Психотерапия технологиялары


Субмодальдылықтармен жұмыс жасау техникасы



бет19/43
Дата27.03.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471159
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43
АР ЖУНУСОВА ПСИХОТЕРАПИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. ПАВЛОДАР. КЕРЕКУ, 2010

Субмодальдылықтармен жұмыс жасау техникасы психотерапевт клиенттің эмоциональдық өзгерісімен өзара байланысын бақылай отыра, біртіндеп қабылдау көрсеткіштерінің бірін ауыстыруында болып табылады (өлшем, қашықтық, ашықтық, түс, нақтылық және т.б.). Осылай, мысалы, фобияның іске қосу механизмі ретінде жұмыс жасайтын шамаланатын сәттіліктің елестетін суреті түрлі түсті/ақ-қара, жақын/алыс, нақты/бұлдыр қылып жасау туралы терапевттің өтінішіне байланысты болжанатын жағдаят бойынша клиент күйзелісін сапалы және сандық түрде өзгерте алады.
Модальдылық спектрін кеңейту үшін қондыру техникасы қолданылады. Қондыру бастапқы репрезентативтік жүйеден басталады. Тиісті вербальды предикаттарды пайдалана отыра, психотерапевт бір жақын субмодальдылықты біртіндеп қондыру жолымен күннің жарығынан терек басындағы желдің шуына, қолдағы алманың ауырлығына, ауыз қуыратын дәмге ауыса алады және т.б.
Субмодальдылықпен жұмыс жасау маңызды шешімдер қабалдау алдында жүретін күмән мен сенімсіздікпен жұмыс жасауға бағытталған шешімдер қабылдау техникасында қолданылады.
Басында терапевт клиентті шешім қабылдауға бөгет болатын күмән туралы ойлауды өтінеді. Одан кейін клиент осы жағдаят оған толығымен түсінікті жәе ешқандай күмән мен қиындықтар тудырмайтынын анықтау қажет. Одан кейін терапевт және клиент күмән түсінуден қандай субмодальдылықтармен ажыратылатынын салыстырады? Картина өлшемімен? Ашықтық? Қарама-қарсылықпен? Жойылумен? Қөзғалмалылығымен? Кемінде екі айырмашылық табылса, клиент күмән картинасын түсіну картинасына ұқсастырып өзгертуге көреді. Егер олай жасалмаса, клиент ижәне терапевт қосымша айырмашылықтарды іздейді, одан кейін үдеріс қайталанады.
Пікірлердің шындықтағы қаншалықты орныққанын тексеру үшін НЛБ-да «қалай екен» техникасы қолданылады — клиентті «қалай екен» ол жасай алмайтын нәрсені жасауға өтінеді. Мысалы, терапевт клиентті оның бойында жоқ, тілекті қасиеттері бар адам рөлін ойнауды өтінеді. Егер адамның мәселелері шектейтін пікірлер әсерімен байланысты ғана болса, клиент қолайлы жағдайда бойындағы бар жасырын мүмкіндіктерін аша бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет