саломас негізінде дайындалған қатты кондитер майы.
Гидрофобты синтетикалық негізге «
Суппорин-М» де жатады.Бұл өндіріске енгізіліп
отырған жаңа негіз (1992 ж.).
Эмульгатор Т-2 - 5% Негіз ашық сары түсті,
әлсіз өзіне тән иісі бар, 18°С температурада
біркелкі, қатты масса. Балқу температурасы 35-37°С, қату температурасы - 28,5°С.
Суппозиторийлер
негізіне бірқатар талаптар қойылады:
-бапқу температурасы томен (37°С-тан жогары емес) болуы тиіс;
-суппозиторийлердің сырт түрінің
өзгеруін болдырмайтын, бөлме температурасында
тиісті консистенциясын сақтау үшін, қаттылыгы жеткілікті болуы тиіс;
-физиологиялық индифферентті;
-тітіркендіру
әсерінің болмауы;
-дәрілік заттармен әрекеттеспеуі керек;
-сактау кезінде тұрақты болуы тиіс.
Суппозиторийлерді дайындау тәсілдері
Қолмен илеу әдісі. Қолмен илеу әдісімен суппозиторийлерді дайындау
арнайы құрал-
жабдықты қажет етпейді. Бұл әдіспен дәрілік заттың негізде біркелкі таралуы қамтамасыз
етіледі. Бірақ қолмен илеу әдісімен суппозиторийлерді дайындау экономикалық жағынан
тиімді емес, себебі механизацияның жоқтығы көп қол
еңбегін қажет етеді, ал дайын өнімнің
сыртқы түрі қалыпқа құю әдісімен дайындалған суппозиторийлерден сапасы төмендеу.
Достарыңызбен бөлісу: