Птл теория Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар және оларды қамтамасыз ету әдістері



Pdf көрінісі
бет5/47
Дата20.05.2024
өлшемі0.57 Mb.
#501522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
птл сурак есеп

Жинақтардың жіктелуі. Жинақтар мөлшерленуі, құрамы, медициналық тағайындалуы мен 
қолдану тәсілі бойынша жіктеледі.
Мөлшерлеу бойынша жинақтар мөлшерленбеген (species indivisi) және мөлшерленген (species 
divisi) болуы мүмкін. 
Құрамы бойынша жинақтар бір дәрілік өсімдік шикізатынан тұратын қарапайым, және 
бірнеше өсімдіктер мен басқа дәрілік заттардан тұратын күрделі болуы мүмкін.
Медициналық тағайындалуына байланысты булауға арналған жұмсартқыш жинақтар (species 
ad cataplasmata), тұнбаларды (шәйларды) және қайнатпаларды (species ad infusa et decocta) 
дайындауға арналған жинақтар, шегетін жинақтар (species fumales, cigarettae). 
Қолдану тәсіліне байланысты жинақтар ішуге (species as usum internum) және сыртқа (species 
as usum externum) қолдануға арналған деп бөлінеді. Біріншілерінен шәй немесе қайнатпа 
дайындалады. Жинақтың бұл түрі кеңінен тараған, және дәрілік препараттарды мерзімді түрде 
мысалы, іш айдауға, тәбет ашуға және т.б. қолдану қажет болған жағдайда қолданылады. 
Сыртқа қолданылатын жинақтар аз таралған және тамақты шаю үшін қолданылады (species ad 
gargarismata). Ылғалды булау және әсіресе құрғақ булау түрінде жинақтар, және де ваннаға 
арналған жинақтар одан да сирек қолданылады, өйткені олар заманауи иіс су бұйымдарымен 
алмастырылған. Шегілетін (ингаляциялық) жинақтар құрамында ұшатын әсер етуші заттары 
бар түтінді тікелей өкпеге енгізуге арналған. Бұл құрамында дәрілік өсімдік материалы бар 
қарапайым темекіні шегу арқылы жүзеге асырылады. Көбінесе демікпеге қарсы темекі 
қолданылады. 
Жинақтарды дайындау
Жинақтар технологиясы келесі сатылардан тұрады:
- Өсімдік материалын майдалау және елеу;
- Майдаланған өсімдік шикізатын араластыру;
- Жинақта тағайындалған тұздар, эфир майлары мен басқа дәрілік заттарды қосу. 
Майдалау.Жинақтардың құрамына кіретін, дәрілік шикізаттан әсер ететін заттардың жақсы 
сығындалуы үшін әр шикізат барлық уақытта жеке–жеке майдаланады. Майдалау өсімдік 
шикізатының құрылысы мен түріне байланысты. Өсімдіктің әртүрлі бөліктерін майдалаудың 
келесі ережелері бар: 
- Жапырақтарын, шөптері мен қабығын кесілген түрде қолданады (қайшымен, пышақпен, 
тамыр және шөп кескіштердің көмегімен кеседі), жемістері мен ұрықтарын езгілеу немесе 
білікті немесе басқа да диірменде ысқылап ұнтақтайды;
- Тамырлары мен тамырсабақтарын келіде ұнтақтайды (механикалық) немесе әртүрлі 
диірмендердің көмегімен езгілейді немесе ысқылайды;
- Гүлдері мен майда гүлшоғырларын бүтін, ұсақталмаған түрінде қолданған тиімді, өйткені, 
гүл тінін түзетін, жұқа қабатты паренхимасы, әсер етуші заттардың шығуына кедергі 
жасамайды.
Өсімдік шикізатын алғашқы майдалау галенді фабрикаларда немесе арнайы дайындау 
базаларында жүзеге асырылады. 
Елеу. Майдаланған өсімдік материалы бөлшектерінің өлшемі сәйкес електен елеу арқылы 
анықталады. Өсімдік материалы бөлшектерінің өлшемі жиі жинақтың тағайындалуымен 


анықталады. Сонымен, мысалы, шегілетін жинақтардың құрамына кіретін өсімдік бөлшектері 
МФ Х талаптарына сәйкес, бөлшектерінің көлемдері бірдей - жинақты дайындау үшін 
өсімдіктің қай бөлігін қолдануына қарамастан 2 мм болуы тиіс.
Араластыру. Дәріхана жағдайында өсімдік материалдарын, майдаланған және шаңнан 
еленген материалдарды араластыру парақ қағазының үстінде, кең келіде немесе фарфор 
табақшасында шпательдің, күрекшенің, целлулойдты пластинканың көмегімен жүргізіледі. 
Алдымен аз көлемде жазылған өсімдік материалдарын, содан кейін бөлшектеп көп мөлшерде 
жазылғандарын, біркелкі қоспа пайда болғанша араластырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет