Психотерапия технологиялары



бет42/43
Дата27.03.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471159
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
АР ЖУНУСОВА ПСИХОТЕРАПИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. ПАВЛОДАР. КЕРЕКУ, 2010

Клиенттің кері байланысы – психологиялық кеңестен ксйіші, кеңес барысьшда алынған ұсыныстарды клиентгің орындау үдерісінде, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынасы. Сонымен бірге клиент өз мәселесін шешуіне байланысты кылыктарын түзетуге де мүмкіндік туғызады. Клиентті бағаламау — психолог-кеңесшінің клиенттің түлға-лығына немесе қылығына «жақсы» немесе «нашар» деген баға беруден бас тартуы; психолог-кеңесшінің клиешті сол күйінде тұлға ретіңде қабылдауға ыңғйы.
Когнитивтік психология – қазіргі психологиядағы таным әрекеттерін зерттейтін жетекші бағыттарынын бірі. Әуел баста когнитивтік психологиянын басты міндеті — сенсорлык ақпараттың стимулдың рецепторлық бетке түскен сәтінен жауап алынганга дейінгі өзгерулерін зерттеу болды. К.п. бихевиоризм мен психологиялық талдауды интеллектуалистік немесе менталистік позициялардан сынайтын барлық бағыттарды қамтиды.
Когнитивті психологиялық кеңес – клиентте танымдық үдерістерді дамыту және қалыптастыру мәселелері негізінде жүргізілетін психологиялық кеңес. Когнитивтік сфера — адамның өзі және әлем туралы ойларының танымдық үдерістері мен санасына байланысты адам психологиясының бөлімі. Когнитивтік даму — адамның когнитивті сферасының, оның қабылдауы, зейіні, қиялы, есі, ойлау және сөйлеуінің қалыптасуы мен даму үдерісі. Когнитивті үдерістер — адамдағы сезу, қабылдау, қиялдау, зейін, есте сақтау, ойлау жоне сойлеу үдерістсрін қамтитын танымдық үдерістер.
Гештальтпсихология – (нем. gestalt - пішін, тұтастық) - шетелдік психологияның сенсуалистік бағыты, 1912 ж. Гермапияда пайда болған. Гипнотерапияның ізашары X. Фон Эренфельс (1859-1932) болып табылады. Басты өкілдері: М. Вертгеймер (1880-1944), В Келер (1887-1967) және К. Коффка (1886-1941).
Гештальтерапия – гештальтпсихологияның теориясына негізделген, адамға психотерапевтік ықпал ететін әдістер және процедуралар жүйесі — психологиялык зерттеулердің аумағы, тұтастық құрылымының қызметтері мен зандарын алғышарт ретінде қарастырып, соның нәтижесінде олардың арасындағы байланыстары түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет