Птл теория Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар және оларды қамтамасыз ету әдістері


Қолданылатын жері бойынша емдік жақпа майлардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет33/47
Дата20.05.2024
өлшемі0.57 Mb.
#501522
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47
птл сурак есеп

Қолданылатын жері бойынша емдік жақпа майлардың жіктелуі: 
1) Жақпа майлардың өзі (Unguenta dermatologica) дерматологиялық жағар майлар. 
2) Мұрынға арналған жақпа майлар – Unguenta nasalis және Unguenta rinalis. 
3) Көзге арналған жақпа майлар – Unguenta ophthalmica. 
4) Вагиналды – Unguenta vaginalis. 
5) Уретралды – Unguenta urethralis. 
6) Ректалды – Unguenta rectalis. 
Технологиялық жіктелуі. Жақпа майлардағы дәрілік заттардың дисперстік дәрежесі заттардың 
негізде таралуын көрсетеді. Осыған байланысты жақпа майлар: 
1. Гомогенді жақпа майлар. Гомогенді жақпа майларда дәрілік затпен негіз арасында фаза 
аралық бөліну болмайды. Мұндай жақпа майларда дәрілік заттар, негізде молекулалық немесе 
мицеллярлық дисперске дейін жеткізілген, ерітінді түрінде таралады. 
Гомегенді жақпа майлар алынуы бойынша: 
ерітінді жақпа майлар
• балқыма жақпа майлар; 
• экстракциялық жақпа майлар болып жіктеледі. 
2. Гетерогенді жақпа майлар. Гетерогенді жақпа майларда дәрілік зат пен негіз арасында фаза 
аралық бөліну болады. 
Гетерогенді жақпа майлар мына төмендегідей болып жіктеледі: 
• суспензиялық; 
• эмульциялық; 
• аралас. 
Негіздердің жіктелуі олардың химиялық табиғатына негізделген, ол жіктелулер мыналар: 
• гидрофобты (липофильді); 
• гидрофильді; 
• гидрофобты – гидрофильді (дифильді); 
Негіздерге қойылатын талаптар: 
• жұмсақ консистенциялылығы (оны теріге және клегейлі қабаттарға жағуға қолайлы болуы); 
• физикалық-химиялық тұрақтылығы (олардың дәрілік заттармен әрекеттеспейтіндігі, сыртқы 
факторлардың, яғни ауа, жарық, ылғалдылық, температура әсерінен өзгермейтіндігі); 
• фармакологиялық индифферренттілігі және биологиялық қауіпсіздігі (аллергиялық, 
тітіркендіргіштік және сенсибилизациялық әсерінің жоқтығы ); 
• нейтралды болуы (терінің рН мәнінің бастапқы деңгейінде сақталуы); 
• сақтау кезіндегі және микроорганизмдерге тұрақтылығы (микроорганизмдердің қатысуы, 
қабынған терінің қайта қабынуына және дәрілік заттардың белсенділігінің төмендеуіне немесе 
консистенциясын өзгертеді, яғни осыған жол бермеу ) 
• жағылған жерден оңай кетуі (киімнен, теріден, әсіресе шаштың бөліктерінен оңай жуылуы); 
• қолданылатын мақсатына сәйкестігі (беттік әсер ететін жақпа майлардың негіздері дәрілік 
заттардың терең сіңірілуіне кедергі болуы керек, ал резорбтивті жағар майлардың негіздері 
керісінше терең сіңірілуін қамтамасыз етуі керек); 
арзан және тиімді болуы
• жақсы тауарлық түрінің болуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет