Птл теория Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар және оларды қамтамасыз ету әдістері



Pdf көрінісі
бет7/47
Дата20.05.2024
өлшемі0.57 Mb.
#501522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
птл сурак есеп

2. Химиялық өзара әрекеттесуде қышқылдар мен сілтілердің концентрацияланған 
ерітінділерін араластыру кезінде суға жұқа ағыспен абайлап қосады.Химиялық өзара 
әрекеттесудің нәтижесінде негізгі алюминий ацетатының ерітіндісі, қорғасынның негізгі 
ацетатының ерітіндісі алынады.
3.Электрохимиялық әдіспен (электролизбен) Буров сұйықтығын алады. 
Суды электрохимиялық тазалау кәсіпорындардың ағынды суларын және табиғи ортаны 
тазарту әдісі ретінде қолданылады.Суға тұрақты ток берілетін электродтар түсіріледі. 
Электродтар мембранамен бөлінген, бұл католит пен анолитке араласуға мүмкіндік бермейді. 
Тұрақты электр тогын өткізу кезінде суда қышқыл мен сілтінің пайда болуы судың оттегіге 
және сутегіге ыдырау реакциясымен байланысты. Осы қышқыл және сілті суда бар 
қоспаларды ерімейтін жағдайға дейін жеткызеды. Ерімейтін қоспалар механикалық 
тазартумен шығарылады. Электрохимиялық тазартуға арналған жабдықты баптау кезінде 
барлық факторлар ескеріледі: ағынның жылдамдығы, ток күші және кернеу, тазартылған 
судың құрамы, электрод материалдары, орта температурасы және т.б. Осылайша,
реагенттерсіз су тазартылады, ол су кейіннен ерітінді дайындағанда турлы максаттарда 
қолданылады. 
4. Суспензиялар дәрілік қалыптар ретінде. Гидрофилді және гидрофобты заттардан 
дайындалатын суспензиялар ерекшеліктері. Суспензиялар сапасын бағалаудың негізгі 
критерийлері және олардың технологиясын жетілдіру бағытттары. 
Суспензия - сұйық дисперстік ортада ерімейтін қатты дисперстік фазадан тұратын ішуге, 
сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогенді сұйық дәрілік түр. Негізінен дәріханада 
дайын күйінде шығарылады, бірақ ұнтақ түрінде босатылып, су немесе басқа сұйықтықпен 
араластырылып жасалатын түрлері де бар. Ішке, сыртқа қабылдайтын және парэнтеральді деп 
бөлінеді. 
Артықшылықтары: олар тез терапевтік әсер көрсетеді, ұзақ әсер етеді, ағзадан тез 
шығарылады, суспензия түрінде еріткіштерде ерімейтін дәрілік заттарды босатуға болады, 
әсер ету белсенділігі бойынша суспензиялар ерітінділер мен майда ұнтақтар арасынан орын 
алады. Ұнтақтармен салыстырғанда суспензиялардағы бөлшектердің жоғары дисперстілігінен 
дәрілік заттар тез терапевтік әсер көрсетеді. Суда ерітілген дәрілік заттардың сулы ерітінділері 
ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар ұзақ әсер етеді.
Кемшіліктері: технологиясы қиын, тұрақсыз, сақтау мерзімі қысқа дәл дозаланбайды. 
Сондықтан суспензия түрінде улы және күшті әсер ететін дәрілік заттарды босату мүмкіндігі 
жоқ.
Құрамына және дайындау тәсіліне байланысты суспензиялар: Ірі суспензиялар (бөлшектерінің 
өл-шемдері 1-100 мкм аралығында), майда суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 0,1-1 мкм 
аралығында) бо-лып бөлінеді.
Суспензиялардың осмостық қысымы жоқ. Бөлшектер мөлшерінің үлкендігінен жартылай 
өткізгіш мем-бранадан диффузия құбылысы жүрмейді. Сондықтан сүзу немесе фильтрлеу 
процесі жүргізілмейді. Кине-тикалық тұрақсыз. Суспензияларға седиментация құбылысы тән, 
ауырлық күші әсерінен бөлшектер тұнбаға түседі. Егер бөлшектер бірбіріне жабыспай еркін 
тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақты деп атайды, ал егер бөлшектер молекулалық ілінісу 
күші әсерінен жабысып үлпектер түзіп тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақсыз деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет