Психотерапия технологиялары



бет20/43
Дата27.03.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471159
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
АР ЖУНУСОВА ПСИХОТЕРАПИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. ПАВЛОДАР. КЕРЕКУ, 2010

Күмәнмен жұмыс жасау. Клиент өзінің неғұрлым табысқа жетуге кедергі болатын үш сенімін белгілеу керек, одан кейін терапевт олардың клиенттің қазіргі және болашақтағы өмірінде әсерін бақылауға көмектеседі. Одан кейін үзіліс жасалып, клиент өмірін жақсартатын жаңа үш сенімін ойластыру керек. Енді терапевт және клиент бірлесіп осы жаңа сенімдердің қаншалықты пөзитивті әсер ететінін бақылайды — жақындағы және ұзақ мерзіміді болашақта. Үшінші кезеңде, клиент «айырмашылықты сезінгенде» оны клиент өзгерткісі келетін шектейтін сенімді таңдауын сұрайды. Терапевт клиенттен күмәнмен байланысты ойлар мен сезімдерді жинақтауын срайды. Сенім де, күмән де модалды және субмодалды деңгейде толығымен зерттеледі, оның үстіне басты мән олардың түсініктеріндегі айырмашылыққа беріледі.
Барлық айырмашылықтарды анықтап, терапевт пен клиент әр субмодальдылықты зерттеп, неғұрлым жақсы «жұмыс жасайтынын» (жиынтық) табуға тырысады Қорытынды кезеңде шектейтін сенімдер анықталған субмодальдылықтар арқылы күмәнға айналады. Егер науқас күмән негізінде неғұрлым жаңа тиімді және табысты жеке сенімді қалыптастыра алатын жеткілікті жетілген болса, психотерапия аяқталады. Керісінше болса, терапияның қосымша кезеңі сол анықталған субмодальдылықтарды пайдаланып терапевт күмәнді жалпы қолданылатын «табысты» сендіруге айналдыратындығында болады. Бұл жағдайда қондырылатын сендірудің психологиялық экологиялылығы өте маңызды — оны егер клиент ешқандай ішкі қарсыласуды сезіп-естімесе ғана жасауға болады.
Мәселелі сендірудің талдауы. Клиентті оның мәселелі сендіру мәні неде және оның қаншалықты ақиқатқа сай екендігі туралы ойлануын сұрайды. Клиент ойланғанша, терапевт мұқият оның көзінің ауызша емес реакиялары мен қөзғалыстарын бақылайды. Кез келген сәтсіздік туралы ойлар жағымсыз сезімдермен немесе бұрын пәлеге ұшыраған суреттермен, немесе ішкі дауыспен немесе осылардың барлығымен бір уақытта қабаттасады деп айтылады. Сондықтан терапевт бұл кезде әр репрезентативтік жүйеде не болып жатқанын анықтау керек.
Одан кейін клиент төменге және оң жаққа қарап, өз түйсінулерімен өзара байланысу керек. Кейін келесі сұрақтарға жауап беру керек: бұл түйсінулердің клиент өміріндегі рөлі қандай, олар оны сезімнен оятып қорғайды ма, олар пөзитивті ме? Дәл солай клиент төменге және сол жаққа қарайды. Енді ол сәтсіздікті еске алғанда айтылған сөздерді талдайды. Ол келесі сұраққа жауап беру керек: бұл сөздерден пайда табуға бола ма? Бұдан кейін клиент жоғарыға және сол жаққа қарау керек. Бұл ретте ол көру жағымсыз естеліктермен байланысты бейнелерін талдайды және келесі сұраққа жауап береді: осылардың көмегімен бір нәрсе үйренуге бола ма? Сәтсіздікті еске алғанда әр репрезентативтік жүйеде не болып жатқанын анықталғанда, клиент неғұрлым реалистік түрде мәселелі жағдаятты бағалау керек.
Мұндағы дұрыс сәттерін тауып, соның негізінде мақсатқа жетудің неғұрлым жетілген тәсілін жасау керек. Сонымен бірге кейін кинестетикалық түрде бекітілетін осы тәсілдің негізгі көзбен көретін, аудиалды және кинестетикалық субмодальдылықтары белгіленеді. Сонымен клиентті оның жеткісі келетін мақсаттың көбен көретін бейнесін құру үшін жоғарыға және оң жаққа қарауды өтінеді. Бұл бейне өзіне түйсінулермен, мәселелі сезінумен байланысты суреттер мен сөздермен жасаған жұмыстан шыққан дұрыс сәттерді біріктіру керек. Осымен бірге, мүмкін, мақсаттың өзі де өзгеретін шығар. Сонымен бірге барлық құрылған өзгерістер экологиялық, яғни басқа сендірулермен өзара үйлесімді болғандығы маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет