге көзқарасы.
3. Полярлы (немесе «қара- ақ») ойлау – депрессивті ауру адамдардың әрқашан- ешқашан, бар- жоқ, жақсы- жаман, т.б.
4. Персонификация – фактілерсіз нейтралды жағдайларды тұлға өзіне тән қасиет деп санауы.
5. Максимизация- минимизация- депрессивті ауру адамдар өзіндік жағымды тәжірибесін кенеттен сәтсіздік деп санауы.
Ашық дағдарыс кезеңдерінде пайда болып, кейін елеулі өзгерістерге кезіккен теориялық бағыттар 60 жылдардың басында өздерінің бұрынғы абыройынан айырыла бастады. Әрекет- қылық пен психиканы түсіндірудегі теориялық ішкі қайшылықтар позицияларын қайта қарауды талап етті. Бұл дағдарыстың негізгі себебі: экспериментальді зерттеулер мен теориялар саласында жаңа өнімді көзқарас, бағыттардың туындауынан болды; танымдық іс- әрекет зерттеулері аймағында – когнитивтік психология, гуманистік психология, нейрофизиология, нейроморфология, нейорпсихология, қанат жайған жаңа бағыт- адам психологиясы.
Қазіргі заман психологиясының аса маңызды артықшылығын танытқан, ғылыми ағым- когнитивтік психология болды. Бихевиористердің әрекет- қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық дамуы ескермеуіне қарсылық білдірген. Адам организмі жүйелі құрылым деген танымды жалғастырды, яғни адам әрқилы ақпараттарға ықпалды әсер етуге қабілетті: бөтен таңбалар (код) формасына келтіре алады, одан әрі өңдеу үшін өз қажетіне керек ақпаратты бөліп алады немесе керексіз мәліметті жүйеден бүтін дей аластайды. Когнитивтік психология өкілдері: Дж. Брунер, Д. Норман, Л. Фестингер, Ф. Хайдар, У. Найсер, П. Лиднсей, Г. Саймон. Бұл бағыттың бірнеше бағыттары бар; ең танымал болғаны- есептеу варианты. Мұнда танымдық процестер шектен тыс механистік негізде түсіндіріледі: психика сигналдарды өзгеріске келтіруші тұрақты қабілетке ие тетік (аппарат) күйінде қарастырылады. Әсіресе таным процесіндегі ішкі когнитивтік құрылымдар мен ізденуші организм белсенділігіне аса мән беріледі.
Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер- ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және танымдық даму. Бұл таным психологиясының әдістері жеке адамның көңіл- күйі (эмоция) мен себеп- түрткілерін (мотив), сонымен бірге әлеумет психологиясын зерттеуге де қолданылды. Адам танымының барлық формалары электрондық есептеу машиналарына (ЭВМ) ұқсастығымен ақпарат жинау және өңдеудің бір ізді блоктары ретінде бағаланды. Адамның ақпарат өңдеу, сақтау және пайдалануына байланысты танымдық белсенділігінің белгілі деңгей дәрежесінде көрінетіні туралы пікір болды. Ес, қабылдау процестері, зейін, ойлау мен оның сөзбен не сөзден тыс берілетін бірліктері (компоненті) көптеген құрылымдық модельдерге келтірілді. Субъект проблемасынан алшақ тұрумен когнитивтік психология психологиялық әрекеттің иесі деп әсіреленген бір дерексіз бастаушыны (гомункулюс) мойындау керек болды.
№14 Дәріс
Тақырыбы: Альберт Эллистің РЭТ – сы
Сұрақтары:
1. Когнитивті психотерапияның негізін салушылар.
2. Иррационалды ұстанымдар.
3. Эллистің психотерапия техникасы.
Альберт Эллистің когнитивті терапиясы тиімді-сезімдік немесе рациональды-эмотивті терапия деп аталады. Рациональды эмотативті терапия он екі жаттығулар жүйесінен тұрады. Бастапқы кезде бұл жаттығу оңай болып көрінуі мүмкін. Берілген жаттығу, өткен өмірдегі сәтсіздіктерін немесе сәтсіздіктерді бастан кешіріп жатқан кездегі адамның ой-толғау кезінде пайда болатын, орынды және орынсыз жағымсыз эмоциялардың айырмашылығын көрсетуге арналған. Орынды тынымсыздықтың арасындағы айырмашылықтар, сақтық, байқампаздық, орынсыз алаңдаушылық, нервоздылық, паника.
Сізбен олашақта болуы мүмкін ең жамандықты көз алдыңызға елестетіңіз, - мысалы, жақсы жұмыстан айырылу, көлік апатындағы алынған жарақат немесе жақын адамнан айырылу. өзіңізге шынайы елестетіңіз. Егер сіз орынды алаңдаушылықты сезінсеңіз, онда сіз өзіңізге мысалы мынаны айтыңыз: «Әрине, бұндай жағдай менімен болғанын қаламаймын, бірақ егер мұндай жағдай бола қалса, онда мен бұл жағдайға мойымауға тырысамын». «Егер менің досым ауырып қалса немесе өліп қалса, бұл өте қайғылы болады. Бірақ мен сонда да өмір сүруімді жалғастыра беремін, өйткені барлық өмір қайғыдан тұрмайды». «Егер мен көру қабілетімнен айырылып қалсам, маған өте ауыр болады, бірақ мен өмір қызығынан Мына ойлар тек қайғылы мәліметтерден ғана тұрмайтынына назар аударыңыз, сонымен қатар жақсы, қуанышқа толы өмір жалы ой түйін тастайды. Өзіңізді жаншылған,басылынған күйде сезінсеңіз, өз ойларыңызда «міндетті», «керек» т.с.с. сөздерді табыңыз. Мысалы: «Мен өз ақшамды байыппен ұстау керекпін. Мен неге сондай ақмақ болдым, жағдайды дұрыс бағаламадым?», «Бастығым мені бұлай төмендетуге қақысы жоқ! Мен мұндай қарым-қатынасты көтере алмаймын!
Егер сіз тек өзіңіздің қалауларыңыбен жүрсеңіз, олар шындыққа жанасса және одан ешқашан таймасаңыз, онда сіз күйзелістерге сирек, ал шынайы күйзелістерге мүлде ұшырамас едіңіз. Өйткені сіз нені қалайтытыңызды айтқан кезде, сіз мынандай сөздерден бастайсыз: «Маған өте ұнайды – немесе:мен қалаймын – сәттілік, көпшіліктің қолдауын, ыңғайлылықты...» және келесідей сөздермен аяқтайсыз: «Бірақ егер мен бұған жетпесем, өмір сымен бітпейді. Мен бәрібірде бақытты боламын(қалағандай болмаса да).
Немесе: «Мен сәтсіздіктерді, көпшіліктің қолдауының жоқтығын, ыңғайсыздықты жек көремін...» - және қорытындылай келе: «бірақ мен сәтсіздікке ұшырасам, көпшіліктің жаман көз қарасын немесе ауырпалықты сезінсем, мен бұған төзем, басымнан кешірем. Бұдан мен өлмеймін. Мен бәрібір, бұл қиыншылыққа қарамастан бақытты болам (қалағандай болмаса да)».Өзіңізді соңғы рет қашан абыржулы болғаныңызды есіңізге түсіріңізші. Сізді не алаңдатты? Бейтаныс адамдармен кездесу ме? Жұмыстағы ісіңіздің жағдайы ма? Сіздің жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңыз ба? Емтихан ба? Жұмысқа орналасу үшін сынақ па? Шахмат немесе тенистен болатын партия ма? Университетке түсу ме? Ауыр диагноз қауіпі ме? Сізге деген әділетсіз қарым-қатынас.
Сіздің алдыңызда қандай «керек», «міндеттісін» деген жағдайлар тұрды, соны белгілеңіз.
-
«Мен осы адамдарға жақсы әсер қалдыруым керек!»
-
«Егер мені жұмыста бағаласын десем, онда мен мұны істеуім керек!»
-
«Маған бұл адам ұнайды, мен оның жақсы көз қарасына ие болуым керек!»
-
«Бұл емтихан өте маңызды. Мен оны «өте жақсы» тапсыруға міндеттімін!»
-
«Бұл өте жақсы орын, мен міндетті түрде жұмыс берушіге ұнауым керек».
-
«Егер мен бұл тенис партиясын ұтсам (немесе шахмат партиясын), онда мен барлығына жақсы ойыншы екенімді дәлелдеймін. Сондықтан мен ұтуға міндеттімін!»
-
«Мен бара жатқан мектеп өте жақсы, мен сонда түскім келеді. Яғни мен оған түсуге міндеттімін, әйтпесе бұл өте өкіншті болады!»
-
«Егер менде бұл қорқынышты ауру болса, бұл өте жаман болар еді, бұл шыдамастай болар еді. Бұл ауру менде нақты жоқ екендігін білуім керек!»
-
«Мен оларға жақсы қарым-қатынаста болдым, сондықтан оларда маған жақсы қарым-қатынаста болулары міндетті. Олар менімен әділетсіз болмауы керек. Олардың бұлай істейтіні өте жаман!»
Сіздің өзіңізге қойған талаптарыңызға ұқсайтын сөздерді мысалдардан табыңыз. Жақында болған депрессияңызбен де соны істеңіз. Оның себебін табыңыз және осы депрессияға себепші болған талаптарды табыңыз. Мысалы:
-«Мен осы жұмысты алғым келгендіктен, мен жақсы дайындалып келуім керек еді, бірақ мен мұны ітемедім, яғни бұл жұмысқа лайықты емес идиотпын!»
-«»Мен жеңу үшін көп жаттығуым керек еді, бірақ мен керекгінше жаттықпадым, бұл менің жалқау мыжын екнімді дәлелдейді, мен ешнәрседе жетістікке жетпеймін, теннисте де, басқада істерде де!» Өз-өзіне, басқа адамдарға және шынайы өмір жағдайларына зерттеушілік көзқарасты қалай қалыптастыруға болады? Сіз осы әдістерді өз-өзіне, басқа адамдарға, қоршаған әлеммен қарым-қатынасында қалай қолдана аласыз?
Ғылым фактілерге және шынайылыққа, сонымен қатар логикалық ойлауға сүйенеді. Бірақ ғылым «бәрі немесе ештене» сияқты ойлаудан аулақ болады және әр құбылыстың басқада жақтары болатынын ылғида есіне сақтап жүреді.. сондықтан шындықта кейде қарама қайшылықтар болады.
Ғылыми-зерттеушілік ойлаудың негізгі ережелері мынандай:
-
Біз әлемде болып жатқан барлық жағдайларды, ол бізге ұнамаса да, оны өзгеркіміз келсе де, оны «шындық» деп түсінуге келісейік. Біз ылғида фактілердің шынайы екеніне немесе оның өзгеріп кеткеніне көз жеткізу үшін тексереміз және бақлаймыз. Бұл шынықты бақылау әдісін ғылымның эмпирикалық әдісі деп атаймыз.
-
Біз ғылыми заңдылықтарды, теорияларды, гипотизаларды логикалы және рет-ретімен түсіндіреміз, негізгі сәттерінде қарама-қайшылықтарды тудырмауға тырысвмыз, сонымен қатар жалған, шындыққа сәйкес емес «фактілерді» болдырмау. Егер теория фактілермен, логикамен дәлелденбесе, онда біз теорияны өзгертеміз.
-
Ғылым икемділікпен, догматизмнің жоқтығымен ерекшеленеді. Ғылым барлық идеяларға күмәнмен қарайды. Ғылым әр кез өзінің теорияларын өзгертуге даяр, ол жаңа ақппараттардың пайда болуына байланысты.
-
Ғылым дәлелдеуге келмейтін теорияларды қарастырмайды, мысалы, шайтандр, көрінбейтін күшті күштер туралы идеяларды.
-
Ғылым дүниеде жақсылық жасағанға шарапат және жаман қылық істегендерді жауапқа тартылуы туралы идеяларға күмәнмен қарайды, ғаламда жақсы мен жаманның абсалютті стандарты жоқ деп қарастырады.
-
Адамдардың қарым-қатынастары және қылық-әрекеті туралы ғылым ешқандай абсалютті ережелерді ұсынбайды. Егер адамдар өздері стандарттарды, ережелерді, мақсаттарды қойғандықтан, ғылым соған сәйкес адамдарның өмір сүру жағдайларын, қылық-әрекеттерін зерттеп, адам өзіне қойған талаптарды орындап жатқаны туралы ой қорытындыларын айта алады, сонымен қатар жаңа тиімді мақсаттарды, жолдарды көрсетіп түсіндіре алады. Ғылым өзімізге лайықты өмірді құру туралы тек қана меңзей алады.
РЭТ негізгі көңілін бұрыңғы кезіңізде сіздің ата-анаңыз немесе басқа адамдар сізге не айтқанына, не істегеніне емес, сіздің не істегеніне, не ойлағаныңызға бөледі. Сондай-ақ РЭТ сіздің қазір не сезініп, не ойлайтыныңызды көрсетеді және өзіңіздің осал позицияныңызды қайтып өзгертуге болатынын үйретеді. Өзіңіздің РЭТ біліміңзді қолданып, өзііздіжабырқатып, балалық кезіңізде сіз өзіңізге қандай талаптар қойдыңыз, және содан нені әлі күнге дейін қолданып жүргеніізді талдаңыз.
Егер де сіз өзіңізді бір ерекше адам деп санайсыз ба, онда өз ойыңызда «міндеттімін», «тиістімін» деген сөзді табыңыз. Сонда сіз мысалға осылайша пайымдайсыз. «Мен мұны жақсы істедім, өйткені ол солай болу керек. Керемет. Осы жетістігім мені адам қылды». Немесе «мен оны жақсы істедім, сондықтан адамдар мені ерекше адам деп санайды. Маған олардың мені сондай деп ойлаған өте қажет, сол кезде ғана мен қанағат бола алам». Егер де сіз өзіізді жөнсіз жаман немесе жақсы немесе жақсы сезінесіз, онда ұнамсыз, жағымсыз қасиеттерді тізім ретінде жазыңыз. Жағымсыз эмоцияларға байланысты, мысалға, депрессия, өзіңізге деген кінә сезіміңізді, эмоцияңызды орындау онай. Бірақ сіздің жөнсіз жағымды эмоцияңыздың басқа да жақтары бар. Мысалға, егер де сіз өзіңізді ұлы адам немесе басқалардан өзгеше деп ойласаңыз, онда осы жағдай ұнамсыз салдарға апарады. Мысалы,
-
Сіз барлығын жақсы істейсіз деп реалсыз болды.
-
Қоршағандарға деген эгоисттік, өзімшілдік, басқаларды сынамау деген қатынас.
-
Сізге болашақта барлық жағынан жоғарғы деңгейді ұстану қажет емес, өйткені сіз барлық жағынан күштісізді.
-
Сізді барлық қоршаған адамдар ерекше деп санағаны, бірақ болашақта сізден көңілі қалып қала ма, деген ой сізді қобалжытады.
-
Сіз ылғида биіктен көріну керек, сіз сондықтан сәтіздік сізге котострофалы болады.
-
Барлық уақытыңызды істейтін іске жұмсамау.
-
Менсініп қалуымен сіз басқалармен қарым-қатынасыңызды жоғалттыңыз.
-
Өз жұмысыңызға тым көп көңіл бөлгенсіз, өзіңізді стресстік жағдайға апарасыз. Өзіңіздің денсаулығыңызға қауіп төндіресіз.
Көптеген терапия түрлері, соның ішінде бихевиоральдісі невротикалық симптомдарды- фобиялар, жабысқақ күйлер, ауыртпалы құмарлықтарды шешуге көмектеседі. Ал терапияның басқа түрлері, мысалы: экзистенциялды немесе психоаналитикалық түрлері «тереңірек» баруға ұмтылады, яғни пациенттердің философиялық көзқарастарын өзгертіп, осы симптомдарға болашақта төтеп беруіне көмектеседі.
РЭТ алдыға жылжып, жаңа тереңдетілен өмірлік философияны өндеуді, сонымен қоса симптоидарды жоюды мақсат тұтады. Ол адамдарға невротикалық проблемалардан туындайтын депрессия және қобалжудан құтылуға көмектеседі.
«Психотерапиядағы ақыл- ой және эмоция», «Ақылды өмірге жаңа жол» атты еңбектерде тышқандарға лабораториялық тұрғыда тәжірибе жүргізіліп, олардың еш нәрсеге алан болмайтындығы, невротикалық аурулармен ауырмайтындығы байқалды. Ал адамдар керсінше болады. Қобалжымау керек екендігін біле тұра, оның қаншалықты денсаулыққа зиянды екенін біле тұра болып жатқан жағдайға өзін жауапты қылып қояды. Олар қобалжулары үшін депрессияға түседі. Осының барлығынан өз- өзін аяй бастайды.
РЭТ- ті сырттан ғана қарастырғанға қарамастан ол жаулап алған терапия болып саналады. Әдістің тереңділігінің жоқтығын қатесіз болжайтын себебі- оның оңай және барлығы тез түсіне алатындығында жатыр. Осы жерде РЭТ барлық емдеу әдістерінен асып түседі, яғни әрбір адамды, оған қоса сізді де- айналадағы адамдарға және қоршаған ортаға әсер ететін және олар жағынан әсер етуіне ұшыраған тұлға ретінде қарастырады. РЭТ терапияның басқа түрлерімен салыстырғанда жүйелендірілген, яғни сізге бастапқы күнделікті қиындықтан туындаған проблемаларды және бір уақытта олармен байланысты эмоционплды проблемаларды шешуге көмектеседі. РЭТ өзінің бастауынан ең үлкен әртүрлі интеллектуалды, эмоционалды, белсенді әрекет- қылықтық әдістерді қолданады. Көптеген жылдар ішінде көп жаңа әдістемелер қосты, бірақ Арнольд Лазарустың айтуынша РЭТ әрдайын мультимодельді терапия болып қалады.
№ 15 Дәріс
Тақырыбы: Мінез-құлық терапиясы.
Сұрақтары:
1.Мінез-құлық терапиясына сипаттама.
2.Негізгі әдістемелік ерекшеліктері.
3.Жағдайларға байланысты қолданылуы.
Мінез – адамның негізгі өмірін, бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Мінез – адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінез-құлық терапиясының негізін салушы австрия психотерапевті Д.Вольпе (1958 ж). Негізгі мақсаты: фобиялық реакциялар мен өте жоғарғы деңгейдегі үрейлену жағдайларынан арылу. Ерекшелігі: терең релаксация арқылы фобия мен қорқыныш сезімдеріндегі адамдармен жұмыста қолданылады. Қолданатын негізгі әдісі: сенсибилизация және десенсибилизация әдістер жүйесі. Сенсибилизация – ішкі психикалық факторлардың әсерінен анализаторлар сезімталдылығының жоғарлауы, десенсибилизация – (қарама-қарсы) – жүйелеу әдістері мен адекватсыз сезімдердің әлсіреуі:
-
1. Монофобия.
-
2. Үрейлендірудің күшейтілуі.
-
3. Жоғары үрейлену реакциясы (бас ауруы, сақина ұстауы, асқазан – ішек ауруы,т.б).
-
4. Қорқыныш пен үрейлердің жоғарғы жиілігі.
-
5. Қорқыныш пен үрейден құтылуға ұмтылыс.
-
6. Қашу, құтылу реакциясы (көп жағдайларда дезадаптивті қылық -әрекеттер туындайды, мысалы, жасөспірімдер кезеңдегі алкоголизм, наркомания,т.б.).
Иммерциондық әдістер – қорқыныштарды коррекциялауға арналған. Имплазиялар - қорқыныш қиялдарын тудыру, қарқынды үрей мен қорқыныш қиялын тудыру арқылы нақтылы өмірдегі қорқыныш сезімдерін азайту. Пародаксальды интенция – негізін салушы В.Франкл, үрейдің алдын – алу. Жетондық жүйе – негізін салушы Б.Скиннер, «модельге» (үлгіге) – сүйене отырып келісу. Адамның әлеуметтік рөліне сәйкес мінез-қылығын өзгерту. Мысалы, ақша немесе басқа да материал құндылықтарды «жетонға» (бақытқа, денсаулыққа,т.б) алмастыру. Морита – 1921 жылы Жапонияда қалыптасқан әді, жеке адамның коррекциясына бағытталған. «Шин – кей – шит - цу» - адамның эгоцентрлік келбеті, адамның өмірлік үлкен күштерінің интеллектік ағымдары мен үйлесімділігі. Өмірлік қажетті күш-қайраты бар адам өзін-өзі сақтай алады және тәні мен рухани жетілуіне ұмтылады.
«Холдинг» - «ұстау» - деген мағынада. Эмоциялық бұзылулардың кең таралған түрлерін коррекциялауда қолданылады. Негізін салушы медицина ғылымының докторы М.Велш, «аналар орталығының» жетекшісі. Россияда 1987 жылы Никольская О.С. енгізген. Бұл әдісті «өткір әдіс», «драмалық әдіс» немесе «шок» деп те атайды. Көбінесе аутизм, мутизммен ауырған балалармен жүргізіледі, соңынан эмоциялық әлсіреу туындайды.
«Имаго» - «образ-бейне» мағынасы, негізін 1966 жылы Вольперт И.Е. салған. Кореккциялық мақсатта клиенттің арнайы бейнелер комплексін жандандыра алуға жаттықтыру әдісі.
Өмірдегі қиындық жағдайларға қалыпты бейімделуге, коммуникативті мумкіндіктерін кеңейтуге, бейнелерді жандандыру қабілетін дамытуға, өмірлік тәжірибелерін қарқындатуға уйрету.
Психотерапиялық көмекке қойылатын талаптар:
-
адамның қарым – қатынас «тілін», сөйлеуін терең зерттеу және сол «тілде» сөйлеу;
-
адамды сендірудің нәзік техникасы реструктурлеу: қарапайым ойды когнитивті өзгертуден метафораларды және парадоксальды реструктурлеуді қолдануға дейін;
-
негативті лингвистикалық формалардан қашу;
-
парадоксты күтпеген, әдеттен тыс, ойда жоқ, ғажайып және парадоксальды коммуникация қолдану.
№ 16 Дәріс
Тақырыбы: Топтық психотерапия. Психодрама
Сұрақтары:
-
Топтық психотерапияның негізгі ерекшеліктері.
-
Оған қойылатын талаптар
3. Психодраманың маңызы. Жүргізу техникасы
Негізін салушы Роберто Ассаджиоли. Психосинтез З. Фрейдтің «психоанализ» теориясына қарама-қарсы. Р. Ассаджиолидың ойы бойынша психоанализдың зерттеулері адам психикасын терең білуге жеткілікті түрде көмектесе алмайды. Психосинтез – адам бойындағы көптеген мүмкіншіліктердің қарама-қайшылықтары мен үзіліссіз қарым-қатынасы. Сондықтан психосинтез жеке адамның:
-
ең алдымен, дамуы мен жетілуіне;
-
одан кейін, өзінің «менімен» қарым-қатынас үйлесімділігіне бағытталған;
Психосинтез адамның негізгі проблемасына емес, нәтижеге бағытталған мақсаты мен позитивті мотивациясына ерекше көңіл аударады. Ассаджиоли жеке адамның құрылымын немесе «ішкі дүниесінің картасын» былайша ұсынады:
1 – адамның ең қарапайым бөлігі , психикалық әрекеттің қарапайым формалары, денені басқару, қарапайым қозулар мен негізгі құмарту, түс көру, фантазия, парапсихологиялық орталықтар, жеке адам дамуының бастауы.
2 – барлық психологиялық жағдайлармен дағдылар аймағы, тәжірибені жинақтау,ой туады; орта санасыз бен сана байланысып, біріне – бірі өтеді.
3 – суперсанасыз: шабыт, творчество, батылдық және басқа жоғарғы сезімдердің қалыптасуы, сондай-ақ жоғарғы парапсихологиялық функциялар мен рухани энергия қалыптасады немесе жеке адам дамуына резерві.
4 – саналы аймақ, түйсіктер, ойлар, қажеттіліктер бақылау мен талдауға лайықты деңгей.
5 – ең жоғарғы саналы аймақ.
6 – біздің нағыз, ақиқат негізіміз, ол өзгермейді, жоғалмайды.
Жеке адам дамуының басталуы: 1 – төменгі санасыз, 2 – орта санасыз, 3 – жоғарғы санасыз, 4 – сана аймағы , 5 – саналы, 6 – жоғарғы «мен», 7 – ұжымдық, топтық санасыздық. Ассаджиолидің шәкірті Пьеро Ферруччи «Мен»-ді екіге бөледі:
-
персональды «Мен»
-
трасперсональды «Мен» Персональды «Мен» - психикалық саулықты
шарты. Трасперсональды «Мен» - рухани жетілудің белгісі.
Ассаджиолидің психосинтез әдісі мынандай міндеттерге бағытталған:
-
өзінің нақты «Мені» - не жету;
-
ішкі гармония негізде ғана жету;
-
қоршаған ортамен, айналадағы адамдармен адекватты қарым-қатынас орнату;
Ол үшін –Адам өзін-өзі терең танып, білуі керек.
-
Жеке адамның әртүрлі элементтеріне бақылау.
-
Субжекеадамдармен жұмыс істеу (негізгі құралдары: дене, эмоциялар, ой)
Субжекеадам психикалық жарақаттардан пайда болады. Субжекеадаммен жұмыс істеу кезеңдері (Руффлер 1998):
-
тану, түсіну
-
қабылдау
-
кооридация және трасформация
-
интеграция
-
синтез
Психодраманың негізін салушы Якоб Леви Морено (1892- 1974) социометрияның негізі болып табылатыны белгілі. Мореноның негізгі идеяларының негізі тұлғаның творчестволық менін жүзеге асыруға бағытталады. Оларға «кентеттен театр» шығарылғанының не үшін екенін, яғни оқылған рөлдің тұлға мағынасын міндетті емес, бірақ өзін- өзі көрсету мүмкіндіктері шексіз болады. Психодрама әдісі емдік әдіс ретінде де болуы мүмкін. Бұл яғни Мореноның сахнада қойған белгілі бір әдістің күйеумен арасындағы конфликтідегі тарихты қойды. Ол осының негізінде туындады.
Психодрамада негізгі орынды рөлдік ойындар әдістемесі алады. Психодрама мінез- құлықтың тұрақты моделін мүмкіндіктерін жеңуге мүмкіндік береді.
Морено бойынша, шығармашылықтың негізі- бұл қажеттілік, яғни бұл хаосқа тәуелді емес, сондықтан жаңаға адекватты жауапты ұсынады. Сонымен қатар кенеттік әрекет шығармашылық актіге әкелуі мүмкін.
Кенеттілік гештальт принципіне негізделеді, «осы жерде және қазір». Практикада бұл қарым- қатынас проблемасы сөздік формада талқыланбайды. Психодрама- тұлғаға маңызды жағдайларға немесе болашақ туралы фантазия туралы объектілеуге мүмкіндік береді.
Психодрама басқа да маңызды түсініктері - дене сөзімен байланыстырылады. Дене- бұл терең эмоционалды қатынас болып табылады. Психодрамада сонымен қатар «катарсис» түсініг кең түрде қолданылады. Бірақ та катарсисте тек қана көрермендер ғана зерттелінбейді, актерлер өздерінің проблемаларын шешіп, драмалық әрекет барысында одан өздерін босатады.
Бірақ та, психодрамалық әрекеттің соңғы нәтижесі «инсайт» болып табылады, проблемді ситуацияны қабылдау, жаңа түсініктің туындауы, яғни нәтижесінде бұл проблема болуын қояды: бұл бірден шешілетін болады.
Психодрамада топтың жетекшісі (психотерапевт) режиссер топтардың драмалық әрекетін топтардың мүшелерінің сұраныстарына сәйкес ұйымдастырады, топ мүшелерінің сәтсіз мінез- құлық формаларын өзгертуге көмектеседі, қатысушылардың мінез- құлықтарын интерпретациялайды. Берілген этапта топ мүшелерінің жұмысын протогонист деп атайды. Режиссердің көмегімен аудиториялар мен арнайы шығармашылық тәсілдерін протогонист жүзеге асырады, яғни сахналық әрекеттерді, өмірлік проблемаларын шешуге көмектеседі. Протогонист өмірінің мағыналы рөлін көмекші мен деп атайды, оны сол немесе басқа қатысушы топтың қатысып, ойнай алады. Көмекші «меннің» негізгі мақсаты протогонистің рөлін, яғни психодрамалық әрекетті жүзеге асыруға бағытталады, бірақ та қарым- қатынастың негізгі аспектілері конфликтерді тұлғааралық және өзінің ішкі шешімін терапевтілік бағытта шешуге бағытталады. Аудитория берілген психодрамалық әрекеттің рөлін ойнамайтын адамдар ұжымын құрады.
№ 17 Дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |